Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтың офицер қыздары

(Басы «Сарбаз» газетінің №9 (1761) және №10 (1762) сандарында)

 

6. ҚАСЫМОВА Нұржиған Ысқаққызы (1925, Астрахань қаласы, РСФСР).   -2- дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.

            Жұмысшы –Шаруа Қызыл Армия қатарына РСФСР-дің Астрахан қалалық әскери комиссариатынан өз өтінішім барған. Кіші лейтенант. 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған.(06.04.1985.)

 

***

7.ҚАСЫМОВА (КАСЫМОВА) Хадиша Аймұхамедқызы (1913). -2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы. Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясына 1941ж. Алматы қаласының Фрунзе аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. Ұлы Отан соғысында  3-әуе Армиясының №3046 – авиациялық госпиталі  терапевт бөлімшесінің ординаторы (1942-1945). Медицина қызметінің капитаны. (1943).

         Капитан м/с Касымова за время своей работы в госпитале с августа 1942г., будучи ординатором остро-заразных болезней туберкулезного отделения, а после реорганизаций авиационного госпиталя работала – ординатором терапевтического отделения, проявила себя как исключительно добросовестный и чутко относящий к вопросам тяжело больных, капитан Касымова лично изличила и возвратила в строй свыше 1000 больных и офицеров Красной Армии. При большом наплыве больных, сутками не выходила из палат, с любовью заботясь о сохранении здоровья летно-подьемного состава 3-Воздушной Армии.

             Преданный труд тов. Касымовой в значительной мере способствовал тому, что общий процент  возврата в строй из терапевтического отделения ААГ-3046 за девять месяцев работы в 3-Воздушной Армии достиг исключительно высокой цифры – 93%.

            За свое уважительное отношение к раненым тов. Касымова пользуется особенным авторитетом и любовью у находящихся на излечении больных. Проводить большую санитарно-просветительскую и политико-воспитательную работу среди больных и обслуживающего персонала. Как врач приложила много труда и энергии в деле улучшения питания раненых и больных, в особенности контингентов летно-подьемного состава.

           За самоотверженный труд по лечению и возвращению в строй раненых и больных воинов Красной Армии и достигнутые большие успехи в работе, достойна Правительственной награды орденом «Красная Звезда».

Начальник армейского авиагоспиталя №3046 м-р м/с ГОЛЬБЕР 11.02.1945г. Достойна Правительственной награды ордена «Красная Звезда».

Начальник медицинской службы  3-Воздушной Армии п/п-к м/с МЕЛЬНИКОВ 25.02.1945г.

Наградить орденом «Красная Звезда».

Командующий 3-Воздушной Армии генерал-полковник авиации ПАПИВИН Начальник штаба 3-Воздушной Армии генерал-лейтенант авиации ДАГАЕВ 01.03.1945г.

«Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. 03.03.1945.

***

  8. ЛӘТІПОВА Зайда Аухатқызы (1912, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы). -2- дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.

          Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясына 1942ж. Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық әскери комиссариатынан шақырылған.

           Ұлы Отан соғысында эвакуациялық госпитальде хирургия бөлімінің бастығы (1942-1944). Медицина қызметінің аға лейтенанты. 2-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған (06.04.1985).

***

 

1]

9. МАМАНОВА ХАЛИДА ЕСЕНҚҰЛҚЫЗЫ 24.03.1918ж., (бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданы Қараағаш ауылы, қазіргі Алматы облысы Жансүгіров ауданы – 15.08.1977ж. Ақтөбе қаласы. -2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.

      Халида Маманова берекелі бақша Жетісудағы ауқатты, бай, ірі малшы Есенқұл Мамановтың отбасында дүниеге келген. Қазан төңкерісінен соң, Мамановтар әулеті реппресияға ұшырайды. Халиданың әкесі Есенқұлдың  1928 жылы мал-мүлкін кәмпескелеген соң, бала-шағасымен қоса, Чкалов қаласына жер аударады.

        Алты баланың үлкені – Халида ол кезде 10 жасар бала еді. Айдауда жүргенде туберкулезден әкесі мен екі кіші інісі қайтыс болады. Отбасы 1932 жылы әупірімдеп жүріп, Алматыға әзер оралады. Ал Халида оқуға, үйренуге талпынып, ердің ері ғана шыдайтын «азапты мектебінен» өтеді . Оқу қуу Халида Есенқұлқызы қысқа курстарда оқуды бастап, алдымен, техникумға, сосын, медицина институтына түседі. Халида Маманова 1941ж. Молотов атындағы Қазақ медицина институтын тәмамдап, маманы бойынша «емдеуші-дәрігер» дипломына ие болады.

        Медицина институтының түлегіне лейтенант шені берілуі тиіс болатын. Бірақ Халидаға ондай лауазым бұйырмады. Тіпті оған медбике болуға да рұқсат етілмеді. Медициналық қапшықтың орнына, мола мен окоп қазу үшін қолына күрек ұстатты. Айыптылар батальоны (Штрафбат) ботқасы Өзіне тиесілі шен мен әскери лауазымын ала алмаған Халида бірден Сталинге хат жазды.

       «Егер мен халық жауы болсам, онда айыптылар батальонына (штрафбатқа) жіберіңіз. Егер, тірі қалсам, менен және туыстарымнан бүкіл айыпты алып тастаңыз!» Қайсар қыздың қаһармандығына таң қалмасқа лаж жоқ. Бірақ көп өтпестен, Халида қамалушы мен саяси тұтқындардың арасынан бір-ақ шықты. Кәдімгі айыптылар батальоны (штрафбат!) Кілең еркек арасындағы жалғыз қыз еді. Сотталды дегенімен, айыптылар батальондағы (штрафбаттағы) жандар да мейірімнің не екенін жақсы білді. Қаршадай қызды әрқашан қорғаштап, қамқорлыққа алды. Немістердің әуе шабуылында ағасы мен әкесіндей болып кеткен ағалары Халидаға оқ тигізбей, денесімен қорғап отырды. Ең ғажап таң қаларлық сол, Халида айыптылар батальон (штрафбаттағы) азабы туралы жарылып ешкімге тіс жара бермейтін.

          Әскери қызмет 821 батальонда жалғасып, Халида амбулаторияның бастығы болып тағайындалды. Батальон Сталинградтың түбіндегі кескілескен айқасқа басынан аяғына дейін қатысты. Одан соң, 4-ші Украина, 3-Беларусь майданының құрамында Балтық жағалауын азат етіп, 1 және 2-Украина майдандарының құрамында Польша, Чехославакия, Германия, Австрияны азат етті. Халида Есенқұлқызы осылайша Германияға да жетті. Тек, 1943 жылы ғана қазақ қызына медициналық қызметтің аға лейтенанты деген шен берілді. Халида Есенқұлқызын «Сталинградты қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және «Қызыл Жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. 1945 жылы майданда жарақат алғандығы үшін, еліне қайтарылды. 1945ж. медицина қызметінің капитаны.

         1946–51 жылдары Алматы медициналық институтында ассистент, 1951 – 54 жылдары кәсіподақтар жүйесінде қызметкер. Сосын, Халиданы Қарағанды  қаласындағы медицина институтына жіберді. Ал 1959 жылы Ақтөбе қаласында жаңадан медицина институты ашылып, ректоры болып тағайындалған курстасы кафедра меңгерушісі ретінде шақырды. Халида сол қызметте жиырма жыл тапжылмай жұмыс істеді. Дәл сонда отырып, докторлық диссертациясын қорғады. 1969 жылы жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша, медицина ғылымдарының докторы деген лауазым алды.

         Қатерлі ісік туралы ғылыми еңбектері, Парижде өткен халықаралық конгресте оқылды. Халиданың көптеген шәкірті осы күні танымал маман, ғалым атанған. Студенттері әлі күнге дейін ұстазын сағынышпен еске алады. Докторлық диссертациясын Мәскеуде қорғап, елге оралғасын, Халида Есенқұлқызы студенттер арасында халық аспаптары ансамблін құру туралы бастама көтерді. Сол-сол-ақ екен, обкомнан шақыртып, дереу дәрігерді «ұлтшыл» деп айыптап, «социалистік ағарту және білім беруге қауіп туғызушы» ретінде бағалады.

        Болгариядағы «Алтын құм» жағалауына ақтөбелік дәрігерлердің сапар тобы аттанды. Бірнеше күннен кейін, Халиданың өлі денесін демалыс орнынан әлдеқайда алыс жерден тауып алады. Сот-медициналық сарапшылар «марқұм қараңғыда суға батып өлді» деген қорытынды жасайды. Ал, шын мәнінде, Халида кешкілік суға түспеуші еді... Денесін­де үлкен көгерген дақ көзге түсті. Бірақ сарапшылар «теңізде шомылып жүріп, бетонға соғып алған болар» деп топшылады. Ал әлдебіреудің соққыға жығуы туралы болжам мүлдем жасалмады. Туысқандарының айтуынша, бұл іспен Қазақстан мен Болгарияның ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысқан. Марқұмның денесін жерлеу үшін, туыстарына екі апта бойы бермеді... Қазақстан Республикасының 1993 жылы 14 сәуірде шыққан «Жаппай репрессия құрбандарын ақтау туралы» заңына сәйкес, Халида Есенқұлқызы Маманова репрессиядан зардап шегуші деп танылып, ақталды. Бір өкініштісі, Халида апамыз бұл күнді көзімен көре алмай кетті.

         Ономастика комиссия­сының шешімімен  Ақтөбе қаласының Оңтүстік – Батыс ауданының бір көшесі осы қайсар қыз Халида Маманова Есенқұлқызының атына берілген. Бұл көшеде №10 жалпы білім беретін, жаңа заманға сай, әдемі, зәулім білім ордасы орналасқан. Мектепте Х. Маманованың ерлік істеріне, халқына жасаған адал қызметтеріне арналған арнайы тарихи бұрыш жұмыс жасап тұр. Мұндай жандардың жасаған игі істері ұрпақ есінде мәңгілік сақталары сөзсіз.

 

***

 

10.МОМЫНОВА (МУМИНОВА)  Роза Ғазизқызы (1919, Жымпиты ауданы, Батыс Қазақстан облысы  Ғазиз және Құлмекен Момыновтардың отбасында дүниеге келген - 20.05.1945, РСФСР, Қазан қаласы).

          Орал қаласындағы Ет комбинатындағы  орта мектептің 7-сыныбын бітірген соң, 1934ж. Оралдағы фельдшерлік төрт жылдық мектепке қабылданады. 1938ж. тіс емдеу мамандығы бойынша оқу бітірген дәрігер қыз Федоровка ауылына келіп, жұмысқа орналасады, одан соң Алматы қалалық емханалардың біріне жұмысқа орналасады.

           Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армиясына 1941жылдың 27-қыркүйегінде Алматы қаласының Сталин аудандық әскери комиссариатынан шақырылған .

Ұлы Отан соғысында 391-атқыштар дивизиясының 473-дербес медициналық-санитарлық батальонында тіс емдеу кабинетінің бастығы (1941-1944). №1927-эвакуациялық госпитальде тіс-дәрігерлік кабинетінің бастығы (1944-1945). Медицина қызметінің аға лейтенанты.

         Работая зубным врачом, военфельдшер Муминова в период боевых операций работает в операционной помощником врача-хирурга, быстро освоила элементарные знания военно-полевой хирургии и самостоятельно делает обработку несложных ранений. Трудолюбива, в свободное от основной работы время работала в операционной, осваивала все более сложные операции. Приблизила зубоврачебную помощь к бойцам, самоотверженно работала неоднократно под артиллерийским огнем и бомбежкой на передовых пунктах медсанбата. За чуткое отношение к больным-раненым пользуется особой любовью среди них. Достойна правительственной награды – медали «За боевые заслуги».    
военврач 2 ранга МУЛЛОКАНОВ 07.03.1943.

      «Лейтенант медицинской службы Муминова в должности начальника зубного кабинета работает со дня формирования медсанбата.  В войнской части трудиться как зубной врач, но и  по личной инициативе, не считаясь со временем, также работает в операционном отделении.

        Во время больших боевых операций всегда находилась на передовом пункте медсанбата, зачастую работая под артиллерийским обстрелом противника. Выполняя боевое задание командования, Муминова как пропагандист, проводила неоднократно беседы на передовой линии с бойцами казахами на их родном языке.

            По своей основной работе, помимо приема в медсанбате, неоднократно выезжала в полки, где лишь за летний период 1943 года показала квалифицированную медицинскую помощь 1502 бойцам и офицерам.

За инициативу и добросовестную работу достойна Правительственной награде орденом «Красная Звезда».

Командир 473 отдельного медико-санитарного батальона

капитан медицинской службы САЛАХЕТДИНОВ 13 сентября 1943года

Достойно Правительственной награде орденом «Красная Звезда».

Начальник медицинской службы 391 стрелковой дивизии

майор медицинской службы ФЕСЕНКО 13 сентября 1943года.

Достойно Правительственной награде орденом «Красная Звезда».

Командир 391 стрелковой дивизии генерал-майор АНИСИМОВ 13 сентября 1943года.

Наградить орденом «Красная Звезда».

Командующий войсками 1 ударной армии генерал-майор КОРОТКОВ

Член военного совета 1 ударной армии генерал-майор КОЛЕСНИКОВ 14 сентября 1943года

«Қызыл жұлдыз» орденімен (14.05.1943), «Жауынгерлік ерлігі үшін» (07.03.1943.,30.01.1945), «Москваны қорғаған үшін» (14.09.1943.) медальдарымен марапатталған.

            1945-жылдың ақпанында ауыр жараланудан Татар АССР-нің астанасы Қазан қаласындағы госпитальде сол жылдың 20-мамырында көз жұмған.

Қазан қаласындағы Арыс зиратына (11-аллеяда) жерленген.

 

***

 

 

11.МҰРАТОВА Айша Ибрагимқызы -2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы

Ұлы Отан соғысында әскери әуе күштері Балтық Флотының 28-техникалық базасында медициналық фельдшер. Медицина қызметінің кіші лейтенанты.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. (8.06.1946) 

 

***

12. НҰРГОЖИНОВА (НУРГОЖИНОВА) Алтыншаш Өскенбайқызы  (1924, Мәскеу қаласы-1.10.1944, Польша, Краков Воеводствосы). -2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.  Әскерге Мәскеу қаласының Сталин аудандық әскери комиссариатынан шақырылған. 1941ж. тамызынан Қызыл Армия қатарында.

       6 айлық комсомолдар жетекшісі курсын 1942-жылдың наурызында кіші лейтенант шенімен бітіргесін Орталық, Воронеж, 4-Украин майдандары құрамдарындарында атқыштар батальонының комсомолдық ұйымдастырушысы болып, жаумен шайқастарға қатысқан. Алғаш 8-і гвардиялық дивизияның бірінші батальонның комсоргы болады. 1942ж. желтоқсанда жараланып госпитальға түседі. Госпитальдан шыққаннан кейін бірінші танк Армиясының 24-і жеке механикаландырылған құрамының санитарлық бөлімінде медбике болып істейді. 1943ж. қарашада қайтадан жараланады. Ауыр жарақаттан жазылып шығысымен 1944ж. науырызында 237-ші атқыштар дивизиясындағы 835-ші атқыштар полкының 1-ші батальонда комсорг болып барады. Ең ақырында 1944ж. шілдеде 70-і атқыштар дивизиясындағы 207-і атқыштар полкының екінші батальонына  комсорг болады. 1944-жылдың 30-қыркүйегінде Польша жерінде оның 70-гвардиялық атқыштар дивизиясының 207-гвардиялық атқыштар полкі қоршауда қалып, одан бұзып шығуда гвардиялық лейтенант қыз, қаза болған рота командирінің міндетін атқарып, шабуылдарға кіріскен.

