Деструктивті діни ағымдардан тиетін зардаптар

Тарихтан сабақ ала отырып, тереңіне үңілген болжаудың, дағдарысқа душар болған қоғамды алға жетелеудің, өркендеуге апаратын жолдар мен іс-әрекет жүйесін табудың күрделілігі мен өзектілігін көрсеткен Елбасының салиқалы саясаты Қазақстанды гүлденудің жолына салып берді.

Бүгінгі таңда елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісім орнығып, ел тұрғындары тату-тәтті өмір сүруде. Әрбір азаматқа Конституциямен сенім бостандығы беріліп, ар-ождан құқығы қорғалған. Осы құқықтың негізінде азаматтарымыз өз еркімен діни сенімге нанып, қалаған ғибадатын жасауға құқығы бар.

Бірақ сенім бостандығы құқығын желеу етіп, жұрттың сенімін алдайтын діни ағымдар да кездеседі. Біз бұл ағымдарды «деструктивті діни ағымдар» деп атаймыз.

Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.

Кейбір деструктивті діни ағым мүшелері отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін бағаламай, мемлекеттік рәміздерді мойындамай, әскери борышқа салғырт қарайды. Тіпті білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартып, балаларының зайырлы білім алуына қарсылық көрсететіндері де бар. Деструктивтілікті анықтайтын бұл тізімді жалғастыра беруге болады.

Бүгінгі таңда елімізде ақпарат құралдарынан беріліп отырған деструктивті діни ағымдардың қызметі жайлы мәліметтерге көңіл аудару азаматтық міндетіміз болып есептеледі. Деструктивті діни ағымдардың қызметі тек жеке азаматтардың өміріне ғана зардабын тигізіп қоймай, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен ұлтаралық және конфессияаралық келісім саясатына да зардабын тигізуде.

Елімізде адамның әлеуметтік өмірі мен негізгі әлеуметтік институттарға кесірін тигізіп отырған осындай ағымдардың қызметіне тыйым салынған. Сенушілердің санасын улап, оларды өз қатарларында ұстауда психологиялық тәсілдерге жүгінетін жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қою – әлеуметтің саулығы үшін маңызды мәселе. Осы себепті халықты деструктивті діни ағымдардан сақтандыру қамында бұл ағымдардың жұмыс істеу амалдарын, әлеуметтік және отбасылық өмірге келтірер зардаптарын деструктивті діни ағымға баулаудан бастап қысқаша көрсете кетуді жөн санадық.

Қазіргі таңда жұртшылықты өз қатарына тарту үшін деструктивті діни ағымдар тарапынан жаппай гипноз, физикалық күш қолдану секілді әлеуметтің қарсылығын тудыртатын әдіс-тәсілдер қолданылмайды. Өйткені, жастарды құрылған торға түсіруге деструктивтік діни ағымдарға психологиялық баурау мен әлеуметтік топтасу әдістері де жеткілікті.

Деструктивті діни ағымдар өздерінің болашақ ерушілерін аса білгірлекпен таңдап алады. Олар Сізді өзінің ағымына шақырмас бұрын жинақталған тәжірибеге сүйенеді. Сіздің әлеуметтік жағдайыңыз, отбасылық әлеуетіңіз, басыңыздағы мал-мүлік, барлығы да есепке алынады. Осы жинақталған ақпараттардың негізінде деструктивті ағымның мүшесі болуға сәйкестігіңіз қаралады.

Деструктивті діни ағымдарға азаматтарымыздың мүшелікке енуінің себептерін төмендегідей:

– ақпараттық кеңістікте сараланбаған ақпараттың көптігінен туындаған салғырттық;

– ақпараттың көптігінен жүйелі шешім шығаруға қабілетсіздік;

– қордаланған әлеуметтік мәселелердің жиынтығы;

– әлеуметтік өмірдің психо-физиологиялық ауыртпалығы;

– саналы ойлауға жүгінуге қабілетсіздік;

– азаматтардың өз өміріне мағына беруге талпынысынан саналы түрде бас тартуларға баруы.

