Ресей армиясының қару-жарақтары арсеналына лазер қаруы қосылды

Лазер қаруының жеке үлгілері Ресей армиясының қару-жарақтары арсеналына қабылданды, деп хабарлайды РИА НовостиРесей Қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисовқа сілтеме жасап.

Ресей федералдық ядролық орталығы - бүкілресейлік эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институтының 70 жылдығына арналған салтанатты шара барысында Борисов жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қару жасаудың жүзеге асқанын атап өтті.

«Бұл таңсық дүние емес, эксперименттік үлгілер емес - лазер қаруының жеке үлгілерін қарулар қатарына қосып үлгердік», - деді Борисов.

Жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қару - дәстүрлі қару-жарақта (пышақ, мылтық) немесе жаппай қырып-жоятын (ядролық, химиялық, бактериологиялық) қаруларда пайдаланылмаған физикалық процесстер мен көріністер негізінде жасалған қару.

Операциялық принципіне байланысты, жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қару лазерлік, радиожиіліктік, шоғырлы, кинетикалық қару болып бөлінеді. 

Бұдан бұрын Борисов қаруланудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа физикалық қағидаттарға негізделген қарулар Ресей қарулы күштерінің келбетін  көрсететінін хабарлаған еді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"