АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияның әскери-теңіз күштері бірлескен қорғаныс оқуларын өткізеді

АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапонияның Әскери-теңіз күштері жаз айында алғаш рет бірлескен зымыранға қарсы қорғаныс оқуларын өткізеді, деп хабарлады ТАСС.

Жергілікті «Асахи» газеті хабарлағандай, оқулар Гавай аралдары аумағында өтеді. Басылымның жазуынша, бұл Оңтүстік Кореяның Азиядағы жапониялық-америкалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесіне қосылуын білдіреді. Бұған Қытай тарапынан наразылық тууы мүмкін.

Газет ақпаратына сүйенсек, үшжақты оқулар АҚШ өз одақтастарымен үнемі Гавай аралдарында өткізетін Rimpac көпсалалы әскери-теңіз маневрлері аясында ұйымдастырылады. Биылғы оқу маусым-тамыз айларында өтеді.

Мұндай оқуларды өткізу туралы келісімге 19 сәуірде үш елдің қорғаныс министрлері орынбасарларының қатысуымен Сеулда өткен кеңесте қол жеткізілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"