Ел жастарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге маңыз берілген

Бүгінгі таңда ел патриоттарын тәрбиелеу ісіне Қорғаныс министрлігі мейлінше ден қойып келеді. Осы мақсатта өткен жылы еліміздегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жас патриоттарды тәрбиелеу бойынша бірлесе жұмыс атқарылып келеді екен. Мәселен, осы жұмыстардың нәтижесінде «Айбын» деп аталатын республикалық жас армияшылар бірлестігінің жаңа құрамдағы штабы құрылған. Оның төрағасы – ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

 

Аталмыш Штабтың құрамына ынта білдірген мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық жастар ұйымдарының және «Нұр Отан» партиясы Жастар қанатының өкілдері енген. Еліміздің барлық өңірлерінде «Айбын» республикалық жас армияшылар бірлестігі Штабының филиалдары ашылған. Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскери-техникалық мектептің 15 филиалы базасында әскери-патриоттық орталықтар жұмыс істеп келеді. Бұлардың барлығы патриоттық бірлестіктің жұмысын жандандыруда.

Жастарға патриоттық тәрбие беруде төл әскеріміздің ардагерлері де аянбай еңбек етіп келеді екен. Осы орайда айта кетер жайт, ардагерлермен арадағы қарым-қатынасты жетілдіре түсу мақсатында биыл министрліктің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінде осы бағытты ұстанатын арнайы бөлім де ашылыпты. Әскери қызметшілердің отбасындағы балалармен тәрбиелік бағытта жұмыс істеу де Қорғаныс министрлігінің басты ұстанымдарының біріне айналған. Осы мақсатта барлық горнизондарда әскери отбасылармен жұмыс істейтін қызмет түрлері бар.

«Айбын» республикалық әскери-патриоттық бірлестігі Штабы бүгінде өңірлік және қалалық әкімшіліктермен тығыз байланыста жұмыс істеуінің арқасында жергілікті жерлерде патриоттық клубтардың саны анағұрлым артып отыр. Нақтырақ айтқанда, олардың саны 2308-ге жетіп, бұрнағы жылдармен (107) салыстырғанда 12 есе өскен. Жыл сайын дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны жастар тарапынан аса қызығушылық тудырып отыр. Бұл жиынға әскери-патриоттық клуб мүшелері, өңірлік жиын жарыстарының жеңімпаздары, республикалық және облыстық мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттері тартылған. Олардың жалпы саны 800-ден асқан. Бұл ауқымды іс-шара мемлекетіміздің 2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасына енгізілген. Ал, биыл «Айбын» әскери-патриоттық жиынның мәртебесі халықаралық деңгейге көтеріледі. Яғни, үстіміздегі жылы аталмыш жиынға елімізден 1000-нан аса жасөспірім қатысатын болса, сондай-ақ Ресей, Қытай, Белорусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттеріндегі әскери-патриоттық клубтар шақырылып отыр.

Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Патриот болу дегеніміз, өзінің Ұлы дала ұрпағы екенін мақтан ете білу, елінің жарқын болашағын жасауға өз үлесін қосу» деген ұлағатты сөзін әрдайым жастарға айтып жүретін ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың келтірген дерегіне қарағанда аталмыш Штабтың жаңа құрамы өткен жылдың желтоқсан айында жасақталған. Сондай-ақ, алдағы атқарылар жұмыс жоспары да бекітіліпті. Онда жастарды әскерге ынталандыру, әскери-патриоттық клубтардың жұмысын жандандыра отырып, олардың өзара тығыз байланысын нығайту және басқа да бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын іс-шаралар қамтылған.

Әскери-патриоттық клубтардың жүйелі және белсенді жұмыс жүргізу үрдісі жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар және Қызылорда облыстары көш бастап тұр екен. Жергілікті басқару органдарының, қоғамдық және жастар ұйымдарының ұйытқы болуымен жер-жерлерде әскери-патриоттық акциялар, мәдени-спорттық шаралар, түрлі байқаулар өткізу қалыпты үрдіске айналған. Олардың қатарында «Ерлік сабағы», «Әскердегі бір күн», «Ақ найза» және «Ұлан» деген секілді іс-шаралар бар. Тағы бір айрықша айта кетер жайт, «Асыл бала» және «Жан досым» атты қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде Астанадағы №13 және №57 орта мектептерде әскери-патриоттық бағытты ұстанатын Кадет сыныптары ашылған. Осындай 71 сынып бүгінгі таңда еліміздің 8 облысындағы оқу ошақтарында жұмыс істеп келеді. Онда 2278 оқушы тәлім алуда. Сондай-ақ, Қорғаныс министрінің тікелей ұйтқы болуымен, «Айбын» респбуликалық бірлестігі Штабы өңірлердегі әскери отбасылар мен олардың балаларын да назардан тыс қалдырмауда. Жасөспірімдердің патриоттық рухын көтеру және жеке шығармашылығын дамыту мақсатында армия әндеріне арналған «Жас ұлан» республикалық фестивалін жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Бүгінде бұл фестиваль қоғамға танымал мәдени шаралардың бірі саналады. 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"