«Ол жас - он молодой» Олжас Сүлейменовтың ой-пікірлері тоғысқан жаңа кітап осылай аталады

Былайғы жұрт «күлкі күні» немесе «алдау күні» деп атап кеткен 1-сәуірде осы айтулы датаға орайлас шаралар ұйымдастырылып жатады. «Эксспресс К» газетінің редакциясында жаңа кітаптың тұсауы кесіледі екен» деген хабарды алғаш естігенде өзгені қайдам, өз басым бұл туындыны сатиралық жинаққа жатқызып қойдым. Мүмкін, әлгі хабарды әйгілі сатирик-журналист Ескендір Ертайдан естуім де осындай ойға жетелесе керек. Ал, шын мәнінде аталмыш редакцияда айтулы күнмен мүлде астаспайтын шара өтті.
Тұсауы кесілген жаңа кітап «Ол жас – он молодой» деп аталады. Кім жайлы дейсіз ғой? Бұл сұрақтың жауабы да оп-оңай. Ол үшін кітап атауындағы алғашқы екі сөзді біріктіріп сөйлесеңіз жетіп жатыр. Ия, жаңа шығарылым сонау Кеңес Одағының кезінде тың дүниелерімен, тұшымды ойларымен төрткүл дүниеге танылған Олжас Омарұлы Сүлейменовке арналған. Кітапқа белгілі журналист Тілеужан Есілбаевтың көрнекті жазушымен 2008 жылдан бастап жүргізген 8 сұхбаты енген екен. Кезінде «Экспресс К» газетінде орыс тілінде жарияланған бұл материалдар кейіпкердің ғаламдық деңгейдегі толғаныстарымен, онда ортаға салынған ой-пікірлердің өзектілігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Осы орайда, айта кетер жайт, жаңа жинақ екі тілде, яғни орыс және қазақ тілінде жарық көрген. Сұхбаттарды ана тілімізде «сөйлеткен» – журналист Ескендір Ертай. Бүгінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Бұқарамен байланыс департаментінде қызмет етіп жүрген бұл азаматқа кітап авторы айрықша алғысын білдірді. Бұған негіз де жоқ емес. Аудармада автордың жазу стилі сақталған. Кез келген оқырман көкейге түйе алатындай тілі жатық. Кейіпкер тарапынан айтылған орыс тіліндегі ой-пікірлер қазақ тілінде де орамды жеткізілген. Осы жағдайларды ескеріп, оқырман назарына «Ол жас – он молодой» атты жаңа кітапқа енген, «Экспресс К» газетінде 2015 жылдың 9-желтоқсанында жарық көрген «Қазақстан адамзаттың ұлы қоныстануы атласын жасай алады» деген сұхбатты ұсынғанды жөн көрдік.
                                                                                                                                                                                                                

Қазақстан адамзаттың

ұлы қоныстануы атласын жасай алады

Иерусалимде өткізілетін «Ежелгі тарихтағы Ұлы қоныстану» тақырыбындағы бесінші халықаралық конференциясына жүрер алдында «Қазақстан Адамзаттың ұлы қоныстануы атласын жасай алады», – деп мәлімдеді «ЭК» тілшісіне атақты ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов. Халықаралық конференция (2013-2022) мәдениеттерді жақындастырудың он жылдығына арналған.  2008 жылы ЮНЕСКО аясында біздің еліміздің бастамашылығымен БҰҰ Бас Ассамблеясы  қабылдаған «Ұлы көшіп- қоныстану» ғаламдық жобасы негізінде өткізіледі.

 

– Олжас Омарұлы, конференцияның мақсаты не, онда қандай мәселелер туралы сөз болады?

–  Бәрінен бұрын бұл конференцияның «Мәдениет» қоры мен Хадасск академиялық колледжі, Қазақстанның Израилдегі елшілігінің ұйымдастыруымен өткізілетіндігін атап өткен жөн. Конференцияның басты мақсаты - Ғаламдық жоба ретінде жер шарындағы адамзаттың орналасу картинасын жасау, оның ішінде мәдениеттер арасындағы диалогты орнатудағы тиімді құрал ретінде,  ғылыми шараларға лайықты көңіл аударту. Иерусалимдегі конференцияда ежелгі Алдыңғы Азия: Парсы шығанағынан, оңтүстік Араб түбегінен Кіші Азия арқылы Кавказға дейін қоныстану туралы  айтылады. Бұл қай мезгілде болған оқиға? Ол әрине Вавилон, Ассирия жазбалары пайда болған дәуірдегі оқиғалар.  Материалдар өте көп. Өткен конференцияда негізінен археологтар көп қатысты. Себебі, онда біз ежелгі тас дәуіріндегі көшіп-қоныстану туралы мәселені қарастырған болатынбыз. Ол кезде жазба көздері сирек және мүлдем болмады деуге де сияды. Ал, ендігі жерде  ежелгі жазбалармен айналысатын лингвистер, полиографтардың көмегі қажет болады.

