Көңілашар: Әскери әзілдер

“Лавровый лист” деген жапырақ…

Командир бөлімге жаңа келген жауынгерлерден:

– Қалай, қарындарың аш емес пе? – деп сұрайды.

– Тіптен артылып та қалады!

– Қалатын не нәрсе?

– “Лавровый лист” деген жапырақ…

 

Әскери құпия

Майор сержантқа:

– “Біздің командир болбыр” деп лақап таратып жүрген сен бе? – деп дүрсе қоя бергенде:

– Ондай әскери құпияны таратуға болмайтынын мен жақсы білемін, жолдас майор, – деген екен анау.

 

Хат

Баласын әскерге шығарып салып тұрып шешесі:

– Ондағы шындықты айтып хат жаз, – дегенде:

– Е, онда жазылған хатты тексереді, – деп қалады атасы.

– Онда егер жағдайың жақсы болса – көк сиямен жаз да, ал қиындық боп қиналып жүрсең – қызыл сиямен анау-мынауды сүйкеп жіберсең, мен барып бір жағына шығамын! – дейді шешесі.

Содан біраз өткенде балаларынан: “Бізде бәрі жақсы. Тек нашары – бұнда қызыл сия емге табылмай қор қылуда…” деп хат келген екен.

 

Көрмей қалам

Прапорщик қатардағы жауынгерге:

– Бір құлағыңды кесіп тастаса не болады?

– Есітпей қалам.

– Екеуін де кесіп тастаса ше?

– Көрмей қалам.

– Е неге?

– Каскам түсіп, көзімді жауып қалады.

 

Иди сюда

Бір күні ауылдың баласы әскерден келіпті.

Көптен көріспеген досы сұрап жатыр дейді:

– Сен әскерге барып орысша үйреніп келдің ба?

– Иә!

– Бір орысты шақыру үшін не деп айтам.

– Иди сюда.

– Ал егер кет десем ше?

– Ар жағынан айналып барып «Иди сюда» дейсін, - деген екен.

 

Жапырақты көрмейсің бе?

Сарбаз келе жатыр. Оған қарама-қарсы маршал келеді. Сарбаз құрмет көрсетпей өтіп кетеді. Маршал:

– Сарбаз, неге құрмет көрсетпейсің?

– Кешіріңіз, жолдас лейтенант!

– Сен не, дәреже ажырата алмайсың ба?

– Ой, кешіріңіз, жолдас полковник!

– Сарбаз, сен не, жапырақты көрмейсің бе?

– Немене? Орманшы? Кет әрі!

 

 

Екі шалдың әңгімесі

– Соғыста мен ұшқыш болдым.

– Жақсы болыпты ғой.

– Несі жақсы болды дейсің? Бірде жау тылына барлауға ұшып бара жатқанда, самолетімді атып түсірді.

– Ой, жаман болған екен.

– Несі жаман болды дейсің, парашютпен секіріп кеттім.

– Е, жақсы болған екен.

– Несі жақсы болды дейсің, қырсыққанда парашютім ашылмай қойды.

– Туһ, жаман болған екен.

– Несі жаман болды дейсің, бағым бар екен, шөмеле шөптің үстіне бірақ түстім.

– Е-е, ол жақсы болыпты ғой.

– Несі жақсы болды дейсің, жан-жағыма қарасам, немістер қоршап алыпты.

– Бәлі, бұл енді жаман болған екен.

– Несі жаман болды дейсің, автоматым бар болатын, бәрін қырып тастадым.

– Бәрекелді, жақсы болған екен.

– Несі жақсы болды дейсің, есімді жисам, бәрі өз адамдарымыз екен...


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"