Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ штабтық офицерлерінің курсы бойынша дайындықтан өтуде

Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ штабтық офицерлерінің курсы бойынша дайындықтан өтуде

«Бейбітшілік үшін серіктестік» (ҚАЗЦЕНТ) оқу-жаттығу орталығының базасында «Біріккен Ұлттар Ұйымының штабтық офицерлері» атты курсы басталды.

Курстың негізгі мақсаты ҚР ҚК әскери және азаматтық персоналы мен БҰҰ аясында бейтішлікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу үшін жоспарланатын Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өкілдерін жан-жақты штабтық даярлау болып табылады. Аталмыш курс бітімгерлік операцияға қатысар алдындағы әскери қызметшінің дайындығының қажетті құрамдасы болып табылады. Аталған курстың курс сабақтары Финляндия және Швециядан келген шетелдік әскери сарапшылардың қатысуымен теориялық және практикалық тұрғыда екі кезеңде ағылшын тілінде ғана өткізілумен ерекшеленеді.
Курсқа ҚР Қарулы Күштерінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің 28 қатысушысы қатысады. Бітімгершілік миссияларға қатысқан офицерлер әскери қызметшілермен тікелей іс жүзінде жинақтаған тәжірибелерімен бөлісуде. Оқыту аяқталған соң тыңдаушылар БҰҰ миссиясы құрамында көп ұлтты штабтарда қызмет өткеру кезінде тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық машықты жинақтайды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"