Әлемде не жаңалық?

Финляндия
Санта-Клаус Жаңа жылға дайындықты бастап кетті

Рованиеми қаласында орналасқан Санта-Клаустың резиденциясында Жаңа жылға дайындық басталып кетті. Осыдан 33 жыл бұрын ашылған ғимаратқа жыл сайын жарты миллионға жуық қонақ келетін көрінеді.

Бұл жерде Санта және оның эльфтарымен танысуға болады. Сондай-ақ түрлі кәдесыйлар сатылымға қойылған. Резиденциядағы мерекелік көңіл-күй тіпті үлкен адамдарға ғажайып сезімдер сыйлайды.

«Маған көптеген хаттар келіп жатыр. Жіберген хаттарында балалар жақындары мен туыстарына бақыт және денсаулық тілеп жатады. Бұл – өте қуантатын жәйт. Сіздер білетіндей, мен жақсылық, қуаныш, достық және табиғатқа деген махаббатты жоғары бағалаймын. Биылғы адамзатқа жолдауым осыған байланысты болмақ. Табиғатты қорғап, аялайық дегім келеді. Жаңа жыл құтты болсын!», дейді Санта-Клаус.

Сирия

Соғыстан кейінгі Сирия оңалып келеді

Египет, Тунис пен Алжир сынды бірқатар мемлекеттер бұл елді Араб елдерінің лигасына қайта енгізуді сұрап отыр. Бұған дейін, араб мемлекеттерінің одақтастығы 2011 жылы басталған қарулы қақтығыстарға байланысты Сирияны құрамынан шығарған болатын.

Жалпы, лига – 1945 жылы Каирде құрылған аймақаралық әрі үкіметаралық ұйым. Бүгінде оның құрамына 21 мемлекет кіреді. Қазіргі таңда Сирия жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Оған АҚШ-тың енді Башар Асадты тақтан құлатуға тырыспайтыны себеп болып отыр. Алайда, АҚШ-тың Сирия жөніндегі арнайы өкілі Джеймс Джеффридің айтуынша, Батыс елдері Сирия режимі өз саясатын өзгертпейінше бұл елге қолдау көрсетпейді.

Австралия

102 жастағы әжей парашютпен секірді

Австралияның 102 жастағы тұрғыны Ирен О`Ши 4 мың метр биіктіктен парашютпен түсіп, нұсқаушымен секірген әлемдегі ең қарт скайдайвер атанды.  Парашют ашылғанша олардың жоғарыдағы жылдамдығы сағатына 220 шақырымды құраған.

Жүз жасаған кейуананың бұл алғашқы секіруі емес. Бұған дейін әжей спорттың бұл түрімен айналысып, жыл сайын парашютпен секіріп тұрған. Айта кетейік, австралиялықтар парашютпен секіру арқылы Қозғалмалы нейрондық аурумен күресу қауымдастығына көмектеседі. Өткен жылдың өзінде спорттың бұл түрінен қайырымдылыққа 8 жарым мың доллар қаржы жиналған.

Өзбекстан

Бірнеше мемлекетпен визасыз режим ендіруді қарастыруда

Өзбекстан алдағы уақытта тағы бірнеше мемлекетпен визасыз режим ендіруді қарастырып жатыр. Тізімде Еуропалық Одаққа мүше елдер де бар.

Жалпы жыл басында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Израиль, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Түркия, Жапония мен Франция үшін визасыз режим енгізген еді. Оған қоса, тағы 39 елдің азаматтарына туристік визаларды алу тәртібін жеңілдетті. Бұдан басқа, транзитпен жүретін жүзден астам елдің азаматтары үшін бес күннен аспайтын мерзімге визасыз режим жасалды. Өзбекстан ТМД аумағындағы елдермен арадағы визалық режим күнін біршама ұзартты. Оған қоса, зияратшылар көптеп келетін үш мемлекетпен барыс-келіс жеңілдеген. Бұл тізімде Қазақстан да бар.

2018 жылдың тоғыз айында Өзбекстанға келген шетел азаматтарының саны өткен жылдың көрсеткішінен екі есе артып, шамамен 4,5 миллион адамды құраған.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"