ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Бізде сарбаз болғанбыз

 

Марат МӘЗІМБАЕВ, бокстан әлем чемпионы:

 

«Өзіме көптеген дос таптым»

– Әрбір ер-азаматтың туған елі, Отаны алдында бас тартуға болмайтын абыройлы міндеті бар.  Ол – Отан қорғау.  Мен туған  елім, жерімнің алдындағы парызымды 1995 жылы  Алматы қаласында өтедім.  Барлық сарбаздың басынан өтетін жағдай менің де басымнан өтті. Әскердің арқасында қаншама жолдастар таптым. Қазір сол күндердің естеліктерін тек суреттерден көремін. Біздің басты байлығымыз ол - Отанымыз. Тәуелсіз Қазақстанның көк туы әрқашан көгімізде желбіреп, соғыс болмасын. Ел күзетшілерінің отбасына бақыт, береке тілеймін!

 

Лұқпан ЖОЛДАСОВ:

«Сібірдің аязы адамды аямайды»

–       Әскери борышымды 1984-86 жылдары Сібірде өтедім. Шынымды айтсам, май тоңғысыз Маңғыстаудан барған мен үшін Сібірдің қырық градус аязына шыдау өте қиын болды. Бара салысымен құлағым мен мұрнымды оңдырмай үсіртіп алдым.

Сібірдің ауасы дымқыл болады ғой, мен сияқты ыстық жақтан барғандарға жақпайды.

Кейін музыкант жігіттердің басын қосып, кішігірім оркестр құрдық. Аға сержант дәрежесіне дейін көтерілдім. Әне-міне елге қайтамын деп күн санап жүргенімде «самоволкаға» шығып шенімнен айырылып қалғаным бар.

 

Қыдырәлі БОЛМАНОВ, әнші:

Әскер - шыдамдылыққа үйретеді

– Әскерге бару - өте маңызды дүние. Әсіресе, ер азамат үшін өтеуге тиісті борыш. Бұл ата-анаңнан бөлек, дербес өмір сүруге, таңертең 6-да тұрып 45 секундта киінуге, тәртіпке, рухтың шыңдалуына, шыдамдылыққа, сабырға, төзімге үйретеді. Әскерге барған адам мен бармаған адамның істеген жұмыстарынан, айтылған тапсырмаларды орындауынан-ақ айырмашылық көрініп тұрады. Болашақта адамдармен араласуға, өзі еркімен алға ұмтылуға беретін күш, қажыр-қайраты шексіз. Әскерде жүріп, 18 жасыңда қарауылда автомат ұстап тұрып, үлкен жауапкершілікті сезінесің. Отансүйгіштігің артады. Мен әскерде арнайы батальонда болдым. 2 жылда көп нәрсе үйреніп келдім. Осы күні әскерге барғаныма өте қуанамын.

 

Жанболат ЕРБАТЫР, әнші:

 

Отан деген ұғымды жүрекпен сезесің

–1992-1994 жылдары Қызылорда қаласынан қырық жігіт боп Ресейдің Калуга деген қаласына аттандық. Қазақтың қара домалақ ұлдары орыс тіліне шорқақ. Жарғы да, әскердегі бұйрықтар да орысша. Елден барған қырық жігіттің арасында орысшаны білетіндері бірен-саран. Соның бірі мен. Өзге ұлттың сарбаздары сайрап тұрғанда, өз ұлтыңның ұлы мүдіріп жатқаны кімге керек. Орыс тілін меңгергендер боп ұйымдасып, қолдан келгенше басқаларға үйреттік. Тілді білмейтін әлгі жігіттер араға үш ай салып өзбек, татар, дүнген ұлтының азаматтарына үйрететін болды. Тіл мәселесін осылай шештік. 

Әскерде болған әрбір азамат Отан деген ұғымды жүрекпен сезінеді екен. Бұған менің көзім жетті.

 

Аллаберген ЖАҚСЫБАЕВ, әнші:

«Әскерде де ән айтып жүрдім»

–       Алматыда Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда оқып жүрген кезім еді. Атақты ұстаздардан білім алу, өнер жолына түсу менің арманым болатын. Анамның қарсылығына қарамастан арман қуып, ару қалада оқып жүргенімде аяқ астынан әскер қатарына шақырту алдым. Шақыртудан кейін біраз ойландым. Бір жағынан оқуымды тастағым келмеді, екінші жағынан Отан алдындағы парызымды өтей алмасам, несіне жігіт болып жүрмін деп әскерге аттандым. Ол кезде көбінесе шет елдерге жіберетін. Маған Ресейге бару бұйырып, Мәскеуде болдым.

Әке-шеше, ағайын-туысты сағынсақ та әскердің заңына бағындық. Борышымды өтеп жүргенде менің талантымды байқаған басшылар Мәскеу әскери округінің ән-би ансамблінің құрамында өнер көрсетуге рұқсат берді. Оқуымнан қол үзіп қалғаныма қамығып жүргенімде мына жаңалыққа қуанып кеттім. Ансамбль құрамында гастрольдерге шығып, мәскеулік өнер иелерімен араласып, көптеген достар тауып, тәжірибе жинақтап қайттым. Осылай әндетіп жүргенде мерзімім аяқталып, елге  оралдым.  


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?

Что ждет военнослужащих после внесения изменений в законодательство о воинской службе?