Осы себептер анықталған соң деструктивті діни ағымға тарту әрекеттері басталады. Бұл әрекеттер белгілі бір әдіс-тәсілдердің қолдануынан көрінеді. Бұл әдістер қарапайым, қолданыста тиімді және адамның үш қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни: адамның әлеуметтік топтасуға қажеттілігі, құрылым ішіндегі беделді болуға талпынысы және қоршаған ортаға деген маңыздылығы. Адамның осы үш қажеттілігінен туындаған тәсілдер деструктивті діни ағымдардың сізді өз қатарына оңай баурауының құралы.

Әлеуметтік топтасуға деген қажеттілік – өзге адамдармен эмоционалды қарым-қатынас құрудан өзгеше дүние. Адам әлеуметтік ортамен берік қарым қатынас пен топқа деген адалдықты қажетсінеді. Деструктивті ағым басшылары осы қажеттілікті жақсы біледі, «махаббатпен, жылылықпен» баурайды. Сізді өзінің «достығын» ұсынған, «тыңдайтын», «түсінетін» адамдар қоршай бастайды. Бұл ағымның мүшелігіне енгеніңіз құпталып, мадақтау сөздерді ести бастайсыз. Осы секілді қолдау әрекеттері ағымға мүшелікке жаңа еңген адамдарға ұнағаны соншалық, кейде олар отбасыларынан, достарынан да бас тартып жатады.

Деструктивті ағымдар тек баурап қана қоймай, қорғаныш сезімін ұялату үшін өзге де тәсілдерді қолдануға көшеді. Олар кірген күннен бастап сізге жанама тиымдарды қолдану арқылы өздерінің сырт ортаның зиянынан қорғайтындықтарын көрсетеді. Олар бұған қоса әлеуметке деген жүйеленген көзқарас ұсынады. Бұған дейін сіз өзіңізді әлеуметтік ортадан іздеп, әлем жайлы сан қырлы болжамдар түзсеңіз, енді сізде «жүйелі» көзқарас қалыптастыратын орта пайда болады. Олар сіздің әрекеттеріңіздің жүйеленуін талап етеді. Топ ішіндегі тәртіпке көнуіңіз үшін олар жасырын түрде діни ғибадатқа қызмет етуге арналған еңбекті талап етеді.

Деструктивті діни ағымдардың бұл әрекеттерінің барлығы сізді отбасыңыздан бас тартуға әкеледі. Отбасының шынайы махаббатын сізден пайда көруді көздеген деструктивті діни ағымның алдамшы махаббатына айырбастауды жөн көресіз. Ішкі сезіміңізбен қандай қиындықта болмасын алғашқы болып көмекке келетін отбасыңыздың мүшелері екенін біле тұра деструктивті діни ағымның ұсынған алдамшы махаббатына алданасыз. Деструктивті діни ағым өкілдері ұсынған осы алдамшы махаббаттан кейін сізді жиған мүлкіңіз, тұрғын үйіңіз секілді игіліктеріңізбен қатар жақындарыңыздан бас тартуыңызға әкеледі.

Деструктивті діни ағым өкілі болған кезіңізде сізге екінші әдіс-тәсіл қолданылады. Олар көбіне қатар жүретін екі тәсіл, яғни мүшенің ағым ішіндегі беделі және ағымға деген маңыздылық. Бұл тәсілдер деструктивті діни ағымдардағы «Біздің барлық жылылығымыз бен достығымыз – ұйым мүшелеріне» деген ұстанымынан көрінеді. Ұйым мүшелеріне әрдайым қолдау сөздері, сіздің дұрыс таңдау жасағаныңыз, дұрыс жолда жүргендігіңіз айтылады. Бұл мадақтауларға елтіген сіз өзіңіздің маңыздылығыңызды сезініп, осы ағымның сан салалы қызметіне араласа бастайсыз. Жылылық танытып, махаббатын сыйлаған ағымның сізді пайда көру құралы ретінде ғана көріп жүргеніне еш көңіл аудармайсыз.

