Үгіт-насихат сабағы


Жуырда 30212 әскери бөліміндегі танк әскерлері кіші мамандарын даярлау әскери мектебі бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, ұлан майоры Ержан Кошқаров Гвардейск гарнизонындағы №43 Бауыржан атамыздың атына ие орта мектепке сарбаздарды бастап келді.

Кездесуде аға буын  ізін  жалғастырушы  Е.Хаджымұқан танк әскерлері туралы, курсант Е.Уәлихан танктің көздеуші-операторы мамандығы туралы шағын мағлұмат  берді. Одан әрі танк әскерлері әскери мектебі туралы мәліметтерді тамашалау ұсынылды.Оқушылардың басты қызығушылық танытқаны – танкистердің кәсіби мерекесіне орай даярланған бейнефильм. Осы бейне фильмде генерал-лейтенант Н.Поспеловтың, генерал-майор Г.Носоновскийдің, генерал-майор Н.Қуатовтың, генерал-майор М.Хусаиновтың, генерал-майор А.Оспанов пен генерал-майор А.Халиков, сонымен қатар Қазақстанның Қарулы Күштерін өзге елдерде паш етіп жүрген, дәлірек айтсақ, Ресей Федерациясында өткен танк биатлонына қатысқан А.Мусурманқұлов, Е.Жұмағұлов, Д.Байжанов сынды айбынды әскерлеріміздің өр тұлғаларын экраннан көру олардың бойларына үлкен мақтаныш сезімін ұялатты. Сонымен қатар, шара барысында  АрМИ-2016, 2017 ойындарынан көріністер тамашаланды.


Ұлан капитаны Г.Самашова
30212 әскери бөлімі

Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"