Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ

Зымыранды құлату ауданына қатысты алаңдауға негіз жоқ

 

– Өткен аптада, үстіміздегі жылдың 6-қазанында Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай ауылында қоғамдық тыңдалым өткен болатын. Ол кезде нендей мәселелер талқыланды?

– Ол кезде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» зымыранын ұшырғанда ғарыш аппараттарының полярлы орбитаға бөлінуі кезінде оның қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалауға байланысты сөз болды. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі А.Мұхамбетов, сонымен бірге орталық және жергілікті мемлекеттік орган жетекшілері, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қарамағындағы ұйымдар, «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясы (РФ) мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Өзім де сонда болдым.

Тыңдалым халық тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Себебі, аталған іс-шара аясында Қостанай облысындағы Жангелді ауданын «Союз-2» зымыран-тасығыштарды жаңа жолымен ұшыру кезінде олардың алғашқы сатысының бүйірлік блоктарының құлау ауданы ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылды.

 

- Құлау ауданы не үшін қажет?

- Жоғарыда аталған құлау ауданы «OneWeb» ірі халықаралық жобаны жүзеге асыру үшін қажет. Бұл жобаның аясында 2019 жылға қарай мобильді спутниктік байланыс технологиялардың көмегімен бүкіл әлемдегі интернет пайдаланушыларды, оның ішінде аймақтарды да желіге кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

- Жаңа құлау аймағын ашуды қарастырудың қандай кезеңдері бар? Және ол қалай жүзеге асырылады? 

- Қазақстан Республикасы аумағында жаңа құлау ауданын ашу мәселесін қарастыру рәсіміне келетін болсақ, соңғы шешім қабылдағанға дейін жаңа құлау ауданын ашу мәселесі мамандармен көптеген критерийлер (техникалық, экологиялық, құқықтық және т.б.) бойынша жан-жақты қарастырылады, мүмкін болатын барлық нұсқалар есептеліп, жоспарланатын қызметінің аймаққа әсер ету дәрежесі болжамдалады.

Негізгі бағалау критерийлерінің бірі – экологиялық қауіпсіздік. Бұл мақсатта эколог мамандармен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) құрастырылады. Бұдан соң ҚОӘБ материалдары көрсетіледі және мүдделі қоғамдастықпен талқыланады, кейін олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экологиялық сараптамасына жіберіледі.

Бүгінгі күні Жангелді ауданында жаңа құлау ауданын (ҚА 120А) ашу мүмкіндігін қарастыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жоғарыда көрсетілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл бағытта түрлі мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдары мамандарының қатысуымен бірталай жұмыс атқарылды.

Қазіргі таңда «Ғарыш-Экология» ҒЗО» ЖШС экология және ғарыш қызметін бақылау саласында мамандандырылған ұйымы Биотүрлілікті сақтау қазақстандық ассоциациясымен бірлесіп жасаған қоршаған ортаға әсерді бағалауы 6-қазанда өткен қоғамдық тыңдалым Хаттамасымен бірге экологиялық сараптамадан өткізу үшін мүдделі орталық мемлекеттік орган – ҚР Энергетика министрлігіне жіберілуге дайындалуда.

 

-Таңдалған құлау аймағы туралы не айтар едіңіз?

- Жангелді ауданындағы таңдалған құлау ауданына (ҚА 120А) қатысты үлкен зерттеу жұмысы жүргізілді. Құлау ауданының орналастырудың нақты вариантын таңдау кезінде қауіпсіздіктің барлық талаптары және экологиялық аспектері есепке алынды.

Жоспарланатын 120 А құлау аймағында тұрақты тұрғындар бар елді мекендер, ауыл шаруашылығы жерлері, ауыл шаруашылық және басқа да дақылдар егетін жерлер немесе кез-келген ірі өндірістік объектілер жоқ.

Таңдалған аумақтың ішіндегі жерлер негізінен резервтік жерлер.

Ауданның ерекшеліктері есепке алынып, құлау аймағы 120А пайдалану кезінде бірқатар қосымша шектеулер мен шаралар орындалатын болады:

-         сәуірден бастап маусымға дейін (флора мен фауна үшін ең сезімтал кезең) ұшыру қызметі жүргізілмейтін болады;

-         шілдеден бастап қыркүйекке дейінгі ұшырылымдар кезінде құлау ауданында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі және тиісті техника қолданылады;

-         құлау ауданын пайдалану кезінде жыл сайын қосымша экологиялық бақылау бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.

