АҚШ-тың 8 азаматы РФ, ҚХР және Қазақстанға әскери жабдықтарды сатты деген күдікпен қамалды

АҚШ-тың 8 азаматы РФ, ҚХР және Қазақстанға әскери жабдықтарды сатты деген күдікпен қамалды

Сегіз америкалық, оның алтауы әскери қызметкер, әскери жабдықтарды ұрлап, бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына сатып жіберді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады бейсенбі күні АҚШ әділет министрлігі.

Қаскөйлер ғаламтор арқылы жалпы көлемі 1 миллион доллар болатын әскери жабдықты сатып жіберген. Сатып алушылар Ресей, ҚХР, Қазақстан, Украина, Литва, Молдавия, Малайзия, Румыния және Мексика елдерінен табылып отырған, деп жазды РИА Новости.

Айыптау қорытындысы бойынша, ұрланған және сатылған тауарлар қатарында мергендік нысаналар мен атыс қаруының бөлшектері, пулемет бөлшектері, гранатометтерге арналған құрылғылар, айқас шлемдері, микрофоны бар әскери құлаққаптар,  оқ өтпейтін кеудеше мен медициналық құрал-жабдықтар болған.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи