ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қазақ елінің өшпес шоқ жұлдызы

Қазақ елінің өшпес шоқ жұлдызы

Әр елдің өз қорғанысы, сол елді қорғайтын қорғаушысы болады. 25 мамыр күні – Ұлы Отан соғысының, Кеңес Одағының батыры, тарихи тұлға, Халық қаһарманы, егеменді Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың дүние есігін ашып, өмірге келген күн. Сағадат Нұрмағамбетов бір елдің ғана қорғаушысы емес, екі елдің басына біткен бағы.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1924 жылдың 25 мамырында Целиноград облысы, Алексеев ауданында дүниеге келген. 1924 жылы мектеп табалдырығынан бастап Түркменстанның Кушка қаласындағы әскери училищеге жолданады. Оны аяқтай сала, Ұлы Отан соғысы алаңына келеді. Батыр соғысты пулемет взводы командирінен бастап, соғысты Берлин қаласында аяқтайды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып тағайындалады. Қорғаныс министрі болған уақытта біздің армияның құрылуына зор үлес қосты, оның жүріп өткен жолы мен әскерилердің арасындағы беделі жаскелең ұрпаққа үлгі мен өнеге.

                    Батыр ұлы қазағымның өзіңіз

                    Қан майданда сұм соғысты көрдіңіз

                    Келер ұрпақ жас сарбазға бүгінде

                   Үлгі болар жүріп өткен жолыңыз.

Сағадат Нұрмағамбетов – сұмдық, тажал соғыстың куәсі болып, Жеңіс жолының тасын қалаған тұлғалардың бірі. Басқа соғыс қатысушылары сияқты, ол үшін де соғыс, қан мен тер, зұлымдық арқылы жеткен жеңіс – жеке өмірінің бөлшегі іспеттес.

«Өткен соғыс сәттері көпті үйретті. Аға буынның қаны мен тері арқылы жеңгенді бағалау керек, жас ұрпақ - жауынгерлік дәстүрді асқақтатуы, алға қарай бейбіт жолмен ұмтылуы керек» деген батыр сөзі көпке ой салмақ.

Тілшінің «Сізге соғыс жалдарындағы ең қиын сәттер» деген сұрағына батыр ағамыз: «Көз алдымыздағы қар қызыл болған, қантөгіс соғыс» деп толғана жауап берген.

                      Тарих қой өткен жолыңыз

                      Қаһарманы қазағымның болдыңыз

                      Ерік, жігер, қайсарлықтың белгісі

                      Өзіңізден табады ғой көрініс

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті әскери кафедрасының бастығы генерал-майор Уали Еламанов бір сұхбатында:  «Армия генералы С. Нұрмагамбетовтың басшылығында әскери қызметін атқарғандар үшін бұл зор мақтаныш. Себебі оның өмірі – ерлік. Оның жүріп өткен өмір жолы туралы зерделі, танымды роман жазуға болады. Бірге қызмет атқарған кезді еске аламын. Оның ұқыптылығы, шыншылдығы, кез келген сәтте қол ұшын соза білетіндігіне риза боламын» деген еді.

Адамдардың өмірі мен тағдыры – кітап іспеттес. Өзінің қилы өмір жолы және Қарулы Күштердегі көпжылдық қызметі туралы Сағадат Қожахметұлы «Лицом к огню», «Мой передний край», «А в памяти нет тишины» атты еңбектерінде жарық көрген. Қазіргі таңда Армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебі бар.

Батырлардың ерлігі алдында бас ие отырып, біз болашаққа үміт артамыз. Ерліктің шеті бар да шегі жоқ. Отан алдында өз борыштарын орындап, өшпес із қалдырып, егемендік сыйлаған батырларымызға мың тағзым. 

 Сағадат Нұрмағамбетов – ерліктің, шыдамдылықтың, ақыл-ой мен ерік-жігердің бейнесі. Ержүрек, дана ағамыз арамызда болмаса да, әрдайым жадымызда. Батыр ағамыз әрбір қазақ жүрегіндегі Қазақ елі аспанындағы өшпес жарық жұлдыз!

 

Өшпес тарих жүріп өткен жолыңыз

Жас ұрпаққа ой салдырар сөзіңіз

Қазағымның аспанында

Жарқыраған шоқ жұлдыз!

                                                                                                                                                                                                                                              Ефрейтор  Ф. Алшабаева

55765 әскери бөлімінің аға маманы


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: БПЛА Wing Loong - "птеродактиль" казахстанской авиации

Инфографика: БПЛА Wing Loong - "птеродактиль" казахстанской авиации