Қазақ әскери дәстүріндегі лауазымдар қалай аталған?

Қазақта қол бастаған әскерилерді жалпылама қолбасылар, батырлар, құрамындағыларды жауынгер, жасақ деп атағанмен, олардың әрқайсысының өзіндік лауазымдары болған. Көнеден жеткен түркі жазба ескерткіштерінде бек, тархан, баһадүр, әмір, сұлтан, уәзір сынды биік лауазымдар жиі аталады. Патшаның екі жағында отыратын кеңесшілері де әскер бастайтын майсары немесе маймене деп аталған. Қазақ хандығы құрылған тұста  майсары атауы оң қанат, маймене сол қанат болып өзгерді. Ал әскери жасақтардың құрамы мен басқару жүйесі лауазымы төмендегідей болып қалыптасқан.

Жауынгер – кез келген жағдайда дайын тұратын әскери адам. Жауынгерлер өз қолбасшыларына бағына отырып, берілген бұйрықты міндетті түрде орындауы шарт. Бұйрықтан жалтарған жауынгер қатаң түрде жазаға кесілетін болған.

Шерік – моңғол тілінен енген сөз. Ол қару-жарағы сайма-сай, әбден шыныққан сарбаз.

Сарбаз – арнайы әскери дайындықтан өткен жауынгер, ол кез келген төтенше жағдайда өз бетінше іс-қимыл жасай алады. Бірақ ешуақытта өзін-өзі басшы сайламайды. Ол міндетті түрде өзінен жоғары лауазым иесіне бағынады.

Қолбасшы – кез келген әскери жасақты басқарып кете алатын жауынгер. Көбіне қолбасшылар жүрек жұтқан батыр да, білегі күшті палуан да болып келеді. Орта ғасырда қазақ батырларының дені қолбасшы санатына жатқызылды.

Сардар – қол бастау ісіне де, ел бастау ісіне де төселген жауынгер. Сардарлар хандардың сенімді өкілі болған. Ол бес қаруды толық меңгерген, соғыс ісіне аса шебер болуы шарт.

Баһадүр – ерте заманғы әскерилер жігінің өкілі, бір сөзбен айтқанда батыр. Аса үлкен шайқастарда ханды қорғап қалған жауынгер баһадүр атағын иемденетін болған. Сондай-ақ қара халықты жаудан қорғаған жауынгерге де хан баһадүр атағын берген. Бұлардың өзге жауынгерден айырықша болып тұруы үшін дулығасына құс қауырсындарынан «жыға» шаншып, найзалары мен сүңгілеріне жеке туларын тағып жүрген.

Аламан – әскери іс-қимылдан көрі бейбіт жағдайларда топ бастайтын сөзге шешен, білегі мықты адам. Аламан аса ақыл иесі де болуы керек.

Шора – бұл да батыр әрі мерген жауынгер. Негізі шора әскери лауазымға толық жата бермейді. Күллі түркі халықтарына ортақ бір аңызда Шора есімді ер жігіт аң аулап, өз руын аштықтан аман алып қалған екен. Сондықтан халық Шораның есімін ұзақ уақыт бойы ұмытпай, аңшы болған адамдарды сыртынан солай атаған.

Жасауыл – көбіне хан, патша әскерінің сыртынан бақылап отырады. Жауынгерлердің сауыт-сайманын, қару-жарағы, аты мен азық-түлігін қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, әскербасының шабарманы. Қала қамалының қақпасына күзет осы жасауыл басқарған әскери топқа жүктелген.

Онбасы – біріккен үлкен жасақтың белгілі бір тапсырманы орындауға арналған он, не он екі адамнан тұратын жауынгерлік топ басшысы. Дәрежесіне қарай, онбасы жүзбасыға бағынады.

Жүзбасы – жүз әскерге басшы. Кейде бір ауыл осы жүзбасыға бағынған.

Мыңбасы – кейде мыңбегі деп те айтылады. Мыңбасын түркілер – бек, моңғолдар – ноян, арабтар әмір деп атаған. Мыңбасылар кез келген жағдайда әкімшілік билікке араласа беруіне құқылы.

Түмен – түркілер мен моңғол ұлыстарында болған ірі басты әскери лауазым. Бір түменге он мың әскер бағынышты болады. Бір түмен әскерді қазақ жер қайысқан қол деп атай береді.

Бас қолбасшы – күллі қолбасшылардың барлығының төрешісі деп айтуға болады. Бас қолбасшылар соғыс кезінде әскери іс-қимылды түгелдей өз басшылығына ала отырып, өз бетінше тәуелсіз шешім қабылдауға құқылы. Сонымен бірге одақтас мемлекеттердің де жасақтарына басшылық жасай береді. Жоғары дәрежелі бас қолбасшы қажеттілік туындаса бір елдің барлық азаматтық құрылымдарына төтенше билік жүргізеді.

Шабарман – әскери адамға жатпағанмен, қару асынып, ары-бері хат-хабар жеткізіп, ханның, әскербасының тапсырмасын орындап жүретін аттылы адам.

Ерлан Оспан

 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"