Бауыржан Момышұлы жоғары марапатқа ұсынылған

Сіз Бауыржан Момышұлының аттестациялау парағында жазылған награда туралы білесіз бе?

1942 жылдың 10 сәуірінде толтырылған аттестациялау парағында жазылған деректерге сүйенер болсақ, аты аңызға айналған батырды алғаш рет наградаға ұсынған екен. Онда былай делінген: «Капитан Момышұлы Бауыржан – қабілетті, қайратты, қайсар, өзіне және бағынысындағыларға талап қоя білетін командир. Неміс басқыншыларына қарсы ұрыстарда жеке басының батырлығын және жанқияр қаһармандығын көрсетті. Шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін дивизия басшылығы жолдас Момышұлын жоғарғы үкіметтік наградаға – Ленин орденіне ұсынды. Жоғарғы ұйымдастырушылық қабілеттін меңгерген және полк бөлімшелерінің ұрыс қимылдарын ептілікпен басқарады. Полк командирінің орынбасары лауазымына сай және кезекті «майор» әскери атағын беруге лайықты» делінген. Өкінішке орай аталған награда  Халық Қаһарманы, көрнекті қолбасшы, батыр Б. Момышұлының қолына тиген жоқ.

Ресми түрде ұсынылған награда жазба күйінде қалып қойды. Іс жүзінде орындалған жоқ. Себебі белгісіз.

Ал Бауыржанға Калинин майданы басшылығының 1942 жылғы 6 маусымдағы № 0196 бұйрығы бойынша берілген ең алғашқы награда – «Қызыл Жұлдыз» ордені болатын.


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"