Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтың офицер қыздары

Екінші дүниежүзілік соғыстағы әйелдердің ерлігі ерекше. От жалынды жылдарында ер азамат пен бірге қару алып, иық тірестіре жүріп қан майданда от кешкен шебіне аттанған қыздар саны жүзден саналады.  Ұлы Отан соғысында КСРО көлемі бойынша 1млн., кейбір мәліметтер бойынша 600 мыңнан астам әйел жауынгер қатысты. Олардың 80 мыңы офицер еді, Қазақстаннан майданға 5183 әйел адамдар аттанған.  Бірақ өкінішке қарай, олардың талайының соғыстағы ерліктері өз бағасын әлі алмады.

Әйел туралы бар білгеніміз «мейірімділік» сөзіне сиятын қасиеттер. Басқа да сөздер бар – апа, жар, дос және ең маңыздысы ана... Әйел өмір береді, қорғайды. Әрине майдан – бұл әйелге тән іс емес, бірақ сол майданда бұл қарапайым қыздар  қажетті болды.
          Олар қан майданда  батырлық пен табандылықты, Отанға шексіз берілгендіктің жарқын үлгілерін көрсетті. Сұрапыл соғыс жылдарында бораған оқтың астында жүріп, адам жанының арашасы болған ер жүрек дәрігер қайтпас қазақ қыздары қаншама? 
         Олар жаралы адамдарды қамқорлықпен күтіп жауынгерлерді қатарға қосу үшін барлық күш-қуатын аямай,  күн-түн демей еңбектенді. Жылы сөздерімен жанына күш беріп, нәзік қолдарымен жарақаттың аузын таңып, ауруының азабын жеңілдетті. Жаралы жауынгерлерді емдеп қана қоймай, атыс алаңына да ұмтылып, траншеяда, окопта жүре алмай қаңсырап жатқан жаралы жауынгерлерді сүйемелдеп, кейде арқалап әкеліп еңбектенген. Олар мыңдаған жауынгерлердің өмірін қорғап қалды. Алайда еліміз тәуелсіздігін алғанша олардың кейбіреулерінің есімдері жалпақ жұртқа беймәлім болып келді. Оларды таныту, әр ұрпақтың парызы және патриоттық міндет.
 «Наши фронтовые медики совершили множество подвигов и на поле боя, и в госпитальных условиях, возвращая в строй тысячи и тысячи раненых бойцов и командиров. Здесь уместно сказать, например, что из числа раненых 80 процентов возвращались из госпиталей в свои части и подразделения. 
          При огромном пространственном размахе операций, напряженности боев медперсоналу приходилось выдерживать, мягко говоря, огромные нагрузки. Врачи, сестры, санитарки работали самоотверженно, на пределе всех своих возможностей, а высшие и старшие медицинские начальники проявили оперативность, разворотливость, организуя эвакуацию раненых и маневр госпиталями и транспортными средствами. 
          На всех этапах сражений были обеспечены быстрота и надежность эвакуации, раненые получали скорую медицинскую помощь. Я выражаю самую горячую благодарность всем медикам фронта, в первую очередь хирургам – им, пожалуй, доставалось больше всех». (Из воспоминаний маршала Советского Союза и дважды Героя Советского Союза Ивана Степановича Конева)


