Қазақтан шыққан Даңқ орденінің толық иегерлері

Данқ орденінің толық иегерлері КСРО тарихында Кеңес Одағының батырларына теңестірілген.

Даңқ ордені – КСРО әскери ордені, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 8 қараша айындағы «1, 2 және 3 дәрежелі Даңқ ордендерін белгілеу туралы» Жарлығымен белгіленген. Орденмен кіші құрам марапатталған: Қызыл Армияның қатардағы жауынгерлер, сержанттар және старшиналар, ал авиацияда – кіші лейтенант атағы барларда. Жеке еңбек сіңіргендерге ғана берілген, әскери бөлімдер және құрылымдар онымен марапатталмаған.

Даңқ ордені үш дәрежелі, олардың жоғары 1 дәрежелі ордені – алтын, ал 2 және 3 дәрежелі – күміс (2 дәрежеліде алтын жалатылған орталық медальон). Бұл белгішілер шайқаста көрсеткен жеке ерлігі үшін берілуі мүмкін, қатаң ретпен – төмен дәрежеден жоғарыға қарай. 3-дәрежелі Данқ ордені тек дивизия, және корпус командирі бұйрығымен берілді. 2-дәрежелі  Данқ ордені Майдан, не Армия командашы бұйрығымен және Әскери кеңесінің келісімімен берілді. 1-дәрежелі Данқ ордені ҚСРО Жоғарғы Кеңес Төралқасының жарлығымен берілді. Жалпы 3-дәрежелі Данқ орденімен КСРО көлемі бойынша соғыста 980мың жауынгерлер марапатталған, 2-дәрежелі Данқ орденімен 46 мың жауынгерлер марапатталған, ал 1-дәрежелі Данқ орденімен 2642 (соның ішіндегі 32 қазақ ) жауынгерлер марапатталған. 

1. Әбдешев Қайролла (Абдешев Хайрулла) – 18.11.1925.Ақоба ауылы Ақбұлақ ауданы Орынбор облысы. Ресей. – 07.11.1973.  2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Қазақ. Білімі-7 класс. Қызыл Армия қатарында 1942ж. 7-гв.әуе-десант полкінің автоматшысы (2гв. әуе-десант див., 18-Армия, 4-Украин майданы). 01.08.1944. Ивано-Франковск қаласы үшін ұрыста жауынгерлерін ертіп әкетіп, жеке өзі бірнеше фашисті жайратып, мүлтіксіз бұйрықты орындады. 31.08.1944. 3-дәр. Данқ орд. марапатталды. 22-24.10.1944. Уклин елді мекенде Цаклановице (Закарпат облысы) бір топ барлаушылармен бірге, жау жағына өтіп, 28 атыс нүктесін анықтап тауып, бағалы мағлұматпен өз бөлімшесіне оралды  және жаудың бірнеше пулемет нүктесін жойып жіберді. 28.11.1944. 2-дәр. Данқ орд.марапатталды. 12.20.01.1945. кіші с-т Әбдешев Макранце елді мекенде Оңтүстік-батыс Кощице қаласы маңайында (Чехословакия) жаудың 2 атыс нүктесін жойып, жаудың траншеясын басып алып, жараланғаннан қарамастан Кеңес әскерлері келгенше ұстап тұрды. 15.05.1946. 1-дәр. Данқ орд. марапатталды. 1946ж.өз ауылына аман оралды.        

 