 

- Ұшырылатын «Союз-2» зымыран-тасығышы халық үшін қауіпсіз бе?

- «Союз-2» зымыран-тасығышы – бұл отынның уыты жоқ бөлігі үшін жұмыс істейтін және халықаралық уәкілетті ұйымдардың барлық экологиялық стандарттарына сай келетін өте сенімді зымыран.

Оның негізгі отыны сұйық кислород пен керосин, гептил туралы ешқандай сөз жоқ. «Союз-2» зымыран-тасығышы экологиялық таза отын (кислород пен керосин) арқылы жұмыс істегендіктен оның қоршаған ортаға тигізер кері әсері өте төмен, тіпті жоқ десе де болады. Бұған өткізілген экологиялық сараптама нәтижесі дәлел бола алады.

«Союз-2» зымыран-тасығышының алғашқы сатысының құрамында жоғары уытты және радиоактивті заттар мен сәулемен иондау жоқ.

Зымыранның осы түрін ұшырудың сан жылдық тәжірибесі көрсеткендей оның сенімділігі жоғары және анологті түрлендіру халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді жеткізу үшін қолданылады.

 

- Жер телімін беру схемасы жайлы да айта кетесіз бе?

- Құлау аймағын ашу үшін кешен заңдық тексерулер механизмін қарастырады. Тиісті Үкіметаралық келісім жобасын қоса алғанда ол жер сервитут шарты бойынша «Бәйтерек» БК-ге құлау аймағы ретінде уақытша пайдаланылуға ғана беріледі (толықтай пайдалану құқығы жоқ).

Бұл ешқандай аренданы және жерді беруді білдірмейді. Тек зымыранды ұшыру кезінде жер телімі қысқа мерзімге пайдалануға беріледі.

Осы жобаны жүзеге асыратын барлық мерзім ішінде 8 зымыран-тасығыш ұшырылады: бір жылда 2-3 реттен артық ұшырылым болмайды.

Адамдардың қауіспісіздігін сақтау үшін зымыранды ұшыру кезінде ғана құлау аймағы 1-2 күнге жабылады. Қалған барлық уақытта ол жер бос болады. Яғни, еркін қатынай беруге және халық игілі үшін пайдалана беруге болады.

Барлық ұшырылымдарды 2-3 жыл көлемінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Жер телімін уақытша пайдалануға беру механизмі алдын-ала дайындалып, Қостанай облысы және Жангелді ауданы әкімдігімен келісілді. Нәтижесінде өзара түсіністік пен уағдаластыққа қол жеткізілді, оның ішінде қаржылық жағдай бойынша.

 

- Өзіңіз қаржылық жағдай деп айтып қалдыңыз. Енді осы туралы тарқата түссеңіз?

- Құлау аймағын пайдаланғаны үшін жыл сайынғы төлем қарастырылған. Ол жылына 460 мың АҚШ долларын құрайды. Яғни,  бүгінгі курспен есептегенде 152 миллион теңге. Төлем доллармен жүргізіледі, сондықтан теңге эквивалентпен сомма жыл сайын өсетін болады

120 А құлау аймағын пайдалану үшін алынған ақша облыс әкімдігімен бекітілген келісімшарт бойынша «Бәйтерек» БК АҚ арқылы Жангелді ауданының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге жұмсалатын болады.

Негізгі жұмыстарды атқарушылар мыналар:

-       «Бәйтерек» БК, ол құлау аймағын пайдаланудың қауіпсіздігіне жауап береді;

-      «Ғарыш-Экология» ғылыми зерттеу орталығы» РМК, ол зымыранды ұшырудың экологиялық тазалығына жауап береді.

 

- Жаңа құлау аймағы зымыран-тасығыштың қандай бөліктері үшін қажет?

- Жангелдин ауданының белгілі бір бөлігі бүкіл зымыранның құлау ауданы ретінде емес, «Союз-2» зымыран-тасығыштың алғашқы сатысының бүйірлік блоктарының құлау ауданы ретінде ғана пайдаланылатынын айта кету керек.

«Союз-2» зымыран-тасығышын жаңа жолмен ұшырғанда екінші сатысы Ресей Федерациясы аумағына құлайды (Свердловск облысы және Ханты-Мансийск автономді округі жеріне).

Мына жағдайға назар аудару қажет, екінші сатысы құлайтын аймақ, яғни Ресей жерінің 403 құлау аймағы Жангелді ауданымен салыстырғанда 8 есе көп аумақты құрайды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП