Келелі істерде алда болайық!

Нүркен Әбдіров, Талғат Бигельдинов, Хиуаз Доспанова сияқты ұшқыштардың жолын қуған мықты, білікті ұшқыштар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінде аз емес. Осындай ұшқыштарды тәрбиелеуде арнайы маман иелері тәжірибиелерімен бөлісіп, атына заты сай ұшқыштар қатарын жылдан жылға толықтырып келе жатыр.

Сондай-ақ, сарбаздар мен сардарлар арасында идеологиялық жұмыстарды жүргізу де қалыс қалған жоқ. Идеологиялық жұмыс – мемлекетіміздегі жақсы, игі шаралардың, игі істердің насихатталуына елдің көңілін аударту, олардың орындалуына септігін тигізу, патриот жандарды тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмнің түсінігін жеткізу сияқты түсініктер кіретін ұғым.

Патриот болу – Отанын сыртқы және ішкі жаулардан қорғай алу, өзінің туған жері үшін жаны ашып, оның өркендеуіне үлес қосу, біріне – ана тілі, біріне – мемлекеттік тіл болып саналатын қазақ тілін әскери салада да меңгеру, оны күнделікті қызметте пайдалану жұмыстарына да аса мән беретін жандар. Әр елдің өз тілі, мемлекеттік рәміздері болуы шарт. Оның бәрі егеменді, тәуелсіз елімізде бар.

Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді дамыту, оқыту жұмыстары сонау құрылу тұсынан бастау алды, сол жылдардан бері тіл мамандарының лауазымдары штат бойынша қарастырылды, оқыту мәселелеріне көңіл аударыла бастады. Басталуы кезінде жеке құрамның 90 % мемлекеттік тілді оқыту сабақтарына қатысып, тілді үйренушілер болған болса, қазір сол жеке құрамның 30 % тіл үйренушілер болып табылады. Оның өзінде олардың дені қазақ тілінде ойын жеңіл жеткізіп айта алатындар, тек құжат айналымына ғана мән беріп оқитындар болып отыр. Мемлекеттік тілді дамыту офицерлері лауазымдарында жүрген офицерлер тек қазақ тілін оқыту мәселесімен ғана шұғылданбайды, жауынгерлік даярлық ісіне де араласып, кез келген уақытта ұрысқа әзірлік деңгейін ұстап тұрған азаматтар мен азаматшалар.

Қазақстан Қарулы Күштері құрылған жылдардан бері бірнеше даму кезеңінен өтті, табыстарға жетті. Патриотизм сезімді, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және оның қолдану аясын кеңейту шеңберінде түрлі тақырыптардағы іс-шаралар, семинарлар, құрылымдық бөлімшелер, министрлік, республикалық көлеміндегі бірқатар конкурстар өткізіліп келеді. Міне, бұл жетістіктеріміздің бірі.

Қазақстандық аға ұрпақтың данқты жауынгерлік және еңбек ету дәстүрлерін арттыра отырып, Қарулы Күштеріміздің көптеген әскери қызметшілері, жұмысшылары мен қызметкерлері өзінің азаматтық және жауынгерлік борыштарын адал, жоғары жауапкершілікпен және абыроймен орындауда. Қолбасшылық етуші генералдар, офицерлер, сержанттар мен сарбаздар өмірлерін ел қорғау және отан қорғау ісіне арнап, жауынгер жастарды қатарға қосу жолында күштері мен жігерлерін аямай өз үлестерін қосып келе жатыр. Осы қызмет жолында ерең еңбек етіп, Қарулы Күштерді дамыту ісінде бірталай жұмыс атқарып келеді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін дамытуға қосқан үлесі зор.

Жеке құрамды тәрбиелеуде және қызметті ұйымдастыруда күшін, білімі мен машығын аямай, үлкен әскери тәжірибесін бағыныштылардың қамын ойлау мен адамдарға деген назарының арқасында бедел мен сыйластыққа ие болған қолбасшыларды, офицерлер мен барлық әскери қызметшілерді, ер азаматтарды келе жатқан Отан қорғаушылар мерекесімен әрі халқымыз қадір тұтатын Ұлы отан соғысының жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту, өз Армиямызды заман талабымен үндестіру және оның беделін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстары сәтті болсын.

Әскери тәжірибені, күш-жігері мен пайым-парасатын Отан қорғау жолындағы абыройлы қызметке жұмсап, тәжірибелі басшы, өз ісіне берілген әрі қызметіне адал азамат болыңыздар дегім келеді.

ҚР Қарулы күштерін дамытуда қолға алынған келелі істерді атқаруда тек алда болайық.

 

 

Майор Ақбота ҚАПСАТТАРОВА

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бас басқармасының аға офицері

 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"