Иерусалимде өткізілетін шаралар – бесінші конференцияның бірінші бөлімі. Себебі, бұл аумақ өте үлкен. Конференцияның екінші бөлімін келесі жылы көктемде Стамбул университетінде өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда ежелгі Кіші Азия туралы айтылады. Себебі, ол ертеректе қоныстандырылған. Шумерден де бұрын (біздің эрамызға дейінгі төртінші мыңжылдық), онда он мың жыл бұрын қалалар өзіндік ғажайып, сәулет үлгілерімен қызықтырады. Оны археологиялық қазбалар растайды.  Ең ерте өркениетті гомо сапиенс қоныстанған аумақта селолық аңшылар, балықшылармен қатар қалалықтар да тұрған. Мұны мемлекет деп атауға да болады. Бұл жөнінде біз әзірге өте аз білеміз. Себебі, археологиялық артефакты үнсіз. Біз қосымша олардың әйтеуір бір жазба тәсілі болған, болмағанын да білмейміз. Мүмкін, археологтар бірнәрсе тауып қалар. Мен қаласы болған жерде, мемлекеттің болғандығына, мемлекет болған жерде – жазба тәсілінің болғандығына сенімдімін. Сондықтан да, алдағы конференцияда адамзат тарихының жаңа беттері ашылады деп ойлаймын.

Бұл жобамен бұған дейін әлемде ешкім айналыспаған. Тек қазақстандықтар ғана айналысуда. Алғашқы конференцияны мен 2008 жылы Парижде өткіздім. Бұл жолғы бесінші конференциямыз - Американы, Оңтүстік Шығыс Азияны, Еуропаны қоныстану туралы талқылаймыз. Біз әрбір конференциядан кейін қатысушылардың баяндамаларын кітап етіп шығару үшін жинаймыз. Әйтеуір күндердің күнінде Адамзаттың көшіп қону атласын жасаймыз. Бұл Қазақстанның «Адамзат тарихы» ғылымына қосқан ұлы үлесі болып табылады. Аталмыш жобаны ЮНЕСКО аясында жүзеге асырудамыз.

Онда біз жерде адамзаттың қашан пайда болғандығы туралы айтамыз. Иә, біз көшпелілерміз. Жер шарының белгілі бір аумағын алып иемденіп отырған  жұрттар да,  кезінде белгілі бір мекеннен көшіп келгендер. Қазір кезінде біздің ата-бабаларымыз тұрған жерлерді тауып жатырмыз. Сондай-ақ, ежелгі Алдыңғы Азияда славяндардың ата-бабалары, германдықтардың Кіші Азияда ата-бабаларының тұрғандығы анықталып жатыр. Міне, осы танымдар мен жаңалықтар - адамдар жардың басына келіп қалған кезде табылып, ашылып жатыр. Гомо сапиенстің - адамзаттың тылсым, беймәлім тарихын білмегендігінен кіндігі үзілгелі тұр.  Бүгінде, біздің болашағымыз өздерін жоғары, үстемдігін  сезінген саясаткерлердің    тәкәппарлығына, демі піскен  менмендігінің құрбандығына айналғалы отыр. Біздің болашағымыз солардың құбылмалы амбициясына байланысты.   Біз осы кеудемсоқтардың  теледидардан, газет беттерінен, Интернеттен күресін күнде көріп жүрміз. Күрес болса, осы «алаңда» бола берсін, әскери қару жарақ арсеналы құлып астында қалса екен. Осы мәселе туралы Иерусалимде айтамыз.

Менің ойымша, оның халықаралық маңызы былай болып келеді: Ол барлық халықтардың «жер бесіктен» тербеліп өскендігін айғақтауы керек. Өткен тарихи кезеңдерде жер шарында үнемі қозғалыста өмір сүрген. Бір-бірімен тұрақты түрде өзара қарым-қатынасқа түскен. Үзіліссіз араласып және өзгеріп отырған. Сөйтіп, жаңа халық немесе ескінің жаңаша түрі болып жетілген. Мұның барлығы да халықтардың арасы қаншалықты алыс болғанымен, шын мәнінде, олардың бір-біріне туыс екендігін айғақтайды.

