Әскери құрылғыға ұқсас балаларға арналған жиһаз шығарылды

Ресейлік бір фабрика 2014 жылы Украина көгінде Малайзияның МН17 рейсінің ұшағын атып түсірген Бук зымыран кешенінен айнымайтын балалар төсегін жасап сатуға шығарды. Бұл жөнінде BBC News хабарлады.

Фабрика басшылары жаңа өнімнің оншақты данасы сатылып кеткенін айтады. Олардың сөзіне қарағанда, төсектің дизайнына таңғалудың ешбір жөні жоқ. CARoBUS деп аталатын бұл фирма Санкт-Петербург қаласында орналасқан. Танк, ұшақ, кемеге ұқсайтын балалар төсегін шығаруға маманданған, деп жазады egemen.kz.

Ресейде бұл ақпаратты алдымен азаматтық белсенді Олег Кашин талқылауға шығарды. Фейсбукте «Бук М-1» балалар төсегін жарналамайтын сілтемені бөліскен ол «Қалжың ба, не пәле бұл?» деп таңданады ол.

Украинаның Донбасс аймағы үстінде атып құлатылған Malaysia Airlines компаниясының ұшағындағы 298 адам түгел қаза тапқан болатын. Кейіннен оның Бук зымыран кешенінен атылғаны анықталды. Халықаралық комиссияның жақында жария етілген зерттеу нәтижесі бойынша Бук кешені Донбасқа Ресейден әкелініп, жолаушылар ұшағын құлатқан соң қайтадан Ресейге әкетілген. Алайда, Мәскеу бұл қорытындыны мойындамайтынын мәлім етті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"