Деструктивті діни ағымның әлеуметтік өмірге келтірер зардабы жоғарыдағы мәселелермен шектелмейді. Деструктивті діни ағымдарда «біз және олар» деген қатаң бөлісу бар. Олардың пікірі бойынша өз ағымына жатпайтын азаматтардың барлығы «адасқандар», тура жолдан тайғандар немесе «шайтан қызметкерлері» болып табылады. Көбіне деструктивті діни ағым мүшелері үшін «біз» нақты адамдарды бейнелесе, «олар» адам санатына енбей қалғандар іспеттес. Осы себепті деструктивті ағым мүшелігінен тысқары қалған сіздің отбасыңыздың мүшелері де оларға адам емес, «адасқан» сипатын алады. Деструктивті діни ағымда пікірдің жан-жақтылығы мойындалмайды. Олар үшін «ақиқат» жалғыз, ол өз ағымының ұстанатын ілімі. Осы секілді ұстанымдар арқылы сіздің отбасылық қарым-қатынасыңыз, отбасыңызда өткен жылдардың барлығын қаламның бір сызуымен өшіріп тастауға тырысады.

Осы себепті деструктивті діни ағымдарда «екіжақты» ұстаным кездеседі. Махаббат, жылылық, шынайылық тек «біз» санатындағы адамдарға қолданылады. Осы себепті, сіз деструктивті діни ағым мүшелігіне ене отыра отбасыңызға, достарыңызға, әлеуметтік ортаға көңіл бөлуден қаласыз. Бұл сіздің тек отбасыңызға, достарыңызға, әлеуметтік ортаға деген көзқарастарыңызды ғана өзгертіп қоймай, сүйікті қызметіңізден, күнделікті өмір салтыңыздан бас тартуыңызға әкеледі. Деструктивті діни ағымдарды зерттеген ғалымдар бұл «сананы қадағалау» әдістерінен туындаған деп санайды.

Сіз өзіңіздің деструктивті ағым мүшелігінде жүргеніңізді білмеуіңіз де мүмкін. Өйткені бұл ағымдарда мүшелерінің әлеуметтік ортадан ақпарат алуы, өзге адамдармен ақпарат алмасуы, ой бөлісуі секілді адами іс-әрекеттер тыйым салынған. Көбіне бұл ағымдар ерушілердің ағымнан «сырт» әлеммен қарым-қатынасына тыйым салудың тәсілдерін меңгерген. Ағым мүшелеріне сырт ортамен қарым-қатынастың жағымсыз екендігі ұқтырылады. Бұл кейін ағым мүшелерінде фобия секілді психикалық зардаптарын да тигізіп жатады. Тіпті деструктивті діни ағымдарда ақпарат материалдары да «ішкі» қолданысқа және «сыртқы» қолданысқа арналған әдебиеттері болып бөлінеді. Ішкі қолданысқа арналған әдебиетте жаңа мүшені тарту барысында қолданылмайды. Бұл ағым жайлы ақпаратты жасырып қалу үшін қолданылады.

Деструктивті діни ағымдардың әлеуметтік және отбасылық өмірге келтірер зардаптарын жеке тұлғаның мысалында қарастыруға тырыстық. Өз отбасыңыз бен жақындарыңыздың саулығы мен амандығын тілесеңіз деструктивті діни ағымның мүшесі болғаннан көрі мәселені шешудің басқа да жолдарын қарастыруыңыз жөн болмақ.

– Абай болыңыз! Деструктивті ағым мүшелері сізге «Бірте-бірте» тәсілін қолданады. Сіз олардың кішігірім көндірулері барынша үлкен мәселелерге ұласатынын білмеуіңіз мүмкін. Сол себепті, ойыңызға күдік ұялататын бір мәселеге көңіл аударсаңыз бірден полицияға хабар беріңіз!

 

Полковник  Қ.Кемелбаев,

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті идеологиялық жұмыстар басқармасы арнайы насихат бөлімінің аға офицері


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"