–  Ақпанда өткізілген «Алматы 2015 жылғы ислам мәдениетінің  астанасы» халықаралық конференциясында Сіз, ғаламдағы бейбітшіліктің орнауына ислам мен христиан мәдениетінің жақындасуы ықпал етеді деген едіңіз. Ол үшін не істеуіміз керек?

–  Ол үшін гуманитарлық ғылымдардың өкілдері бос сөздерден бас тартып, нақты іспен айналысуы керек. Себебі, бұл ғылымның қазіргі таңда техникалық ғылымға қарағанда, кезекті бомба жасаудан оны жеткізуден әлдеқайда маңызды болып отыр. 

Мектеп оқушыларына түсіндіріңіз: неге бұрынғы бауырлас,туыстас мәдениеттердің арасы ажырап кетті? Оның себебі неде? Неге бір тұқымнан өсіп-өнген туыстас өркениеттер мыңдаған жылдар бойы   жауығады? Себебі, соғыс мектеп оқушыларының ойында пайда болады. Соны бастауыш сыныптарда сөндіріп тастау керек.

Сондықтан, менің білімнен үмітім жоғары.

Қазіргі таңда бір-бірімен соғысып жатқан жаппай надандықтар, білмегендіктен у ішкендер. Мұның барлығы да өзімізді бір ғана гомо сапиенс-ойлы адамзат өкілі екенімізді білетіндердің көз алдарында болып жатыр. Ал,соғысты мүлдем ештеңе ойламайтындар ұйымдастырып жатыр.

Келер ұрпақ мәдениеттердің іргесі неден ажырағандығын білуі тиіс. Қашан біз оның себебін анықтап, еңсеру мүмкіндігін білген кезде, біздің қазіргі ұмтылысымыздың соңғы нәтижесі – ғаламшардағы тұрақты бейбітшілік орнайды.

Тағы да айтарым. 2008 жылы Қазақстанның бастамашылығымен  ЮНЕСКО арқылы 2013-2020 жылдар мәдениеттердің жақындасуының, үнқатысуының онжылдығы деп жарияланды.  Осы онжылдық өтіп жатыр. Ал, жақындасу жоқ. Әзірге мәдениеттердің ара жігі ажырап кеткендігінің мәнісін түсіндіруіміз керек. 

   - Неге, бір конфессия шегінде ажырасу неліктен орын алды? Қазір ол кішкене ғана жарықшақтан, алынбас ор, құлама жар, құзға айналды. Бұл жерде әңгіме - шейіттер мен суниттер, алавиттер турасында болып отыр. Протестанттар мен католиктер де өршіп барып, тынышталып, басылған секілді. Жүздеген жылдар өтті. Олар осы кезге дейін соғысып жатыр. Қазіргі Сириядағыдай емес, бәсеңдеу.

Мен өткен жолғы сұқбатымдағы жайды тағы да қайталап айтамын. Әлем соғысқа толғатып тұр. Шын мәнінде толғалы қысып жатыр. Ұшақтарды атып түсіруде. Жақында Синайда ашық түрде атқылаған.

   - Осыдан бір жыл бұрын Сіздің басқаруыңызбен  «Мәдениет» қоры құрылды. Осы аралықта мәдениеттер арасындағы үнқатысу және өзара түсіністікке қадам жасауда қор қандай әрекеттер қолданды?

– Біздің қорымыз халықаралық қауымдастықтармен және олардың өкілетті органдарымен, алдымен ЮНЕСКО арқылы, адамзаттың ғасырлар бойы жасаған ақыл ойы мен білімі, ғылым мен мәдениеттегі қайраткерлердің бай мұраларын пайдаланып,   ғаламшарлық түйсіну мен сезінуге тәрбиелеу қажеттігін білгендіктен құрылды. Қорды құру мәдениеттердің үнқатысуы мен өзара түсіністігінің жаңа құралы қажет екендігінің жауабы болып табылады.

Біз зорлық-зомбылыққа қарсы, бейбітшілік пен нәсілдік, этникалық және әлеуметтік  кемсітушіліктерге қарсы күресе отырып, мәдениеттерді жақындастыруға шақырамыз. Ол өз кезегінде, ұлттар мен ұлыстардың байланыстарын және алуан түрлілігін көрсетіп, ол арқылы этностардың ықпалдасуына жол ашып, жалпыадамзаттық философияның қалыптасуына қызмет етеді.  

Қазіргі кезде, ғаламдану үдерісінің деңгейі мен күшінің көтерілгені  соншалықты, оны әрі қарай дамыту - жалпыға бірдей танымдық концептуальдық қолдауға мәжбүр етеді. Олай болмаған жағдайда, оның соңы Жердегі өмірге қауіпті, келеңсіз, апатты  жағдайларға соқтыратындығы байқалып отыр. Біз халықаралық білімнің «Мәдениеттер тарихы» атты оқу құралымен қаруланғанбыз. Алдымен, бәрінен бұрын, өзіміздің замандастарымызға адамзаттың тарихы туралы айтуымыз керек.

