Әлемнің әскери жетістіктері

Бүгінде қай ел үшін де басты мақсат – қару-жарақ пен әскери тех-никаны шетел¬ден сатып алудан бас тарту. Яғни, өз елін¬де өндіруге, керек десеңіз, экспортқа шыға¬рып, қаржы көзіне айналдыруға ұмты¬-лады.
Сондықтан да болар, қорғаныс өнеркәсібі саласының тың жетістіктері мен жаңа технологиялары күн сайын даму үстінде.
Назарларыңызға әлемнің қорғаныс өнеркәсібі кешенінің жетістіктері мен осы саладағы әлемдік озық құрылғылардың бірқатар легін ұсынып отырмыз. Оқып көріңіз...

Goblin Shark — ең кішкентай әскери құрылғы

Brock Technologies (АҚШ) Компаниясы шеңберлік шолу жүйесімен жинақталған  жаңа шағын ұшақсыз ұшу аппаратын таныстырды. Бұл техника АҚШ-тың әскери теңіз күштеріне арналған. Техниканың атауы Goblin Shark, яғни акула-елес деген мағынаны береді екен.

Оның салмағы бар-жоғы 730г. Жауынгерлік радиусы шамамен 0,5 – 5 шақырым. АҚШ-тың Әскери теңіз куштерінде әзірге осыған ұқсас аппараттар жоқ.

Goblin Shark электромотормен жұмыс істейді. Ол әр түрлі барлау миссияларын атқарады.  Жаңа ұшқышсыз ұшақ 230г. пайдалы жүктеме, яғни көру техникалық жүйелерін көтере алады. Сондай-ақ, бұл аппарат Fly's Eye жүйесімен жабдықталған. Ол бір мезгілде сегіз түрлі датчиктерден бақылауды  қамтамасыз етеді.

Ұшыру қондырғысының диаметрі жеті сантиметрге тең. Ол құрылғыны іске қосуға және тасымалдауға арналған.

Сондай-ақ, Goblin Shark NASA және АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорында қолданыста. Аталмыш аппаратты ауа райын болжауға, торнадо мен дауылдардың алдын алу үшін пайдаланады. 

Қытайдың жойғыш ұшағы

Чжухаеде өткен халықаралық Airshow China-2016 көрмесінде Қытайдың бесінші буынды J-20 жойғыш ұшағы жұрт назарына ұсынылды. Бұл туралы China News Service хабарлайды. Ұшақ 2002 жылдан бастап әзірленуде. Алғашқы нұсқасын 2011 жылы сынақтан өткізіп көрген болатын.

Ұшақ туралы нақты мәліметтер әзірге белгісіз. Бірақ жорамалдар бойынша, оған Ресейдің АЛ-31ФН қозғалтқыштары орнатылған.

Қытайда бұдан басқа, J-31 жойғыш ұшағын жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл Ресейдің РД-93 қозғалтқыштарымен жабдықталған жеңіл көлік.

Бүркіттер әуе қорғанысын қамтамасыз етеді

Францияның Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері ұшқышсыз ұшу аппараттармен күресу үшін жыртқыш құстарды үйрете бастады деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі генерал Жан Кристоф Зиммерманға сілтеме жасап.

Генералдың айтуынша, әскерилер Австриядан әкелген балапандар бүгінде үлкейіп, әуе қорғанысында өздерінің тиімділігін көрсетуде. Жас қырандар ұшқышсыз ұшу аппараттарын біраз қашықтықтан байқай алады екен. Сондай-ақ оларды жоюда алдына жан салмайды, дейді әскери қызметкер. «Бүркіттерді тәрбиелеу кезінде ұшу аппараттарының түрлі модельдеріне жабыстырылған етпен тамақтандырдық» дейді ол.

Айта кетейік, Нидерланды полициясы жыртқыш құстардың көмегімен сәтті операция жүргізген болатын. Сондай-ақ, ол жақта 2017 жылдан бастап әуе қорғанысын құстар қаматасыз етеді деп жоспарлануда.

АҚШ-тың жаңа қаруы - Electromagnetic Railgun

АҚШ Ресей және Қытайдан қорғану мақсатында Electromagnetic Railgun рельстік суперзеңбірек әзірлеп жатыр. Бұл зеңбірекке оқ-дәрі немесе жарылғыш зат керек емес. Снарядты электр жүйесі арқылы тарқатып отырады. Қазірдің өзінде аталмыш жобаға шамамен 500 миллион доллар көлемінде қаржы жұмсалды. Американдық мамандардың айтуынша, бұл қару Балтық елдерін Ресейден қорғауға көмектеседі. 

Ұшқыш әйелдер

China Daily газетінің хабарлауынша, ҚХР Халықтық-азаттық армиясы Әскери әуе күштерінің қатарында шабуылдаушы тікұшақтарды басқаратын бірінші топтағы әйел-ұшқыштардың дайындығы аяқталды.

Дайындық барысында бес әйел ұшқыш тиісті тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, қажетті маневрлер мен міндеттерді сәтті атқарған. Оларды әскер қатарына сақадай сай ету үшін 2 жыл уақыт жеткілікті болған. Бір қызығы нәзік жандылар  Әскери әуе күштері қатарында қызмет атқарғанымен, бұрын тікұшақтарда ұшып көрмеген екен. 

Мамандардың айтуынша, оларды дайындау кезінде түрлі мультимедиалық курстар мен видеороликтер қолданылған.

 

Қытайлықтар жаңа танкіні таныстырды

 

Janes.com порталының мәліметінше, Airshow China-2016 көрмесінде алғаш рет VT5 экспорттық танкісі көрсетілді. Аталмыш техниканың сыртқы пішіні  Тun 96А және VT4 танкілеріне ұқсас, бірақ салмағы мен габариті айтарлықтай аз. Ұзындығы 9,2 м құраса, ені – 3,3 м, биіктігі– 2,5 м. Ал, салмағы броньдалу түріне қарай, 33-тен 36 тоннаға дейін болады.

VT5 танкісі компьютер жүйесімен жабдықталған. Танктің негізгі қару-жарағы 105 мм зеңбірек, сонымен қатар әр түрлі жауынгерлік модульдермен жабдықталған. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"