Жарастық пен келісім жыршысы

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!- деп жырлап еді асыл ақын.

Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев! Поэзия деп шарқ ұрған ақындардың бірі еді. Поэзияны ғылым деп түсініп, қыр-сырынан  таныта білген, адам сезімін жан-жақты зерттейтін құдірет деп танытқан. Поэзияның жүрегі, жас ақындардың  жырына арқау болған Мұқағали. Қоғамның қысымына қарамастан, шындықты жеткізе білген ақынның өлеңдері – бүгінде қазақ әдебиетінің баға жетпес қазынасы болып табылады. 45 жылдық ғұмырында алуан түрлі тақырыптарда  өлең жазған қазіргі жастардың сүйікті ақыны. Қара өлеңнің қадірін білетін қазақ жастары бар да артынан қалған мұрасының ұмытылмайтынына кәміл сенген. Мұқағали Мақатаевтың ақындығы бір төбе, тұлғалық қасиеті бір төбе. Бәрімізде оның жырларын оқып, жаттап өстік. Ақын қандайда бір тақырыпты жырласа да өзіндік үлгі сезініп, стилі көрініп тұрады.

Отан туралы тақырыпта кең ауқымды қамтитын өлеңдері де жеткілікті «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» т.б. Туып өскен жері мен елін туған жеріне деген махабатын өлең жолдарына түсіре білген.

                              Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

                                Мен оның құдіретті үнін сүйем,- деп жырлаған өлеңі еске алаңсыз түседі.

М.Мақатаев – қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халықтың басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын, қазақ жырының құдіреті. Балалық шағынан қиыншылық көріп, өмірі соғыспен тұспа тұс келген жас дара 11 жасынан  қолына қалам ала бастайды.Ақын өзі  күнделік жүргізіп, өз ойын өмірден түйгенін, өткен күннің елестерін, алған сабақтарын жастарға деген ақылын қағаз бетіне түсіріп отырған. Өзіме  М.Мақатаевтың 14 ақпан 1976 жылғы күнделігіндегі мына сөз есте қалыпты: «қазіргі жастардың қайсысы Пушкиннің «Евгений  Онегинін» немесе Байронның «Чайлд Гарольдін» оқып басын қатырады. Ондайлар зорға табылар. Лермонтовтың «Шайтанын» аяғына дейін оқып шығуға олардың жетер-жетпесіне күмәнданамын. Қазіргі ұрпақ бүгінгі күнмен өмір сүреді. Олар үшін өмір театр емес; олардың талғамы тез өзгереді. Маған терең ойлау, өзін және өзгені тану оларға жат сияқты болып көрінеді».

Қазіргі жас қауым Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен көпшілігі таныс, сүйіп оқып, қара өлеңдерін жаттап артынан еріп келеді. Жүрегі өлеңге жақын жауынгер сарбаз да ақынға арнаулар жазуда.

Ойымды Әбіш Кекілбаевтың мына ақын жайлы жазған сөздерімен аяқтағым келеді: «Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы  жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның... өлеңдері мен шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен қуаныштан, шын сағыныштан туған».

   ҚР ҚК азаматтық персоналы А.АЛИАСҚАР

                                                                                                                                                                 30212 әскери бөлімінің мемлекеттік

тілді дамыту маманы


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"