Көшіп-қоныстанудың тарихы туралы материалдар жинаған кезімізде біз,  2008 жылы  адамзаттың әр түрлі мекенде пайда болмағандығын, бір ғана Шығыс Африканың экваторлық бөлігінде бір ғана жерде пайда болғандығын дәйектедік.

Одан Араб түбегі арқылы Таяу Шығыспен Еуропаға дейін жеткен.  Біздің жыл санауымызға дейінгі үшінші мыңжылдыққа дейін Еуропаның батыс бөлігінде ежелгі адамдар қалыптасты. Сондықтан да, Жерорта теңізін олардың арғы аталарының өмір сүрген жері деп атауға болады. Ал, үшінші мыңжылдықта Араб  түбегінің оңтүстігінен көшпенділер келгенде, ежелгі семиттер Шумерді жаулап, мәдениетін меңгерді. Вавилон, Ассирияны құрды. Одан әрі Шығысқа қарай, жол тартып, күнге табынушылармен  табысты. 

Себебі ежелгі семиттер мен шумерлер Шолпан  жұлдызына сенсе, түрік-оғыздар Күнге, түрік-қыпшақтар да Шолпанға  табынды. 

Сондықтан да олар Шолпанның отаны Батысқа тартып Аппенин түбегіне жетті. Біз осындай бағыт-бағдарларды байқадық.

Оғыздар ежелгі түрік бабалары – қытай, жапон және басқа халықтармен бірге, екінші мыңжылдықта шығыстық деп танылып, Күннің отанын іздеп,Тынық мұхитқа дейін жеткен. Солармен бірге түрік-оғыздар, майя, ацтектер басқалар да бірге кеткен. Олар тек Тынық мұхитпен тоқталып қалмай, - Оңтүстік Америкаға жеткен.

Мұның барлығы туралы балаларымызға айтып, аталарының қайдан шыққанын білдіруге тиіспіз. Олар қазіргі осы тұрған, осы өңірде туып өскен.

Біздің аталарымыз жерұйықты іздеп, бүкіл әлемді шарлаған. Сөйтіп, осындай алып жерді этнос ретінде халқымызға қалдырған. Біз осы жерді көзіміздің қарашығындай қорғап, оған күтіммен қарап, оның жайнап, Мәңгілік елге айналуына қызмет етуге тиіспіз.

Біз осындай мәңгілік тақырыптарды талқылай отырып, бүгінгі және алдағы күнімізді ойлап, бейбітшілік пен еліміздегі тыныштықты қалай сақтаймыз, осы жайларды көп ойлауымыз керек. Әрбір мемлекет өзінің даму моделін тауып, оны әмбебеп еткісі келеді. Ол тек қана автономды дербес, томаға-тұйық  өмір сүрмей, көршілерімен қатар, басқа да халықтармен теңдей өмір сүруі қажет.

Міне осы модельді біздің, қазақтардың таңдағандығына және түсінгендігіне, Мен, разымын.

Бұл модельді әрі қарай насихаттай отырып, адамдар арасындағы қазіргі қалыптасқан қарым-қатынас үйлесімін бұзбауымыз керек. Ол ондаған жылдардағы драмалар мен трагедиялардың арқасында пайда болды. Мұның барлығынан аман-есен өткендіктен, біз оның құндылығын сақтап, кейбір елдердегідей көпсөзді мылжыңдардың сатып алуына бере алмаймыз.

Маған, әрине, мұның барлығын жазба түрінде қалдыруға үлгеруім керек.

Маған әрбір күн қымбат, көп мәселелердің барлығының басын ашып, айтып үлгеруім керек.

Жақында мен Украинаға өзімнің досым Борис Олейниктің 80 жасқа толу  мерейтойына байланысты жеделхат жолдадым.  Онда мынадай жолдарды келтірдім: «Борис, шыда!, Бізге шыдауға тура келеді. Себебі, біз көп білеміз. Біз адамдарға көп нәрсені айтып үлгеруіміз керек».

Мен бұл сөзді өзіме де арнаймын. Біз үлгергенімізше, барлығын айтуға тиіспіз. Өйткені, жас ұрпақ біздің буынымыздың көз алдында болған қателіктерімізді қайталамауы керек.

Тілеужан ЕСІЛБАЕВ

Қазақшаға аударған Ескендір Ертай


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"