Ел намысын қорғаған ерлер

Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 9 қыркүйекте өткен Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук бокс кеші қазақ спортшылары мен жанкүйерлердің мерейін көкке көтерді деп айтуға толық негіз бар. Бұл әлемдік додо бүкіл дүниезүзіне қасиетті қазақ елінің батыр тұрғасын тағы бір паш еткендей әсер қалдырды. Сондықтан «Сарбаз» газетінің бүгінгі «Спорт» бетіне намысты қолдан бермеген батырларымызың мерейлі жеңісіне шолу жасағанды жөн көрдік.

 

Сонымен әлемдік деңгейдегі бұл бокс кешінде алғаш болып рингке шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты. Бірінші раундтың басында екі боксшы бір-бірін зерттеп көрді. Алайда Мейірім Нұрсұлтанов ұзаққа созбай, өз джебтерін де, апперкоттарын діттеген жеріне жеткізе білді. Мейірімнің шабуылы қарқынды болғаны сонша, бразилиялық боксшы рингтің сыртына ұшып кетті. Сол күйі ұзақ тұра алмады. Осылайша, қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегін нокаутпен аяқтап отыр. "Негізі, бұл жекпе-жекке қатты дайындалдым. Бірақ кездесу тез аяқталды. Тез біткені де жақсы. Қарсыласымды зерттедік. Ғаламторда жекпе-жектері аз. Біреуін тауып зерттедік", - дейді Мейірім Нұрсұлтанов. Оның айтуынша, келесі жекпе-жегі 24 қазанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Боксшы оған АҚШ-та дайындалады.

 

***

 

Ал Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте Эдуардо Перейра дос Рейсты жеңіп, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды. Орта салмақта рингке шыққан Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласы бразилиялық Эдуардо Перейра дос Рейстен басым түсіп, он екінші жеңісіне ие болды.

Эдуардо Перейра дос Рейс осы уақытқа дейін 22 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Америка қазағы Димаш Ниязов 11 кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіліс тапқан.



***

 

Кәсіпқой бокс кешінде 3-ші болып рингке шықан Айдос Ербосынұлы бірінші раундтың 2:34 секундында қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді. 25 жастағы жерлесіміз жекпе-жекті екі минуттан асырмады. Қазақ боксшысының ауыр соққыларынан есеңіреген Джонатан Барбадило кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша, Айдос Ербосынұлы  кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

***

 

Ал Әли Ахмедов он раундтық кездесудің сегізінші раундында америкалық боксшы Томас Джастинді техникалық нокаутпен жеңді. WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы Әли Ахмедов (7-0, 5КО) өз атағын қорғап қалды. Бірінші раундта Әли Аxмедов өз қарсыласын бір бұрыштан екінші бұрышқа қуып жүрумен болды. Ауыр соққыларын да дарыта білді. Алайда америкалық боксшы да осал емес екенін көрсетті. Қарымта шабуылдарын жасай білді. Томас Джастин үшінші, төртінші, тіпті бесінші раундқа да шыдады. Ал алтыншы раундқа тағы да нокдаунға түсті. Көп ұзамай, Әли оң қолымен америкалықты қайтадан сұлатып тастады. Осы жолы да Томасты гонг құтқарып қалды. Жетінші раундта да Әли Аxмедовтың басымдығы айқын болды. Ал соңғы раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, қазақстандық боксшы теxникалық нокаутпен жеңіске жетті.

 

***

 

Шаршы алаңға бесінші болып көтерілген Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді. Жекпе-жек басталысымен-ақ Нұрсұлтан қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді. Раунд аяқталар тұста бразилиялықтың қауқарын көрген төреші жекпе-жекті тоқтатты.

 

 

***

 

Аса ауыр салмақта Руслан Мырзатаев төртінші раундта аргентиналық Андрес Афранлиді нокаутпен тізе бүктірді. Бірінші раундта Русланның ауыр соққылары діттеген жерге жетті. Алайда аргентиналық боксшы да қарап қалған жоқ. Қарымта шабуылдарын орындай білді. Екінші раундта Руслан Мырсатаев өз қарсыласын сабап жүрді. Үшінші раундта нокдаунға түсірді. Ал төртінші раундта сериялық соққыларымен Андрес Афранлиді нокаутқа жіберді. Аргентиналық боксшы өз күшімен тұра алмады. Осылайша, Руслан Мырсатаев кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Матиас бес жеңістен кейін алғаш рет жеңіліп қалды.

 

 

***

 

2013 жылы бокстан әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы алты раундқа созылған жекпе-жекте бразилиялық Перейро Дос Сантостан басым түсіп, кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне жетті. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде де жеңіске жетті. Оның қарсыласы бразилиялық боксшы Гильберто Перейро Дос Сантос кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, оның 14-інде нокаутпен жеңген. 6 раундқа созылған жекпе-жекте отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына ауыр соққыларын дарыта отырып, 54-60 ұпай санымен басым түсті.

 

***

 

Он раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласынан басым түскен Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы 22-ші жеңісіне ие болды. 0 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін созылды. Қазақ шапанын киіп шыққан аргентиналық боксшы Жанқоштың жойқын соққыларын төтеп бере білді. Шаршы алаңда ширақ қимылдап, қарсыласынан қаймықпаған қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсірмесе, жеңіске жеткені төрешілер шешімі шықпай тұрып-ақ көзге ұрып тұрды. Жанқош жекпе-жек кезінде сол қолын сындырып алса да, жеңіске бастар жолды таба білді.

 

***

 

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукты жекпе-жектің тоғызыншы раундында техникалық нокаутпен жеңді.

Бұл жекпе-жектен соң отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қорғап қалды. Ол кәсіпқой бокста 24 кездесудің бәрінде жеңіске жеткен, Ал қарсыласы Кук 18 кездесудің 11-інде нокаутпен қарсыластарын тізе бүктірген.

Қанат бұл жекпе-жекте бірнеше рет қарсыласын нокдаунға жіберді.

Осылайша Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук бокс кешінің андеркартында рингке шыққан сегіз қазақ боксшысы да жеңіске жетті.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"