        Қазақ қызы талай ерліктін үлгісін көрсетті жауынгерлер арасында беделі артып, құрметке бөлінді. Бораған оқтын астында қалып ауыр жараланған алты жауынгерді аман есен алып шықты   - деп жазды полковник Демков.

        Михаил Левченконың «Патриот Родины» газетінің естелігінен: «Майданда Катовице қаласының маңында неміс қоршауында қалып қойдық. Жағдай тым қиын. Кенет  жауынгерлердің  арасынан қаршадай бір қазақ қызы шыға келді де, қорғаныс ұйымдастырып, алға ұмтылды. Гранатамен жаудың бір танкісін отқа орады.

        Орнынан тұрып, «алға» деп ілгері ұмтылғанда, тасадан екінші темір тажал шыға келгені ғой. Әлгі қыз әй-шайға қарамастан, соған қарсы ұмтылды. Өзі де мерт болды, жолдастарына да жол ашты. Ол осы батальонның комсоргі Алтыншаш Нұргожинова екен. Қеңес Одағының Батыр атағына ұсынылған, бірақ берілмеген. Ой көзін жете жіберіп қарар болсақ, осының өзінде қаншама қажыр-қайрат, жалын-қуат жатыр десеңізші. Он жеті жасында соғысқа өзі тіленіп барған қаршадай қыз алапат шайқастың күллі от-жалынын бастан-аяқ кешіп өткен. Бір емес, үш рет жараланса да, ол қас дұшпанын жер жастандырмай тыным таппасқа белін бекем буған. «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады (12.11.1944). 1944ж. 2-қазанда (Польша) Краков воеводствосының Лугмян ауданындағы «Гуто-Полянск елді мекенінің терістік-батыс аумағына жерленеді.

 

***

13.ОРАЗАЕВА Разия -2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.  Ұлы Отан соғысында 65-гвардиялық атқыштар дивизиясының 255-гвардиялық  атқыштар полкі құрамында санитарлық ротаның фельдшері (1942-1945). Медицина қызметінің лейтенанты.

«1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. (12.11.1945)

***

   

 

 

 

 

 

 

14.РСАЛИЕВА Ақпан Айдаушқызы (1915, Казталовка поселкісі,  Казталовка ауданы, Батыс Қазақстан облысы). -2-дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.    

Қызыл Армияға 1941-жылдың желтоқсанында Семей қаласының Калинин аудандық әскери комиссариатынан барған.

Ұлы Отан соғысында 8- атқыштар дивизиясының 77-дербес медициналық-санитарлық  батальонында хирургия взводының аға медбикесі. Медицина қызметінің лейтенанты.

          «Тов. Рсалиева за время службы в 77-м отдельном медико-санитарном батальоне 8-й стрелковой дивизии в должности старшей операционной сестры, показала себя, как одного из лучших работников, вполне знающего свое дело в области оказания хирургической помощи пораженным в боях .

          За время наступательных операций тов. Рсалиева не считаясь с усталостью днем и ночью, не выходя из операционной оказывала помощь раненым бойцам.

 Чуткая и отзывчивая к запросам и нуждам раненых. Имеет хорошие отзывы от выздоравливающих.

 Партии Ленина - Сталина и Социалистической Родине предана.

 Достойна награждения медалью «За боевые заслуги».

 Командир 77-го отдельного медико-санитарного  батальона старший лейтенант медицинской службы ДОБРОМЫСЛОВ 18 февраля 1944 года.

   Достойна награждения медалью «За боевые заслуги».

Начальник медицинской службы 8 стрелковой дивизии капитан медицинской службы ШЕВЧУК 20 февраля 1944 года.

     Достойна награждения медалью «За боевые заслуги».

Командир 8 стрелковой дивизии гвардий генерал-майор СМИРНОВ 21 февраля 1944 года»

2-дәрежелі «Отан соғысы».орденімен (6.04.1985), «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен (22.02.1944), марапатталған.

 

Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ

(Жалғасы бар)


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"