Қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова

1943 жылы қазан айының 15-і күні Псков облысындағы Невель қаласын азат ету үшін кескілескен шайқаста қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты. Батыр қыз жайында Sarbaz.kz тілшісінің мақаласын ұсынамыз.

   1922 жылы Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген Мәншүктің азан шақырылып қойған аты – Мәнсия. Өз әкесінің аты – Жеңсікәлі, анасының аты – Тойылша. Мәншүктің ағалары Нағи мен Кәдерді әкесінің немере інісі Қанат, ал, Мәншүкті бес жасынан бастап әкесінің немере інісі Ахмет пен зайыбы Әмина асырап алған. Мәншүк Мәметованың әкесі – Ахмет Мәметов 1938 жылы 11 қарашада жазықсыз жазаланғандардың бірі. Ахмет Мәметов 1928-1929 жылдары Семей қаласындағы облыстық тері-венерологиялық диспансерде, 1928-1932 жылдар аралығында Семейдің 2-ші дәрежедегі Кеңес партия мектебінде қызмет жасады. Жары Әмина Сүлейменқызы Мәметова Семей қаласындағы қазақ жасөспірімдерінің арнайы мектебінде сабақ берді. Жоғары білімді ерлі-зайыптылар ғылым мен ілім жолындағы әрбір адамға лайық парасаттылықпен және кеңпейілділікпен адал еңбек етті. Мәншүк жеті жасына дейін Семей қаласындағы балалар бақшасының бірінде тәрбиеленіп, 1929 жылы мектеп табалдырығын аттады. 1930 жылдардың аяғында Мәметовтар әулеті Алматы қаласына көшіп барған соң, Мәншүк 28-ші мектепте оқыды. Оқуға ынталы, өте ұқыпты, көңілі кең қайсар қыз әйгілі адамдардың ортасында өсті. Ахмет пен Әмина Мәметовтар Мәншүкті «Моншағым» деп еркелетіп, ерекше махаббатқа бөледі. Әкесінің жолын қуған Мәншүк Алматы медицина институтына оқуға түсіп, Кеңес Халық Комиссариатында жұмыс істеді. Соғыс басталғанда Мәншүк 2-ші курс студенті еді. Әскери комиссариатқа әскерге жіберу туралы жазған өтінішіне бір жылдан соң ғана қол қойылып, Мәншүк 1942 жылы 13 тамызда Алматы қаласынан 100-ші атқыштар бригадасының құрамында соғысқа аттанды.

   Мәншүк Мәметованың майданның алдыңғы шебінен тілшілерге берген алғашқы сұхбатынан: «Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ, ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Ал штабта қағаз жазып отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, өздері де қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па еді! Соғыс сұрапылының бәріне төзгім келді. Бас сауғалауға арым бармайды... Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Мен өзімді-өзім мүлде өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей мен жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін жақтап, мақтап, нашарларын жөнге салсам- командирлік міндеттің орындалғаны ғой деп ойлаймын».

   Мәншүк ер-азаматтармен қатар жер бауырлап жорғалады. Суда жүзіп, қалың ну ормандардан өтті. Пулеметтен шебер атуды үйренді. Тіпті 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең үздік пулеметші атқышы атағына да ие болды. Батыл қыздың ұрыс даласынан өз қолымен жазған соңғы хаты:  «Дорогая мамочка! Вообщем вернусь с Победой. Целую Вас. Дорогая апке! Погибну за Родину, за отца и за Вас! Сыйлықты алдым, бір алма тигеніне де ерекше қуандым. Қазір мен алғы шептемін. Өмірім өте қызықты өтіп жатыр. Жаумен тек зеңбірек оғы арқылы тілдесемін. Егер мен қателеспесем көп кешікпей біз алға жылжимыз. Жалпы алғанда Жеңіспен оралғанда айтар әңгіме көп. Ваша дочь Манчук»

   1943 жылы қазан айының 7-сі күні Невель қаласының маңында орналасқан Изочка темір жол стансасын басып алу үшін ұрыс болды. Осы ұрыста Мәншүк Мәметова жанқиярлық танытып, пулеметімен көп фашистің көзін жойды. Бір өкініштісі сол, шайқаста өзі де ерлікпен қаза тапты. Соғыстың сұрапыл жылдары Мәншүктің қарулас жалдастарының бірі анасына былай деп хат жолдаған екен: «Аға сержант Мәншүк Мәметова жолдас өмірінің соңғы минутына дейін фашистік жауыздарды аямай жойды. Мәметова жолдас жаудың боратып атқан оғына, сондай-ақ өзінің жаралануына қарамастан жауды үздіксіз атқылады. Шабуылына шыққан бөлімдердің тоқтаусыз алға басуын қамтамасыз етіп отырды. Шексіз батырлығымен жауынгерлерде жаңа жігер тудырып, оларға фашистерді құртуда бар күштерін жұмсауға зор дем берді».

   Мәншүк Мәметованы мәңгі есте қалдыру мақсатында Невель қалалық кеңесі атқару комитетінІң алғашқы мәжілісінде қаланың бұрынғы Приамурская көшесін пулеметші қазақ қызы Мәншүк Мәметованың, ал Торфяной көшесін Мәншүк есімімен атауға шешім қабылданғаны туралы алғашқы хабарды 1943 жылы 25 қазан күні Мәншүктің қарулас жолдастары жеткізді.1944 жылы 1 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен аға сержант Мәншүк Мәметоваға Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

   Запастағы майор Леонид Пинигиннің өзі шығарған «Мәншүк» өлеңі:

   «...На фронт была дорога трудна,

Но пройдя через все коллизии,

Пулеметчиком стала она,

21-ой гвардейской дивизии.

Не давая себе отдохнуть,

Во главе боевого расчета,

Пролагала Маншук роте путь

Огнем станкового пулемета.

Остановленный меткой стрельбой,

Что вела Маншук из пулеметов,

Враг ввел новые силы в бой

И открыл огонь из минометов.

Капли крови красной смолой,

Наземь падали, словно вишни,

Но Маншук продолжала бой,

Став легендой еще при жизни.

Даже с раненной головой,

Продолжая  с врагом сводить счеты,

Своей меткой, точной стрельбой,

За погибшие, мстя расчеты.

Лишь когда закончился бой,

Завершив боевую работу,

Дала сердцу Маншук отбой,

Склонив голову к пулемету.

Глаза ее смотрели вдаль незримо,

Но пальцы  крепко сжатых рук,

Застыли на гашетке у «максима»,

И мертвая, вела огонь Маншук!

Шел Маншук двадцать первый год,

Ее подвиг зарей встал над миром.

И за храбрость казахский народ

Называть стал Маншук-батыром!

Спит Маншук под Красной Звездой,

В древнем русском городе Невель.

Где в лугах расцветает весной

И цветет до осени клевер.

И вам скажет любой офицер,

Послуживший немало в жизни,

Ее подвиг, для всех пример,

Беззаветной любви к Отчизне!»


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"