«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Қазақстанның Қарулы Күштерінде әскери қызметшілер «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорнында өндірілген байланыс құралдарының тәжірибелік-әскери пайдаланылуын жүргізуде.

Қуаттылығы орташа «Қарағай» радиостанциясы мен «Ақтерек» радиорелелік станциясы, сондай-ақ, құрастыру және технологиялық құжаттама 2015 жылы «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ-тың мамандарымен 2015 жылы әзірленді.  

«Қарағай радиостанциясы (бір уақытта жүзеге асырылатын екіжақты байланысты) дуплексті арналарды немесе симплексті байланысты радиожеліге немесе радиобағытқа (бағыт бір жаққа жүзеге асырылатын екі абонент арасындағы біржақты байланыс) ұйымдастыру үшін арналған. 

«Қарағай радиостанциясы

«Ақтерек» радиорелелік станциясы басқарудың стратегиялық, жедел-стратегиялық  және жедел буынның арнайы мақсаттағы желілерінде үздіксіз режімде жұмыс жасайтын жиіліктердің сантиметрлік диапазонының радиорелелік байланыс желісін ұйымдастыру үшін арналған.

«Ақтерек» радиорелелік станциясы

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары әскери сынамалардан сәтті өтті және халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде ұсынылып, мамандардың жоғары бағасына ие болды.  Радиостанциялар тың жаңа цифрлық байланыс қондырғысымен жабдықталған және жоғары экспорттық әлеуетке ие.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"