Әлемде не жаңалық?

АҚШ
Илон Маск әскери құпиядан қағылды

Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Масктың қылығы АҚШ қарулы күштерінің назарына ілікті.

Еске сала кетсек, осыған дейін әйгілі өнертапқыш әзіл-сықақшы Джо Роганға сұхбат беріп тұрып, камераның алдында марихуана салынған шылым тартқан болатын. Осыдан соң АҚШ Қарулы күштері Маскке қатысты тексеруді бастады. Құрама Штаттар қарулы күштерінің тапсырысы бойынша SpaceX компаниясы зымырандар тасымалдайды. Осыған байланысты Маск қарулы күштердің құпия деректерін қарай алатын.

Ауғанстан

Талибтер әскери базаны басып алды

Ауғанстанның Урузган провинциясында «Талибан» тобының содырлары билікке қарасты әскери базаны басып алды.

Шабуыл салдарынан әскерилер қаза тапты. Нақты неше адамның қаза тапқаны туралы әзірге ақпарат жоқ. Лаңкестер үкімет әскерлерінің қару-жарағы мен көлігін тартып алған.

Иран

Әуе жойғыштарын шығара бастады

Иран билігі Kowsar деп аталатын әуе жойғыштарын шығара бастады.

Елдің Қорғаныс министрлігінің өкілі Амир Хатамидің айтуынша, ұшақтар елдің әскери-теңіз күштерінде пайдаланылады. Айта кеткен жөн, бұл Иран аймағында құрастырылған алғашқы ұшақ. Жойғыш әскери ұшақтардың төртінші буынына жатады. Ол көп нысаналы радармен жабдықталған. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"