Сарбазын сағынған қыз

Сарбазын сағынған қыз

"Әр сарбаздың өз сүйген қызы бар, бірақ әр қыздың өз сарбазы жоқ", – деп жиі айтады біздің командир подполковник Табылды Исалиев сарбаздармен әңгімелескенде. Әрине, әскердегі көңіл-күйді көтергісі келді. Және бұл – дұрыс айтылған! Әрбір ару өзінің жарын әскерде қызмет етеді деп мақтанышпен айтады.  Өйткені, сарбазды сүю – бұл мақтаныш, ал күту – бұл құрмет!.

Біздің бала кезімізде қыздар арасында сарбаздармен хат алмасу өте танымал болды. Немесе қыздар сарбазбен хат алмасатын құрбысынан әскери бөлімнің мекен-жайын алып: "Бақытты сарбазға"деп жазатын. Бұл бақыт хаттары қиын қызмет кезеңінде жігіттерді жақсы қолдады.
Қазір жігіттерді әскерге қалай шығарып салады? Айту қиын, себебі қыздар жиі болмайды. Ал антқа негізінен ата-аналар келеді.
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 91678 әскери бөлімінде өткен ант беру салтанатында солдат өзінің сүйген қызын көрді. Бұл – қатардағы мерзімді қызметтегі Расул Русланов, Семей қаласынан келген қызы – Жансая Сағындықова. Ол сарбазға қандай қуаныш әкелді десеңші?! Бәрекелді! Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласынан Жамбыл облысының Жуалы ауданына дейінгі жол жақын емес. Махаббатта кедергі жоқ деп осындай оқиғаны айтса керек.  
Сен енді, ең бастысы, өз сарбазыңды күтесің, Жансая! Бір жылдан кейін Расул Русланов Отаны алдында атқарған борышын өтеп,  үйіне қайтып оралады. Ал Сіз қалай күткеніңізді айтып берсеңіз! Суреттер – керемет естелік!
Құрметті оқырман, сіздер де осындай оқиғаларыңызбен бөлісіңіздер. Олардың көп екеніне сенімдімін!

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году