1. АРЫНҒАЗИЕВА (АРУНГАЗИЕВА) Варвара Юрьевна (1907, бұрынғы Свердловск, қазіргі Екатеринбург қаласы. Екінші Дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.  Ленинград Медицина институтын бітірген.
        Жұмысшы-Шаруа Армиясына 1941ж. 24-маусымында Москва қаласының Киев аудандық әскери комиссариатынан өз өтінішімен соғысқа аттанған.
        Ұлы Отан соғысында 108-атқыштар дивизиясының дербес медициналық-санитарлық батальонның хирургі (1941-1943). 11 гвардиялық армияның №4 далалық жылжымалы госпиталі таңу бөлімшесінің бастығы (1943-1945). Медицина қызметінің майоры. (02.1945).
  «Капитан медицинской службы АРУНГАЗЫЕВА В.Ю. в действующей Армии с начало войны. В госпитале с 10.11.1943г. на должности начальника перевязочного отделения.
         Тов. АРУНГАЗЫЕВА квалифицированный опытный хирург. За время работы в госпитале она показала себя прекрасным организатором и врачем –хирургом.
          Благодаря ее огромной энергии и инициативы путем рационализации расширила объем большой работы в перевязочной, улучшив качество и увеличивая количество в оперативных вмешательствах. В период обслуживания боевой операции с 23.06.1944г. под Оршей, тов. АРУНГАЗЫЕВА как и ранее работала самоотверженно. Производила сложные операции быстро и четко, тем самым спасла жизнь многим десяткам раненых. Под ее руководством коллектив перевязочной повышает знания, так бывшая санитарка Зайнутдинова в небольшой срок овладела знаниями и хорошо работала  медицинской перевязочной сестрой.
         Во время артобстрела со стороны противника 23 и 24 июня 1944г., когда отдельные снаряды падали на территорию госпиталя, тов. АРУНГАЗЫЕВА продолжала работать и воодушевляя личный состав и раненых.
        Достойна Правительственной награды орденом «Отечественной войны» 2-степени. Начальник полевого передвижного госпиталя №4 гвардии майор медицинской службы КУТИКОВ 07.07.1944г.
       За высококвалифицированную хирургическую помощь раненым, проведение большой организационной работы в госпитале и повышение квалификации среднего медицинского состава капитан медицинской службы АРУНГАЗЫЕВА В.Ю. достойна награждения Правительственной награды – орденом «Отечественной войны» 2-степени.
Начальник управления ПЭП-83  полковник мед. Сужбы БУРШЕ 10.07.1944г.
        За самоотверженную работу по оказанию высококвалифицированной хирургической помощи раненым – достойна награждения – орденом «Отечественная война» 2-степени.
Начальник санитарного отдела 11 гвардейской армии гв.полковник мед. службы  ПОТАПОВ 12.07.1944г.
       Достойна Правительственной награды орденом «Отечественная война» 2-степени. 
Зам. Командующего войсками по тылу 11 гв. Армии гв. полковник ИБАТУЛИН 14.07.1944г.
Наградить орденом «Отечественная война» 2-степени. Командующий войсками 11 гв. армии гв. генерал-полковник ГАЛИЦКИЙ.
Член военного совета 11 гв.армий гв. генерал танковых войск КУЛИКОВ 20.07.1944г.
2 мәрте 2-дәрежелі «Отан соғысы орденімен марапатталған (21.08.1944.,06.11.1985.)
Варвара Юрьевна АРЫНГАЗЫЕВА – (1816-1821 ж.) Кіші жүз ханы 
Арынғазының (1783-1833) төртінші ұрпағы.

