Жапонияда отставкадағы әскери азамат өзін жарып жіберді

Жапонияда отставкадағы әскери азамат өзін жарып жіберді

Жапонияның қорғаныс саласының отставкадағы қызметкері Уцуномия қаласындағы саябақта мереке өтіп жатқан жерде өзін жарып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Риа Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жарылыстың салдарынан екі азамат пен бір бала жарақат алды. Жарылыс болған уақытта самурайлардың киім үлгісіндегі сапқа тізілген балалар саябақтың орталығына қарай жылжып бара жатқан.

Өзін жарып жіберген ер азаматтың денесі мүлдем танымастай болып кеткен. Сол себепті оның кім екенін тек тісі арқылы анықтау мүмкін болды. Ол 72 жастағы отставкадағы әскери Тосикацу Курихара болып шықты. Оның киімінің аман қалған бөліктерінен «Қаныммен өтеймін» деген мағынадағы жазуы бар хат табылған.

Саябақта жарылыс болған сәтте ол жерден 200 метр аймақта орналасқан ақылы көлік тұрағында да жарылыс болды. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, ол жерде Курихараның автомобилі жарылған. Осы күні оның үйі өртеніп кетті. 

Полиция тексеру жұмыстарын бастады және адам өлтіруге ұмтылу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи