Ұрпақ тәрбиесіне мән беріледі

Ұрпақ тәрбиесіне мән беріледі

Қазақ халқы – ¬отбасы құндылығын жоғары қойған халық. «Әйел  – үйдегі ырысың, ұл  – айбарлы қылышың, қыз  – түздегі өрісің, келін  – кеңейген тынысың» деп айтып отырған.

Әкеден – ақыл, анадан мейірім төгілген отбасынан ел ертеңін ойлайтын ұрпақ шығады. Ал, мұндай отбасыдан тұғыры биік, бірлігі жарасқан мемлекет қалыптасады.

Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға келмейді. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтың сөзі отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұрған іспетті.

Отбасында әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, ал олардан өсіп-өндірген бала-шағасы – сол тау мен мөлдір бұлақтың нәрімен сусындаған құрақ. Балада сол жайқалған өсімдік сияқты. Сен не бересің, қалай күтіп баптайсың, нәтижесін содан көресің.

Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді талап етіп отыр. Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Бүгінгі күнде отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, ата-бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрін насихаттау арқылы жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүйіп, оны қорғай білуге үйрету, әрбіріміз тәрбиелеп отырған баланың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру – тек әскери қызметшілердің отбасыларының ғана емес, егеменді мемлекетіміздің әр отбасы мен азаматтарының міндеті.

Отбасымен берілген тамаша тәрбие мен тағылым ұрпағымыздың ертеңін жарқын етері анық. Осы орайда қазіргі кезде мемлекетіміз қуатты, айбыны асқақ болуы үшін Отан қорғау міндеттерін әкеден балаға мирас етіп жалғастырып келе жатқан қаншама әскери әулет бар. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» дейді батыр Бауыржан. Отанды қорғау, ел алдындағы қасиетті борышын өтеу, патриоттық рух беру отбасындағы тал бесікпен берілетін тәрбие арқылы баланың бойына сіңірілуі қажет. Отанын қорғау туралы түсінік отбасымен келген тәрбиемен ұрпақтан ұрпаққа жалғасу дәстүрі кеңінен өріс алып келе жатқаны бізді қуантады. Бұл елімізде әскери қызметтің беделінің артқанын, Отанды қорғаудағы саналы ұрпақтың бойына жылдар бойы қалыптасатын патриоттық рухтың өскенін айқындайды.

Сержант Қ.Ақылбекова


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений