Ереванда автобуста бомба жарылып, екі адам мерт болды

Ереван қаласында автобуста бомба жарылды. Екі адамның өмірін қиып кеткен жарылыс туралы Армения полициясының басшысы Владимир Гаспарян осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Оның айтуынша, бомба қоғамдық көліктің оң жақ бөлігінде орналасқан екінші орындық тұсына қойылған. Жарылыстан бомба жарқышақтары ұшпаған, өрт тұтанбаған. 

Оқиғаға қатысты Армения прокуратурасы әзірге қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсетілді деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалып отырғанын жеткізді. Полиция сарапшылар зерттеуінен кейін оқиға себебі туралы нақты мәлімет берілетінін айтты. 
Қазіргі уақытта полиция бейнебақылау арқылы бомбаны жолаушылардың қайсысы алып кіргенін немесе оның автобусқа алдын ала қойылғанын анықтауда. 

Айта кетейік, дүйсенбі күні кеште Ереван қаласының орталығында «Богдан» маркалы автобуста жарылыс болды. Ресми ақпарат бойынша, жарылыстан екі адам қаза тапты, 7 адам жараланды. Екі жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 
Интерфакс агенттігінің мәліметінде жапа шеккендер Армения азаматы екені айтылған.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"