"Сарбаз" газетінің тілшісі үздік атанды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы мен ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға конкурс жариялаған болатын.

Конкурстың мақсаты - елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Аталмыш сайыста "Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша  «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетінің тілшісі, әріптесіміз Тимур Аубакиров 1-ші орынды иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!

Айта кетейік, конкурс төрт номинация бойынша өткізілді:

1) «Үздік теледидар материалы»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым»

Шығармашылық байқауға 365 материал жолданған екен. Сайысқа қызығушылық танытқан 111 автордың арасында Астана және Алматы қалаларының, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының журналистері белсенділік танытқан. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге көлемінде ақшалай жүлде табысталды. 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"