Жас қалам

Желтоқсан ызғары

Ызғарлы жел соғады,

Қар да белден борады.

Қайраттай батыр, боздақтар

Алаңда әбден сорлады.

Қасқайып әскер тұрады,

Боздақтарды ұрады,

Қыздардың батып жанына

Аяушылық сұрады.

Шегінер жол болмасын,

Тәңірім, бізді оңдасын!

"Алаш" деген бар атағы

Қазағым, қане, қолдасын!

Осындай асқақ ұранмен,

Ызғарлы желді боранмен,

Алаңға шықты жастарым.

Осындай батыл істерден,

Үлгі алыңдар, достарым.

Құр кетпесін қандарың,

Бозторғайдай жандарың.

Сендердей батыр ұлдарды

Тарихқа жазу арманым!

Себебі тегін келген жоқ,

Алдыңдағы астарың.

Күресу оңай болған жоқ,

Ашық болсын аспаның!

 

Тәуелсіздік үндеуі

Тарихтың парақтаймын қатпарларын,

Жөн болар батырлармен мақтанғаның.

Есіңе алып, ұлықта, бұл жандарды

Солардың арқасы ғой атқан таңың.

 

Шарықтап тұрған шақта кеуде нені,

Өткен күннің аз ба еді сергелдеңі?!

Сол жастардың бойындағы өжеттілік

Тұралаған шағымда дем береді!

 

Азат күнді аңсады қаншама күн,

Күтуден де арыстан шаршамадың.

Қайта сендер келсеңдер, бұл күндерге

Алдыңнан басымды иіп қарсы аламын!

 

Атыңды әнге қосар білген кісі,

Сол арқылы ұғынар үлкен-кіші.

Тәуелсіздік, азаттық, еркіндіктің

Сендерсіңдер танытар бір белгісі.

 

Енді Елім үміт арт, жастарыңа,

Шығып жатыр батыр да, жас ғалымда.

Төл мерекең ,қазағым, құтты болсын!

Тойла бүгін, тәуелсіздік аспанында.

Курсант Д. Алтынбек

 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"