«Қырымның қырық батырын» білеміз бе?

«Қырымның қырық батыры» туралы жыр қырық тараудан тұрады, оның əрқайсысы жеке-жеке батырларға арналған. Сонымен бірге бір батыр екінші батырдың ұрпағы болып жырланады. Сондықтан қырық батыр жайлы жырлардың жиынтығы – тегі мен композициялық құрылымы жағынан өзара тығыз байланысты.

«Қырымның қырық батыры» туралы жыр деп аталатын жырлар жиынтығы өзінің құрылысы жағынан қырғыздың белгілі «Манасын» еске түсіретін, бірақ көлемі бойынша одан екі есе үлкен, қалыпқа түскен тұтас бір мəдени дүние. Онда басқыншылардың шабуылынан елін қорғаған батырлар ерлігі  жырланады және оларға ержүректілік, əділдік, ақылдылық, туған халқына деген махаббат секілді қасиеттер тəн болып келеді. Сонымен жырда мына батырлар негізгі қаһармандар ретінде көрінеді: 1. Ала тайлы Аңшыбай батыр; 2. Оның ұлы Баба түкті Шашты Əзиз бен Ер Көкше жəне Ер Қосай; 3. Парпария батыр; 4. Оның ұлы Құттықия батыр; 5. Оның ұлы Едіге батыр; 6. Оның ұлы Нұрадын батыр; 7. Оның ұлы Мұса батыр; 8. Оның ұлы Матай батыр; 9. Оның ұлы Орақ батыр; 10. Орақ батырдың ұлы Қарасай; 11. Оның ұлы Қази батыр; 12. Оның ұлы Қарадөң батыр; 13. Оның ұлы Жұбаныш батыр; 14. Оның ұлы Сүйініш батыр; 15. Оның ұлы Ертегіс батыр; 16. Оның ұлы Ер Көгіс батыр; 17. Оның ұлы Тама батыр; 18. Оның ұлы Тана батыр; 19. Оның ұлы Нəрік батыр; 20. Оның ұлы Шора батыр; 21. Ақжонас батыр; 22. Оның ұлы Кеңес батыр; 23. Оның ұлы Жанбай батыр; 24. Жаңбыршы батыр; 25. Оның ұлы Телағыс батыр; 26. Шынтас батыр; 27. Оның ұлы Төрехан батыр; 28. Қарғабойлы батыр; 29. Бозтуған батыр; 30. Оның ұлы Манаш батыр; 31. Оның ұлы Тұяқбай батыр; 32. Айса батыр; 33. Оның ұлы Ахмет батыр; 34. Алау батыр; 35. Тоған батыр; 36. Темір хан батыр; 37. Əділ батыр; 38. Сұлтан керім батыр; 39. Оның ұлы Шырман батыр; 40. Қобыланды батыр.
Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"