Оқ ататын қаруды иемдену үшін қалай тіркеуге немесе рұқсат алуға болады?

Қазақстан азаматы иемденіп алған ұзын ұңғылы атыс қаруы, аңшылық пневматикалық қару, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды, сондай-ақ газ пистолеттері мен револьверлері иемденіп алынған күннен бастап бір апта мерзімде тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарында тіркелуге тиіс.

Қорғануға арналған тегіс те ұзын ұңғылы атыс қаруын тіркеу кезінде ҚР азаматына тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органы осындай қаруды сақтауға бес жыл мерзімге рұқсат береді, ал аңшылық және спорт қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерін, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді),  электрлi қаруды тіркеу кезінде - оны сақтау мен алып жүруге рұқсат береді.

Қару иемденіп алуға рұқсат алу үшін ҚР азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда: өтініш, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және ҚР азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті.

Қару сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, қорғануға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерді, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді), электрлi қаруды бірінші рет иемденіп алатын адамдар тұрғылықты жерінде ҚР Үкіметі осындай құқық берген ұйымдарда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарлама бойынша қаруды ұстау қауіпсіздігі ережелерін білетіні жөнінде тексеруден өтуге міндетті.

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондай-ақ оларды Қазақстан аумағына әкелуге және әкетуге қорытындылар берілгені үшін ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"