Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың қарулы күштері жыл сайынғы әскери жаттығуларына кірісті.
Шараға қатысатын 75 мың әскери стратегиялық маңызы бар нысандарға келтірілген зиянның салдарын жою керек. Көпшілікті екі елдің Солтүстік Корея әскері басып кірген жағдайды пысықтауы қайран қалдырды. Тіпті, Пхеньян мұндай жаттығуларға қарсылығын білдіріп, алдын ала соққы беруге дайын екенін мәлімдеді. Алайда, билік әскерилерге альянс елдерінің қорғанысын күшейту мақсаты қойылғанын айтады.
Пак Кын Хе, Оңтүстік Кореяның президенті: - Дәл қазір Солтүстік Корея тарапынан шабуыл жасалу мүмкіндігі жоғары болғандықтан және осы елдің ядролық қаруы, зымырандары нақты қауіп-қатер туғызып отырғандықтан, қарсыластың арандату әрекеттеріне төтеп беру үшін бұл жаттығулар шынайы түрде өтуге тиіс.