Жарасымды әскерилер отбасы

Қазақтың ақиық ақыны Мұхтар Шахановтың «Жұбайлар жырын» білмейтіндер кемде-кем болар. Сол әннің қайырмасындағы «... Жүректе от жанып, Тауларды бетке алып, Бірге ұшып барамыз болашаққа» деген жолдар жүрегі бір, тілегі бір бақытты жандар – Бақтығали мен Мөлдірге арналғандай...

 Бақтығали мен Мөлдір – осыдан жеті жыл бұрын шаңырақ көтерген жандар. Ол кезде Бақтығали лейтенант еді. Мөлдірдің жүрегін жас офицер бірден баурап алады. Ақыры, екеуі бас қосып, кейінгі өмірге қадам басады. Осылайша бір үйдің гүлі әскери ортаға тап болады.

Әскери орта. Әскери тәртіп. Әскери қызмет. Осының бәрін жолдасының жанында жүріп көзбен көреді. Ыстық-суығына бірдей төзеді.

«Жас жұбай боп өмірге бір қадам басқанымыз әлі де есімде. Басында ортаға сіңу, ортаны білу, түсіну сәл қиын болды. Кейін үйренісіп кеттім. Қазір біте қайнасып кеттім десе болады» ,- дейді Мөлдір Алтыбайқызы.

«Қуанышы да, қиындығы да көп болды. Жас отбасы болғандықтан жатақханада шағын бөлмеде тұрған кездерімізді қазір сағына еске аламыз. Ол кезде енді кішкентайлы болған кезіміз. Сол сәбиіміздің күлкісімен, былдырлаған тілімен кейбір болмашы жайттар ұмыт болып кететін», дейді офицердің жұбайы.

Иә, әскери қызметтің аты – әскери қызмет. Қызмет бабына байланысты әскерилердің  көшіп-қонып жүретіні бәрімізге аян. Сондай сәтті Әлімбаевтардың отбасы да кешті.

«Өзіңіз білесіз, әскери адам бір жерден екінші жерге қоныс аударып жүреді. Тек, жолдасымның жұмысы ғана ауыспайды, ондай кезде балалардың балабақшасы, мектебі де ауысады. Яғни, бәрімізге жаңа ортаға, жаңа жерге бейімделуіміз керек болып жатады. Ондайға да бой үйреттік. Отанға қызмет еткен соң жолдасымды біз қолдамағанды кім қолдайды?!».

Иә, күні бүгінгі дейін бұл отбасының қоныс аудармаған жері жоқ. Өйткені, Бақтығали – тәрбиеші офицер. Әр өңірдің әскери бөлімінде сарбаздардың ақылшы көмекшісі, тәрбиешісі болған ол жақында ғана «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан Талдықорған қаласына қоныс аударды. Келген ортасы – 54380 әскери бөлімі, қызметі – сол бөлім командирінің тәрбие және иделогиялық жұмысар жөніндегі орынбасары.

«Осы жолы да биіктен көрінсін деген ниетпен азаматымды қолдап, жанынан табылдым. Қандай қиындық болса да бір кешіп, еш мойымай, төтеп беруге дайынбыз. Балалар кішкентай болса да, соны түйсінеді. Біз – біргеміз, - деді соңында Мөлдір Серікбаева.

Мөлдірдің өзі әскери болмаса да,  әскери ортадағы шаралардан қалыс қалып көрген жоқ. Мәселен, «Әке мен ана» атты отбасылық байқауларға және мерекелік әрі патриоттық іс-шараларға белсене қатысады. Күні кеше 54380  әскери бөлімінде ұйымдастырылған қайырымдылық кештің де бел ортасында жүрді. Сондай-ақ,  1-сыныпта оқитын қызы Інжу мен балабақшаға баратын ұлы Бекарысқа Тоқтарбай аталарының тәлім-тәрбиесін естен шығартқан емес. Басына бақ құсы боп бұйырған бұл арудың  қадірін отағасы Бақтығали да біледі. «Кешегі бір әкенің жұпар гүлі бүгінде менің «жангүліме» айналды, - дейді ол.

Иә, осылай бір-бірін сыйлап, қолдап, Әлімбаевтар отбасы әскери ортада ысылып, шыңдалып келеді. Болашаққа қадам басқан жарасымды жұптың ендігі мақсаты – ұл-қызын рухты, патриотты етіп өсіп-жетілдіру. Бүгінде Отан үшін қызмет еткен отағасы перзенттерін адал, шыншыл ғып тәрбиелейтіндеріне сенімді. Сенімдеріңіз берік, отбасыларыңыз аман болсын, әманда!


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"