***

 
2. БЕКТАШЕВА Сахи Шәмілқызы 1909 жылы (Бөкей губерниясы) Батыс Қазақстан облысы Талов ауылында дүниеге келген - 1970ж. Екінші Дүниежүзілік соғыстың қатысушысы.
           Ұлы Отан соғысында медициналық-санитарлық батальонда, далалық госпитальда хирург. Медицина қызметінің капитаны. «Отан соғысы» орденімен марапатталған.
          Әке-шешесі 1919 жылы бөртпе сүзектен қайтыс болып, бес бала ерте жетім қалады. Өзімен бірге туғандардың кейбірін ауылдағылар бала қылып асырап алған, қалғаны балалар үйінде тәрбиеленген. Бала Сахи өзінен үлкен әпкесі мен емшектегі кенже інісімен бір жыл әжесінің, бір жыл туыстарының үйінде болады. Азырақ арабша оқып үйреніп, үй шаруасы арасында орысша бастауыш мектепке барып сауатын ашқан. 
         Сахи Бекташеваның өміріне өзгеріс болып кірген – 1924 жыл¬дың жазы болған.  Ауылдарға орыс оқуға адам таппақ үшін келген адамдар туралы хабар тараған. Сол кездері кейбіреулер балаларының хат танитынын жасырса, кейбіреулер алыстағы ағайындарына жөнелтіп жатқан.
           Ал Бекташеваның туыстары оны оқуға Қазанға аттандырыпты.
Қазанда өткен бес жыл өмірлік есте қалатын жылдар болған. Әуелі дайындық курсын, сосын медицина техникумын бітірген. Бекташева Сахиды мамандығы бойынша жолдамамен Термез қаласына жұмысқа жібереді. 
          1931 жылы Орта Азия медицина институтына түсіп, үшінші курсында Мәскеу қаласына  ауысады. Бірақ онда сабақ басталып қойып, оқуды жалғастыру үшін Қырымға  жібереді.  Дипломын алған Сахи Бекташева Қарағандыға 1936 жылы келеді. Ол қалада жұмыс жолын ординатор-дәрігер болып Майқұдықта бастаған.  Екі жылдан кейін Қарағанды қалалық денсаулық мекемесіне қарасты емдеу профилакториясында инспектор болады, ал 1938 жы¬лы Петропавловскідегі бірінші Қа¬зақстан физиоинститутына қабылданды.     
           Ел басына күн туғанда Бекташева өзі сұранып майданға аттанады. Со¬ғыста  атқыштар полкінде, авиа¬бом¬ба қоймасында және НКВД полкінде әскери қызметте болған. Қан майданның бір күнінде әскери бөлімше Новгород маңындағы орман ішінде тұрған. Бірнеше сағатқа со¬зылған қатты айқаста жауынгерлер қатары кеміген, көбі жаралы. Бір дәрігер, бір медбике, бір санитар үшеуі ауыр жаралы жиырма бір жа¬уынгердің қасында қалған.
Айнала қоршаған жау. Күздің өк¬педен өтер қара суығы. Қап-қа¬раңғы орман түні. Жарасы қинаған жа¬уынгерлер сәт сайын көмекке ша¬қырады. Дәрі беру керек, ине салу керек, тамақтандыру керек ... Қараңғы орманда от жағуға рұқсат жоқ. Ең қиыны – жаралыларды орнынан  қоз¬ғауға болмайды.
Бір түн бір жылдай болған. 
     Үш медицина қызметкері жиырма бір жаралы жігіттің өмірі үшін айқасқан. Таң саз бере артиллерия дауысы естіліп, аздан соң танктер де келіп жеткен. Жаяу әскер, жүк керуені, дәрі-дәрмек әкелінген...
Бұл – Бекташева Сахидың   естелігінен бір ғана эпизод. 
     Қаншама бір түні бір жылға жететін күндер, айлар, жылдар өтті десеңізші.
Жеңіс күнін аға лейтенант Бекташева Қырымда, Симферополь гос-питалында қарсы алған. Қырық бе¬сінші жылдың күзінде өзі дәрігер дипломын алып шыққан қаласынан екінші рет Қа¬рағандыға аттанған.
          Соғыстан кейінгі жылдар тубер¬кулез ауруы өршіген шақта,  Бекташева жедел дайындықтан өтіп,  1947 жылы Ташкентте ординатор-дәрігер, 1948 жылы  Уфада, 1949 жылы Қыр¬ғызстан  тубдиспансерлерінде және 1953 жылы Ташкент қаласының ау¬дандық емханасында жұмыс жа-сайды. Тек, 1961 жылы Қарағандыға ау¬дандық тубдиспансер құрылған кезде фтизиатор дәрігер болып Ленин ауданындағы туберкулезға қарсы диспансерге қайтады.
          Бұл жұмыста 1970 жылдың мамырына дейін күн-түн демей өмірінің соңына дейін абы¬роймен қызмет еткен. Бекташева не¬гізгі дәрігерлік жұмысынан бөлек суретші және мүсінші болған. 
          Оның жұмыстары Қазақстанның хирургия тарихы бойынша республикалық мұ¬ражайда тұрақты сақталуда. Кезінде көркемөнер майталман¬дары айтқан Сахи апай жасап шы¬ғарған сексеннен астам мүсіннің әр¬қайсының әсемдігі, өзіндік сы¬ры ерекше болған. Оның қолынан шыққан мүсіндер республикалық көркем сурет қорына кіріп, кезінде Мәскеу, Ленинград жұрт¬шылығына да танымал болған. Бекташеавның өлеңдері  «Орталық Қазақстан» «Индустриальная Караганда» облыстық газет беттерінде жа¬рық көрген.

Өзімді іздеп ұзақ өмір бойына,
Өмір кештім аралаумен елімді.
Жаяу жүрдім, кейде атқа қондым да,
Түйеге де мініп өттім шөлінде

– деп  жазған ақын Бекта¬ше¬ва, мүсінші Бекташева, суретші Бек¬ташева, дәрігер Бекташева, Ұлы Отан соғысы ардагері Бекташева.     Денсаулық сақтау ісінің озаты дәрігер Сахи Бекташева өнерді өмірінің бір бөлігі еткен.
                                                                                                                                                                                           1970 ж. Сахи Бекташева Шә¬мілқызы дүниеден өтті. 2-дәрежелі «Отан соғысы», «Гер¬мания женген үшін»,  «Денсаулық сақтау үздігі» және басқа да медальдармен, көптеген мақтау қағаздар және төсбелгілермен марапатталған.

Қайрат ҚАРАМАҢДАЕВ, 
Құрлық Әскерлері Әскери институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы бауыржантанушы, 
Б.Момышұлы, С.Нұрмағанбетов атындағы медальдардың иегері
(Жалғасы бар)

Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"