Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын сала бастады

Шығыс Африкадағы Джибути мемлекетінде қару-жарақ пен жанармай қоймалары, кемелер мен тік ұшақтарға қызмет ету орындары орналасады. Сондай-ақ, мұнда шағын арнайы әскери бөлімді шоғырландыру көзделіп отыр. Осыған дейін Джибутиге теңізде сомалийлік қарақшылармен күрескен Қытай әскери кемелері кіріп жүрген. Айта кеткен жөн, Қытай әскери базасы АҚШ базасынан небары бірнеше шақырым қашықтықта орналасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл Пекиннің жаңа стратегиясының бір көрінісі. Ғасырлар бойы оқшаулану саясатын жүргізген Қытай енді әлемдік теңіз державасына айналуға ниетті. Жалпы шетелде ең көп 42 әскери базасы бар ел - АҚШ. 
Сонымен қатар, Ресей, Франция және Ұлыбританияның да өзге елдерде базалары бар.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи