Армиядағы айымдар

Ежелден қазақ даласында көзсіз батырлығымен ел жадында қалған арулар аз емес. Майдан даласына кеткен ерлердің орнына ауылдың сақшысы да, күзетшісі мен тыныштығының алдаспаны болған нәзік жандылар жұрт жадындағы тарихта молынан бар. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігімен айдай әлемді мойындатып, есімдері тарих беттеріне алтын әріппен жазылған Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспановалардың бүгінде ізін басқан қаракөз арулар бар ма? Міне, бүгінгі әңгімемізді осы тақырыпқа ойыстырсақ...

Ерлермен иық теңестіріп жүр

Жалпы, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде 8 мың әйел қызмет атқарады. Бұл жалпы құрамның 12 пайызын құрайды. Ал, мысалға алатын болсақ, дамыған Ұлы Британия еліндегі Қарулы Күштердегі әйелдердің санының үлес салмағы тек қана 8 пайызды құрайды екен. Әрине, олардың әскерінің көптігін ескерсек, британдық әскери арулардың да саны анағұрлым көп, 300 мыңды құрайды. Бірақ, таяуда өткізілген сынақтардан олардың басым бөлігі өте алмай қалып, қызметтік талаптарға сай келеді деген бағаға қызмет атқарып жүрген әскери әйелдердің 2-3 пайызы бар болып шықты. Бұл тұрғыдан алғанда, біздегі әйелдердің сапалық құрамы мықты көрінеді. Олардың ішінде, әрине, әзірге генерал шеніндегі арулар бомағанымен, 2 полковник, 9 подполковник, 57 майор, 73 каптиан, 121 аға лейтенант және 50-ге жуық лейтенанттар бар.

Әйел сарбаздар Қарулы Күштердің барлық түрлерінде де бар екен. Рекатті, аэромобильді, артиллерия, әуе қорғанысы, аймақтық басқару орталықтарында да арулар негізгі және жауапты бөлімдерде қызмет атқарады. Барлық әйел сарбаздардың жоғары білімі бар, олардың 30 пайызы бөлімшелердің әскери дайындығына жауап беретін лауазымдарға ие.

Қазақстан әскеріндегі әйелдердің орта жасы- 35 жас. Бұлар да түнде атыс даласына шығып, ұрыс аймағында ерлермен тең дәрежеде қызмет атқарады. Олардың арасында қолма-қол жекпе-жекке шығатындар, пышақ лақтырып, парашютпен секіретіндер де аз емес. Мысалы, 12 секундта қаруды шашып, 23 секундта қайтадан жинау керектігі жөніндегі межеден Қазақстан әскеріндегі қыз- келіншектердің баршасы дерлік өтіп шығады екен. Ерлермен тең дәрежеде қызмет атқаратындығының тағы бір дәлелі, десантшылар айына он күнге жуық уақыт үйінде болмай, атыс даласында жаттығу өткізетін кездер болады. Міне, осы мақсатты да десантшы әйелдер толығымен атқарып шығатын көрінеді.  Былтыр ел әскерінің мерекесіне орай, Астанада болған шеруге 200 әскери қыз- келіншек сап түзеп шықты. Бұл да өзіндік меже, өзіндік жетістік.

Әскердегі ерлерден бір айырмашылық - қатаң шара ретінде әскерилерге қолданылатын қамау жазасы әйелдерге қолданылмайды. Ауызша сөгіспен шектеледі.

Әскери әйелдердің төрт түрі

Психолог мамандар әскердегі әйелдерді төрт түрге бөледі. Біріншісі- инновациялық түрдегі шығармашыл жандар.

 Екіншісі - американдық «Джейин сарбаз» киносындағыдай кәсіби тұрғыда әскери адам болуды армандайтындар. Бұлар отбасылық құндылықтардың орнына лауазымды әскери болуды армандайды.

Үшіншісі - әскерге амалы жоқтықтан, көптеген жеңілдіктерге бола, басқа жұмыс көзі болмағасын келгендер.

Төртіншісі - әскерге өз еріктерімен келіп, бірақ, отбасылық құндылықтарды да естен шығармайтындар. Бұндайлар әскери қызметті де сапалы атқарады, отбасының да мықты ұйытқысы бола біледі. Әдетте бұндай жандардың 70 пайызында отбасында әскери адамдар бар.

Әйел - ана, адал жар, отбасының ұйытқысы, адамзат ұрпағының жалғастырушысы! Ал, қазақ қыздары қашанда Отан қорғау жолында ешкімнен де, ештеңеден де қалыс болған емес. Үстіндегі көйлегін солдаттың керзі етігі мен шинеліне алмастырған нәзік жандылар бар ынтасымен өзінің табиғатына тән емес ауыр да, жауапты қызметті абыроймен атқаруда.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"