ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

ЭКСПО шетелдік БАҚ көзімен

ЭКСПО шетелдік БАҚ көзімен

Орталық Азияда тұңғыш рет өткізіліп отырған халықаралық шараға бүкіл әлем көз тігіп отыр. Бүгінде Астанадағы көрме жайында барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Оның қатарында CNN, Forbes, CCTV, CGTN сынды тағы да басқа телеарна, газет, сайттар бар. Солардың кейбірін назарыңызға ұсынамыз.

Forbes: Қазақстан жаһандық жаңа кезеңге аяқ басты

3 млрд АҚШ долларына салынған ЭКСПО-2017 қалашығы Диснейдегі Эпкот орталығына (Disney Epcot Center) ұқсайды. Шар түріндегі бас ғимараттағы Қазақстан павильоны атарбадан бастап, атом қуатына дейінгі энергетиканың даму эволюциясын таныстырып, болашақтың энергиясының қандай болуы керектігін көрсетеді.   «ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленгеннен кейін Астанадағы құрылыстың қарқыны мені қатты таң қалдырды. Айтулы көрмені абыроймен өткізу үшін Қазақстан үкіметі ауқымды жұмыстар атқарды. Қазақстан қазір экономиканы әртараптандыруға көшті. Осы бағытта Үкімет жаңа энергия көздеріне инвестиция тартуда», дейді Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссарталес.  ЭКСПО көрмесі аяқталғаннан кейін қалашықта Астана халықаралық қаржы орталығы жұмыс істей бастайды. Astana International Exchange (AIX) жылдың екінші жартысында ашылады. Қазіргі таңда Қазақстан ІЖӨ-сінің 5%-ы ғана қор биржаларында саудаланады. Ал Шығыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 20%-ға дейін жетеді. Осы орайда AIX Қазақстандағы ірі компаниялардың IPO-ға шығарылып, белсенді сауда жүргізуіне жол ашпақ. 

Синьхуа: ЭКСПО қалашығында қор нарығы пайда болады

Өткен сәуір айында Еуропа Қайта құру және даму банкі Орталық Азияда баламалы қуат көздерін дамыту үшін Қазақстанға 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қарыз берді. Бұл қаражат Қазақстандағы жаңа энергия көздерінің инфрақұрылымын дамытуға жұмсалмақ. Нәтижесінде Астана қаласы Ұлы Жібек жолы бойындағы жасыл энергетиканың халықаралық хабына айналады.   ЭКСПО көрмесінің қазақ экономикасына қанша қаржы әкелетіні туралы болжам жасар болсақ, алдымен бұған дейінгі көрмелердің статистикасына үңілу керек болады. Мәселен, 2010 жылы Шанхайда өткен ЭКСПО көрмесіндегі павильондар қалашығы 12 млрд еуро тапса, жалпы қала 33 млрд еуро табыс тапқан. Ал 2015 жылы көрме өткізген Миланға келген туристер жылдық көрсеткіште 27%-ға артып, қонақ үй бағалары 30%-ға қымбаттапты. Өз кезегінде ЭКСПО-2017 көрмесінің басшылығы шараға келетін шетелдік туристердің санын 300 мыңның айналасында деп болжап отыр.

Azerbaycan24: Алысты болжай білген Қазақстан

Посткеңестік елдер ішінде болашаққа нақты жос­пар құра білген мемлекеттердің бірі – Қазақстан. Оның дәлелі – үш айға созылатын ЭКСПО көрмесінің тақырыбы. «Болашақтың энергиясына» маманданған көрмеде қазақ үкіметі әлем елдерін дәстүрлі қуат көздерінен бас тартып, біртіндеп экологиялық таза, баламалы энергияға ауысуға шақырады. Бұл тұрғыда мемлекетте экономиканы әртараптандыру мен білімге негізделген экономиканы дамыту шаралары қарқынды жүруде.  Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы мен жүзден астам ұлт пен ұлыстан құралған халқы – мемлекеттің негізгі байлығы. Ал ЭКСПО көрмесінен кейін Астанада пайда болатын IT-стартап алаңы, жасыл энергетика технологиялары, туризм мен халықаралық қаржы орталығы елдің жаңаша дамуына серпін береді деп күтілуде. Ал ЭКСПО тақырыбының «жасыл энергетика» екенін ескерсек, бюджет кірісінің 50%-ын, экспорт көлемінің 60%-ын мұнай құрайтын қазақ экономикасында енді энергетика саласына жаңаша көзқарас пайда болатыны анық. 

Америка, CNN: Пост-кеңестік қаладан ғажайып Астанаға дейін

Америкалық CNN International Елордамызға «болашақтың ғажайыбы» деген баға берді. Сондай-ақ Астананың көркем ғимараттарын сипаттап, қаладағы әр нысанның анықтамасын да жазған.

“Болашақтың қаласы – ғарыштан қарағанда, Жер ғаламшарының кереметі іспетті көрінуі ғажап емес. Жергілікті халық өз атауымен атайтын нысандар да баршылық. Соңғы жылдары Қазақстан астанасы футуристік архитектураның да көркем үлгісін жасау үстінде” деп жазады басылым.

 

Қытай-Ресей: russian.china.org.cn: Қытайлық кәсіпорындарға мүмкіндік ашылды

Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» қытайлық үздік кәсіпорындарын таныстыруға мүмкіндік береді. Қытайда баламалы қуат көзін дамыту Батыс елдеріне қарағанда кештеу қолға алынғанымен, соңғы уақыттары энергетикалық технология саласында Еуропа мен Америкаға жетіп қалды. Қытайдың күннен қуат алатын батареялары әлемдік нарықта өз орнын ойып тұрып алды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі – жасыл энергияны бірлесе дамытуға жасалған платформа. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"