Мәскеу қорғанысы үшін шайқасқа 75 жыл толды

Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихындағы маңызы зор оқиға – Мәскеу қорғанысы үшін шайқасқа 75 жыл толды.

1941 жылы қазан айының басында неміс-фашист әскері Мәскеу қаласына айтарлықтай жақындады. Қазан айының 8-і күні гитлерлік насихаттың министрі доктор Геббельс «Кеңес мемлекетінің астанасын иеленуге аз-ақ қалғаны және көп ұзамай Кремль мұнарасынан Ұлы Германияның тулары желбірейтіні» туралы хабарды Берлин радиосынан таратуға асықты. Себебі неміс басқыншылары Париж, Вена, Прага, Осло қалаларынан соң Мәскеуді де тез арада басып алуды көздеді. Мәскеу жан-жақты қорғанысқа кірісті. Қаланы қорғап қалу мақсатында жүргізілген инженерлік жұмысқа 450 мың адам жұмылды. Оның ішінде 50 мың студент, ал, жұмысшылардың 75 пайызы әйелдер болды. Лондон, Ливерпуль, Бирмингем, Бристоль, Варшава және Роттердам қалаларын бомбалағанына қарамастан, Мәскеу әуе қорғанысына барынша назар бөлді. Әуедегі ұрыс кезінде қала тұрғындары үшін әлемдегі ең ірі және сенімді метро қызмет етті. Әкімшілік ғимараттарымен қоса Германияның, Италияның, Жапонияның Мәскеудегі елшіліктері, ірі сауда орталықтары, Вахтангов атындағы театр, «Прага» мейрамханасы бомбаның астында қалды. Тек Кремль ғана бүлінбеді. 1941-ші жылы қазан айының ортасында дипломатиялық мақсаттағы ұйымдар мен көптеген мемлекеттік мекемелер, жалпы алғанда 2 млн-ға жуық адам көшірілді. Фабрикалар мен зауыттар жедел түрде шығысқа эвакуацияланды. Жауға қарсы әрекет жасау үшін Мәскеу түбіндегі Қызыл Армияның қолында 800 мың жауынгер, 10 мың қару-жарақ, 800 танк және 400-ге жуық самолет болды. Бұған қоса халықтың күшімен дивизиялар мен полктер жасақталып, Мәскеу берік қамалға айналды. Осы кезеңде еліміздің басқа аудандарында жаңа құрылымдар мен бөлімдер құрылып, шешуші шайқас орнына жылжи бастады. Қараша айының 1-15 күндері аралығында Батыс майданға 100 мыңнан астам жауынгер, 300 танк, 2 мың артиллериялық қару, Урал, Сібір, Байкалдан және басқа да еліміздің шалғайындағы өзге аудандарынан қысқы жағдайдағы қимылға өте жақсы дайындалған 40 дивизия келіп қосылды. Алайда, қабылданған шаралардың кешенінен Мәскеуге төнген қауіп кеміген жоқ. Ұлы Октябрь революциясының 24 жылдығын кеңес халқы қиын кезеңде қарсы алды. Қызыл алаңда өткен шерудегі және салтанатты жиналыстағы Сталиннің баяндамасы елге рухани күш беріп, фашистік Германияның тізе бүгетініне сенімдерін күшейтті.

   Шығыс майданындағы ұрысты фюрер өз көзімен көруге бел буды. «Орталық» армия тобының дала штабындағы жоспарына сәйкес, Кеңес Одағының бас қаласы тірі адам шыға алмайтындай түгелдеу қоршауға алынып, ақыр соңында жермен-жексен болуы тиіс еді. Бұл операция жасырын түрде «Тайфун» деп аталды. Шайқастың шешуші кезеңіне он күн қалғанда жаудың армиясы 200 шақырымға дейін кері шегінді. Олар жолда кезіккеннің барлығын күл-талқан етті: 640 селоны толықтай жойып жіберді, 374 кәсіпорынды істен шығарды. Астықты да өртеді. Адамдарды аяусыз өлтіріп, тірі қалғандарының жанын қинады. Көне сәулет ескерткіші – жаңа Иерусалим шіркеуін жарып жіберді. Клин қаласындағы П.И.Чайковскийдің мұражай-үйі мен Ясная Полянадағы Л.Н.Толтойдың музейін және бейітін түк қалдырмай тонады. 1942-ші жылдың ақпан айының соңында немістің Бас штабының бастығы Гальдер вермахтың 112 мың солдатының түрлі деңгейде үсікке шалынғанын, бұдан әрі идеал үшін емес, тек тірі қалу үшін ғана соғысатынын мәлім етті. Оның дерегіне қарағанда, Мәскеу түбіндегі шайқаста шамамен 202 мың неміс-фашист солдаты өлді. 725 мыңы жараланса, 46 мыңға жуығы із-түссіз жоғалып кетті. Тек қана 1941-ші жылдың 16 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында жаудың 1500 ұшағы, 780 танкі мен 300-ден астам қару-жарағы талқандалды. 11 елді-мекен, оның ішінде Калинин мен Калуга секілді облыс орталықтары азат етілді. Фашистің «блицкриг» жоспары мүлдем жүзеге аспай қалды. Жалпы екі жақтың есебі бойынша, бұл шайқасқа 3 млн адам қатысты. Сондай-ақ 2500 танк, 2 мың ұшақ, 20 мыңнан астам қару-жарақ қолданылды.

   Мәскеу шайқасында Қазақстан жерінде құрылған 312-ші, 316-шы, 238-ші, 391-ші, 387-ші атқыштар дивизиясы мен 74-ші және 75-ші теңіз бригадалары құрметті атаққа ие болды. Бұл ретте Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберіп, Отанын қорғау жолында ұрыс даласында түгелдей шейіт болған 28 панфиловшының, Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, батальон, полк командирі, кейін гвардиялық дивизияны басқарған, 1941 жылы 27 рет шабуылға бастап шыққан, 5 рет қоршауды бұзып, аман-есен дивизиясына қосылған және 9 рет асқан ерлік үлгісін көрсеткен Бауыржан Момышұлының, автоматшылар ротасын басқарған  Мәлік Ғабдуллиннің, «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деп ұран тастаған саяси жетекші Василий Клочковтың қаһармандығын еске алмау мүмкін емес. 238-ші атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан  Рамазан Аманкелдиев – аты аңызға айналған батыр Аманкелді Имановтың ұлы Ока өзенінің бойында, Серпухово түбінде қаза тапты. Бородино селосындағы жаудың әскери бөлімінің штабына еніп, 5 неміс офицерінің көзін құртқан және бірнешеуін тұтқынға алған Төлеген Тоқтаровтың да ержүректілігін елі ешқашан ұмытпайды. Жалпы, соғыс жылдары 13 мыңнан астам адам Кеңестер Одағының орден-медальдарымен марапатталғанын тарих беттері растайды. Ал, Мәскеуді қорғағаны үшін 1 миллионнан астам адамның кеудесіне медаль тағылды. Ержүрек 110 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, оның үштен бір бөлігі қазақстандықтар. Мәскеуге жақын орналасқан батыр қаланың бірі – Алексинде болып қайтқан Ұлы Отан соғысының және әуе-десант әскерінің ардагері, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы Ғабдулғазиз Ахмеровтың жасы 90-нан асты. Қарт жауынгер әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"