2. Әбдіқадыров Кәкім  (Абдикадиров Каким) 10.07.1920, бұрынғы Сырдария ауданы 14-айрығында, қазіргі Төбе ауылы Сырдария ауданы Қызылорда облысы – 1.11.1978). 2 -дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Қазақ. Білімі 7 кл. Белкүл темір жол айрығында жұмысшы болып істеді. Соғыста 1941ж. шілде айынан. 366- і жеке сапер батальонның бөлімше командирі (189 атқ. див., 42-Армия, Ленинград майданы), қазіргі Санкт-Петербург қаласы. 13.12.43. Пушкин қаласы бойында өз бөлімшесін шабуылға көтеріп, жаудың траншеясына бірінші болып жетіп, шепте бекініп алып жауға тойтарыс берген. 02.01.1944. 3-дәр. Данқ орд. марапатталды. 25.07.1944. Нарва плацдармда Ванамыйза елді мекенде (Эстония) қиын-қыстау кезенде атысты нысанаға дәл көздеп, жаудың 9 дұшпанын өлтірді. 11.08.1944. 3-дәр. Данқ орд. марапатталды, 30.11.1977. қайта 1-дәр. Данқ орд. марапатталды. 23.01.45. Одерфельд қаласы маңайында (Польша) 1 неміс пушкасын, 2 пулеметін және 10 шақты дұшпанын жойып жіберген. 08.03.1945. 2-дәр. Данқ орд. марапатталды. Соғысты Прага қаласында аяқтаған. Бірнеше медальдармен марапатталып, 4 рет Жоғарғы Бас қолбасшыдан алғыс алған. Соғыстан кейін халық шаруашылығында еңбек еткен.

3.Әділбаев Фазыл (Адильбаев Фазыл) 1925 жылдың 7 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Балажал кенішінде туған. 2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Қазақ. 1943 ж. Семей  облысының Жарма аудандық әскери коммисариатымен Қызыл Әскер қатарына шақырылды, 1944 ж. мамыр айынан бастап Ұлы Отан соғысында қатысты. 1945 ж. 29 қаңтарында Фазыл Әділбаев пен оның пулемет тобы гитлершілердің екі ату орнын және Сильна-Нова поляк елді мекенінің қасында 10-нан астам дұшпанды жойды. 09.02.1945 ж. 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№ 241760). 1945 ж. 6 ақпанда Лебус қаласы маңында (Германия) плацдармды кеңейту үшін шайқас кезінде Фазыл Әділбаев пулемет тобына басшылық етіп, 7 жау шабуылдарын тойтарып, үш ату орындарын және оннан аса фашист сарбаздарын жойды, 3 гитлершілерді тұтқынға алды. 16.03.1945 ж. 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№15047).1945 ж. 16-17 ақпанда сержант Ф. Әділбаевтың  пулемет  тобы екі  ату орнын және Одер өзенінің сол жағалауында плацдармды кеңейту үшін шайқас кезінде бір взводтан аса фашист жауынгерлерін жойды. Фазыл Әділбаев бірінші болып Кунерсдорф елді мекеніне басып кіріп (Франкфурттан солтүстік-батысқа қарай), гранатамен дұшпан пулеметін талқандады. 15.05.1946 ж. 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№1407).  Әскер қатарынан босатылғаннан кейін, Семей облысы аудандарында заң саласында жұмыс атқарды, кейіннен  Аягөз қаласында тұрып 01.01.1971. өмірден озды.

4.Әлімов Әбдрақым (Алимов Абдрахим) (10.05.1925. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракестек ауылында дүниеге келген. 2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Қазақ. Сол ауылда жұмыс істеген. Білімі 7 класс. Қызыл Армияда 1942ж. 967-атқыштар полкінің (273-і атқыштар див.,3-і гв. Армия, 1-і Украин майданы). Қатардағы жауынгер Әлімов 22.07.1944ж. ең бірінші болып Батыс Буг өзенінен жүзіп өтіп ынғайлы жерге орналасып жауға тойтарыс берген, және әскери бұйрықты орындауға мүмкүндік туғызған.16.08.1944. 3-дәрежелі Данқ орд. марапатталған. 14.02.1945. Лонцендорф (Германия) елді пункте взводты шабуылға көтеріп, жаудың пулеметін гранатамен жарып, бірнеше немісті жайратып, нәтижесінде елді пункті алған. 18.03.1945. 2-дәрежелі Данқ орд. марапатталған. 22.02.1945.бөлімше командирі Әлімов Бреслау қаласы маңында (Германия) жаудың 2 пулемет нүктесін және жеке өзі 11 неміс солдаттарын өлтірген. 12.03.1945. 3-дәрежелі Данқ орд. марапатталған. 20.12.1951. қайта 1-дәр. Данқ орд. марапатталған. 1945ж.елге оралған. Совхозда жұмыс істеген. 1-дәрежелі Отан соғысы ордені жәнк көптеген медальдармен марапатталған. 26.09.1987. өмірден қайтқан.


