«Жеңіс күні – өткеннен өнеге алатын күн»

Шайхатхан Абжапбаров(полковник, 101 атқыштар бригадасының құрамында майданда болған Әбжаппар Оспановтың немересі):

–Бала күнімнен есімде қалғаны атам төсекте жатып, немерелерін жинап алып, бізге сұрапыл соғысты бүге-шүгесіне дейін әңгімелейтін. Бізге ол қызық көрінетін.    Атам 1909 жылы Шиелі ауданы Тартоғай елдімекенінде дүниеге келген. 1941 жылдың 15 желтоқсанында Қызылорда облысы Шиелі ауданынан 50 адам әскерге шақырылып, поезбен Ақтөбе қаласына келіп, сол жерде қазақ ұлтынан жасақталған №101 атқыштар бригадасына қабылданады.

"1942 жылдың қазан айында №101 атқыштар бригадасы эшолонымен "Ржев" қаласына түстік. Бізге берілген тапсырма Москваның солтүстік жағын фашистерден тазарту болды. Ол бағыт Калинин фронты деп аталады. Осы жылдың қазан айының басынан соғысқа кірісіп, №101 атқыштар бригадасының №3 батальоны үздіксіз шабуылдап, күніне 2-3 селоны жаудың қолынан тазартып отырдық" -дейді Әбжаппар атам.

Атам 1942 жылы 4 желтоқсанда Калинин майданында сол аяғына жарылғыш оқ тиіп, қақаған күннің суығында соғыс даласында қалады. Атамның сол бір ауыр жылдардан айтқан естеліктері санамнан өшпейді, әлі күнге дейін көз алдымнан кинолентадай өтіп жатыр... "Етпетімнен бар күшімді салып алға қарай жылжыдым. Қар борандатып тұр, әр жылжыған сайын екі қолыммен денемді сүйретемін, жылжыған сайын жан-жақтың бәрі өлген адамдардың денелері, көздері ашық, аспанға қарап жатқандай үнсіз... Кешке жақын шана сүйреткен орыс қызы келіп шанаға салып, темір жол стансиясына апарып, жараланған әскерилерге қосты.Келесі күні поезбен Уфа қаласындағы госпитальға апарды. Госпитальға сол жатқызылғаннан 1943 жылы маусым айында шығып, соғыс мүгедегі болып, қос балдақпен елге оралдым... сендер осындай соғыс азабын көрмеңдер",-дейтін атам көзіне жас алып.

   Менің атам сияқты батырлар мыңдаған. Олардың барлығы – Отан үшін өз жандарын қиғандар. Яғни, соғыстан оралғаны да, оралмағандары да болашақ ұрпаққа бейбітшілік, бостандық әкелгендер... Соғысты жалғыз адам жеңу мүмкін емес. Соғыстағы жеңіс – ол Отанға деген сүйіспеншіліктен туған мыңдаған жалынды жандардың жеңісі.  Жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ешқашанда ұмытылмайды. Атам – мен үшін батыр. Олардың бір қадам артқа жылжығаны – жауларының бір қадам алдыға басқаны. Сондықтан олар Отан үшін от кешті. Соғысты ұмыту мүмкін емес.  Сондықтан Жеңіс күні – тек қана мейрам ғана емес, ол біздің ардагерлерімізбен мақтанатын, өткеннен өнеге алатын күн. Ардагерлеріміз алтын тұғырдан түспесін деп тілеймін.




Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"