Командирлер қандай болу керек? Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ақыл-кенестері

Осыдан біраз жыл бұрын (2006 жылдың қараша-желтоқсаны) Тәуелсіздік күніне қарай Ернар Күлмағамбет журналист ретінде жолығып, тұңғыш қорғаныс министрмен, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовпен сәтті сұхбат құрған еді. Шын мәніндегі тарихи тұлғаның туралығынан, шыншылдығынан айнымай, сұрақтарына салиқалы, сабырлы мінез танытып, тұшымды жауап қатқаны автордын әлі есінде. Сол тұста армия генералынан жазып алған ақыл-кеңестерден, жалпы көпшілікке ортақ тарихи деректерден құралған азынаулақ дүние бар еді, соны ортаға саламыз...

Армия адамға көп тәрбие береді. Армияда бірінші – тәртіп. Тек армияда ғана емес, қайда болсаң да, қай жерде қызмет атқарсаң да тәртіп болу керек. Барлық ісіңді уақытында тындырып, мамандығыңның һас шебері болуың керек.

Армияда достық сезімі күшті болады. Соғыс кезінде окопта, оқтың астында тұрғанда сенің қасыңда досыңнан басқа ешкім болмайды, соған арқа сүйейсің. Соғыстан басқа кездері қызметің бір болады, ортақ мақсатың болады.

Міне, осылар адал достыққа себепкер болмақ.

Армияда әділеттілік болу керек, бөліну дейтін сұмдық болмау керек. Туысқандық, руластық, жерлестікті жолатпау керек! Мұндай нәубеттің тек армиядан емес, бүкіл қоғамнан аластатылғаны дұрыс. Бір ғана ел бар – қазақ. Қазақтың бүтін бір ғана жері бар, ел де, жер де ортақ. Сенің қайдан келгеніңді қайтемін, өзіңнің жеке қасиетіңді бағалаймын.

Осыған орай, бір жайт есіме түсіп тұр, айтып берейін. Мен баяғыда бір жігітті облысқа қызметке жібердім. Біраздан соң әлгі облысқа тексеріспен барғанда, қызметке жіберген жігітім барған жерін, адамдарын жамандай бастады. Тыңдап отырдым. Содан кейін жігіттің өзінен: «Сен қай жерденсің?» деп сұрағанымда туған жерін айтты. Мен оның туған жерін білмей отырғаным жоқ, әдейі сұрап отырмын ғой. «Ол жер қай жақта, Қытайда ма?!» дедім, әлгі түк сезбегендей: «Жоғә, қайдағы Қытай», - дейді. Содан мен шыдай алмай, шынымды айтайын, боқтадым.

Еш уақытта жеріңді, еліңді бөлшектеме, халқыңды сүй, ұлтжанды бол! Жеріңдегі бар байлық елдің, иә, сенің еншіңде. Бағалай біл! Осыны ұмытпа!

Командирлер қандай болуы керек? Иә, командирлердің міндеті көп. Мен әлгінде айттым ғой, мамандығыңды білу керек деп. Мамандығын, өзінің жұмысын дұрыс білмейтін командирлер айқайдан бастайды, өйткені ол қол астындағыларға не айтарын білмейді.

Өзгелер армия дегеніміз – «Ложись!» немесе «Встать!» деп ойлайды. Глупости это! Өзінің қызметін жетік меңгере алмаған, өспеген, өнбеген командирдің ісі сондай болады.

Армияда «үлкен командир кіші командирді үйретеді» дейтін принцип болу керек. Айқаймен емес, әрине. Қол астындағы сарбаз, я болмаса, шені төмен офицер – ол құл емес! Үлкен қызмет атқарсаң, демек сен көп білесің деген сөз. Көп білсең өзгелерге жеткіз білгеніңді.

Бағынатын адамдарға бірдей қарау керек. Өзінің жұмысын дұрыс атқармағандарға үйрет, көрсет, кемшіліктерін жою үшін уақыт бер. Ал, енді, осыдан кейін қызметін орындай алмаса, не қыласың, «не басқа қызметке ауыс, не орныңды босат» дейсің. Жұмысын алып жүре алмаған соң одан үкіметке зиян, елге қандай пайдасы бар?! Осыны әркез естен шығармау керек!

Мен кейде көшеде әскери адамды көріп, жүріс-тұрысына қарасам – ішім ашиды. Фуражкасы қолында, алба-жұлба, бір жағы түзу болса, екінші жағы қисық, бір-біріне әскери қалыппен сәлем бермейді. Сәлемдессе, ауылда жүргендей бірімен-бірі құшақтасып, әскери адамға лайықсыз мінез көрсетеді.

Дұрыс емес! Армияның аты – армия! Тәртіптің аты – тәртіп! Погон тақтың ба – лайық бол!


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"