Әлем жаңалықтары; Не? Қайда? Қашан?

«Желаяқ» әскери жойғыш ұшақпен жарысты

 

Қытай Орталық телевизиясының «Алға болашақ (Cheers Science)» атты бағдарламасында адам мен әскери жойғыш ұшақ 100 метрге жүгіруден бәсекеге түсті.

 

Chinadaily-дың хабарлауынша, қытайлық 100 метрге жүгіруден кәсіби спортшы, бірнеше мәрте Қытай және Азия чемпионы Чжан Пэймэн қытайдың FTC-2000 Mountain Eagle оқу-жаттығу ұшағы және J-10A әскери жойғыш ұшағымен 50 метр және 100 метр қашықтықта жүгіріп жарысып көрді. Нәтижесінде, Чжан Пэймэн FTC-2000 ұшағын 50 метрде қапы қалдырса, J-10A ұшағымен болған бәскеде жеңіс жолын жалғастыра алмады. Cheers Science - Қытай Орталық телевизиясының Ғылыми тәжірибелер бағдарламасы. Бағдарлама Қытайдағы танымал тұлғалар мен ғалымдарды қонақ ретінде шақырып, әртүрлі тәжірибелер жасайды. Бағдарламаға арнайы қатысқан мектеп оқушылары тәжірибеге талдау жасайды.

 

 

Гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізді

 

АҚШ пен Австралия дыбыстан жылдам ұшатын авиациялық зымыранды сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды Лента.ру.

The Independent таратқан мәліметтерге қарағанда, жаңа зымырын сағатына 7700 миль жылдамдықпен қозғала алады. Сынақ жұмыстары Австралияның оңтүстігіндегі Вумер полигонында жүргізілді. Австралияның қорғаныс министрі Мариз Пейн HiFIRE бағдарламасы аясында сынақтың 12 шілде күні өткендігін атап өтті. Алайда зымыранның атын нақтылап айтпады. Жобаның жалпы құны 54 миллион долларға бағаланып отыр.

 

 

  Әскерилер танктерді су бетіне шығарды

Ресейдің Солтүстік флотына қарасты іздеу және құтқару жұмыстарын атқаратын әскери мамандар Баренц теңізінің түбінен II Дүниежүзілік соғыстан қалған танктерді су бетіне шығарды. Бұл туралы Haber 7 хабарлайды.

Танктер 1945 жылы суға батқан «Томас Дональдсон» атты жүк кемесінің қоймасынан табылды. Сондай-ақ олардың кезінде АҚШ-та жасалған «Шерман» танктері екеніде анықталды. Мамандар олар бұл кемеден соңғы жылда шығарылған үшінші және төртінші танк дейді. Қазір бір топ маман теңіз бетіне бірнеше броньды көліктерді шығару жұмыстарын қолға алған.

 

Қытай алғашқы әскери базасына кемелер аттандырды

Қытай шетелдегі алғашқы әскери базасын құру үшін Джибути еліне кемелерін жіберді. Ресми Бейжіңнің мәлімдеуінше, бұл нысан құтқару операциялары мен маңызды теңіз жолдарын қорғауға және бірлескен әскери жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді.

Ал сарапшылар мұны «аспан асты елінің аймақтағы ықпалын нығайту үшін қолға алып отырған қадамы», – дейді. Әзірге базаға қанша әскеридің орналастырылатыны белгісіз. Айта кетейік, соңғы уақытта Қытай Африка елдерімен экономикалық байланысын күшейтіп, инвестиция көлемін ұлғайтты. 2015 жылы Бейжің құрлықтың дамуына 60 млрд доллар бөлуге уәде еткен. Ал Африканың шығысында орналасқан Джибути елінде АҚШ, Франция және Жапонияның да әскери базасы бар.

 АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады

 АҚШ-тың Миссисипи штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы жолаушылардың барлығы, яғни 16 адам қаза тапты.

Оқ-дәрі тиеген С-130 әуе кемесі аймақ орталығынан солтүстікке қарай Лефлор округінде құлаған. Қаза тапқандар – теңіз жаяу әскерінің сарбаздары. Кейбір деректерге қарағанда, қайғылы жағдайға жарылыс себеп болған. Куәгерлер ұшақтың бір жағы қатты түтіндеп, сосын жерге құлағанын айтады. Теңіз жаяу әскерінің өкілі Сара Бернстің мәлімдеуінше, апатқа техникалық ақау себеп болуы да мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеріліп жатыр.

   Үндістанның жаңа қаруы

Үндістан Қарулы күштері Ресеймен бірлесіп жасалған «жер-жер» санатындағы алысқа ұшатын  BrahMos  қанатты ракетасының жаңғыртылған нұсқасын сынақтан өткізді. 

Армия өкілдері зымыранның ұшырылымы Үнді мұхитындағы Андаман және Никобар аралдары аумағында жүзеге асырылғанын хабарлады. Үндістандық First Post газетінің жазуынша,  ракета көздеген нысанаға жетті. Үндістан әскері осындай сынақты сейсенбі күні де өткізген болатын. Бұл ұшырылым сәтті өткен 5-інші сынақ. 

 

Ауғанстанға қосымша әскер жіберіледі

Бұл туралы одақтың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.   Айтуынша жауынгерлер соғысу үшін бармайды. Керісінше ол жердегі НАТО миссиясын бекемдеп, жергілікті ұлттық әскермен байланысын нығайтады.

Басты мақсат ауған әскерилерінің арнайы жасағы мен авиация саласын дамытып, қауіпсіздікті күшейтудегі мүмкіндіктерін арттыру. Осы мақсатта НАТО Ауғанстандағы бөлімшесі 4 мың жауынгер жіберуді сұрады. Айта кетейік, НАТО-Ауғанстаннан әскери күштерін шығаруды 2014 жылы аяқтады. Содан бері мұнда альянс миссиясы әрекет етеді. Олар аймақтағы қақтығысты тоқтатуды көздейді. Басты міндеттері жергілікті үкімет жасағын жаттықтырып, тәжірибе аламасу.

– Қанша жауынгер жіберетінімізді дөп басып айта алмаймын. Бірақ Ауғанстандағы ахуалды бағамдап, оны өзгерте аламыз деп сенемін. НАТО альянсы Ауғанстандағы миссиясына қолдау көрсетіп, жауынгер жіберуге толық мүмкіндігі бар. Біз ондағы кикілжіңді саяси жолмен шешуге тырысамыз, -дейді НАТО Бас хатшысы Йенс Столнберг.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП