ИШИМ соғысудан бас тартқан сарбаздарын зынданға тастап жатыр

Соңғы кездері ИШИМ сапындағы көптеген сарбаздар соғысудан бас тартуда. Осындай «сатқын» сарбаздарын олар зынданға тастап жатыр.

Бір жағынан үкімет әскері тықсырған «ишимдіктердің» жеңілістен көз ашпауы да содырлардың жүні жығылып, жігерін жоғалтқаннан болып отыр. Ендігі қарсылықтың қауқарсыз болатынын сезді ме екен, соғыс аумағын тастай қашқысы келгендердің қатары тіптен көбейген.

Белгілі болғандай, соғысуға құлқы жоқ мұндай «сатқындарын» ИШИМ-діктер жаппай зынданға қамап жатқан көрінеді. Ені мен ұзындығын екі метр ғана етіп, 3 метр тереңдікпен қазылған шұңқырлардағы тұтқындар саны күн санап көбейіп келеді. Куәгерлердің айтуынша, бұрын 4 адам ғана тасталған зынданға қазіргі кезде 8-9 жанға дейін сыйдырып жіберген. Олардың барлығы да соғысудан бас тартқандар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"