Ирак әскері Мосул қаласының солтүстік бөлігіне жетті

Ирак әскері Мосул қаласының солтүстік бөлігіне жетті

Ирак әскері Мосул қаласының солтүстік бөлігіне жетіп, ұрыс қимылдарын Каусият ауданында жүргізіп жатыр.

Осының алдында үкімет қарулы күштері күрдтердің «Пешмерга» жасағымен бірлесіп, аталған шаһардың солтүстік-шығысынан 2 жаңа майдан алаңын ашқан еді. Қазір қала маңындағы Башик елді мекені билік әскерінің бақылауына өтті.

Айта кетейік, мұнайлы өлке Мосул – көлемі жағынан осы елдегі екінші ірі қала. Мұнда 1 миллион 300 мың адам тұрады. «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» шаһарды 2 жыл бұрын басып алған. Оны азат ету операциясы 17 қазанда басталды. Жергілікті сарбаздарға халықаралық коалицияның әуе күштері қолдау көрсетуде.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи