Ресей Куба мен Вьетнамдағы әскери базаларына оралады

Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Николай Панков Куба мен Вьетнамда қайтадан Ресей әскери базалары болып қалуы мүмкін екенін айтты.

Қорғаныс ведомствосы басшысының айтуынша, бүгінде «бұл салада жұмыстар жасалып жатыр

Бұл ақпарды Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков те растады. Ол мұны қазіргі халықаралық жағдайдың «мейлінше қозғалмалы» болып отырғанымен түсіндірді.

«Халықаралық жағдай – статисті нәрсе емес, ол барынша қозғалыста. Соңғы екі жылдың ішінде жалпы халықаралық аренада не болып жатқанын көріп отырсыздар ғой, жалпы халықаралық қауіпсіздік саласындағы режим айтарлықтай өзгеріп кетті, сондықтан өзінің ұлттық мүдделеріне сәйкес барлық елдер бұл өзгерістерге өздерінше баға беріп, өзіне керекті деген белгілі бір шаралар қабылдауда», – деді баспасөз хатшысы.

Бұған Песков Вьетнам мен Кубадағы әскери базаларға қатысты «нақты да тура» мәселелермен қорғаныс министрлігінің айналысып жатқанын қосты.

Осының алдында АҚШ генералдары Ресеймен және Қытаймен кең ауқымды «қантөгістің» болатыны туралы болжам білдірген болатын
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"