5.Әліпов Қизат (Алипов Гизат) – (25.121924, Атырау облысы бұрынғы  Теңіз ауданы Үлкен бугор ауылында дүниеге келген  -  19.07.1986ж.  Дынғызыл ауылы).  2 -дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Қазақ. Қызыл әскер қатарында 1942ж. тамыз айынынан. 1943ж.наурызға дейін Орынбор облысының Краснохолмск әскери жаяу училищеде оқыды. 599 бөлек сапер батальонында, 312-атқыштар дивизиясының , 69-армияның, 1-і Беларус майданында бөлім командирі.Сержант Әліпов 18-шілде 1944ж. түнде топ бастаушы болып қоршалған сымтемірді бұзып біздің әскерлерге жол ашып береді, сол себептен жаяу әскер шабуылға шығып, нәтижесінде жеңіске жетеді.  21.07.1944. 3-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. 14.01.1945ж. Зволень қаласының (Польша) солтүстік шығысында аға сержант Әліповтың басқаруымен миналанған жерден жол ашылып тапсырма мүлтіксіз орындалады. 21.02.1945. 2-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады.17 сәуір 1945ж. күні  Лебус қаласының маңында түнде жеке өзі бөлімді басқарды, ал 23 сәуірінде Шпрее өзен бойында бөлімшемен Кеңес әскерлеріне көпір салды.  15.05.1946. 3-дәрежелі Даңқ ордені марапатталады. 1946ж. қазанда елге оралды. Колхозда жұмыс істеді, 1958ж. Орал қаласында техникум бітіріп колхоз төрағасы, Қызыл Оба совхозының қой ферма менгеруші болып жұмыс атқарды. Отан соғысы орденімен, жауынгерлік ерлігі және көптеген медалдармен марапатталған. ҚазССР Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген жұмысшы. 


    

6.Аманбаев Әлімбай (Аманбаев Алимбай) – 23.10.1922ж. Көне Үргеніш ауылы Үргеніш ауданы Ташауыз облысында туған. Түркменістан. 2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Қазақ. Білімі 10 класс. 101-і гв. танкіге қарсы жойғыш артиллерия полкінің нысанашысы, 15 жеке артиллериялық бригада, 48-Армия, Белорус майданы. С-т Аманбаев 10-15.10.1944ж. Лесьне – Хылины елді мекенде Онтүстік-шығыс Макув қаласы бойында (Польша) өз зеңбірегімен немістің 2 танкісін қиратты, және жаудың 2 пулеметін жойды. 23.11.1944. 3-дәрежелі Данқ орд. марапатталды. 26.01.1945. Вартенбург қаласы маңайында жаудың 1 танкісін өртеп жіберіп, 6 пулемет нүктесін жойып, 10 шақты неміс солдатын жойды. 16.04.1945. 2-дәрежелі Данқ орд. марапатталды. 20-24.04.1945. Грайфенхаген қаласы бойында дұшпанның 2 пулеметін, 15 адамын өлтіріп, атқыштар бөліміне Одер өзеніне өтуге жол ашты, келесі күні плацдарм кеңейтіліп тағы да жаудың 15 адамын, 3 пулеметін жойып жіберді. 02.06.1945. 2- дәрежелі Данқ орд. 07.06.1968ж. қайтадан 1-дәрежелі Данқ орд. марапатталды. 1946ж. соғыстан оралған. Қазан Революция, 1, 2- дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордені және көптеген медальдармен марапатталған. Нүкіс (Қарақалпақстан) қаласында тұрған.

 

 

         Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ,

Құрлық  Әскерлері Әскери  институтының

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы

бауыржантанушы, Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов атындағы

медальдардың иегері

(Жалғасы бар)


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"