Ақпаратты қорғау бойынша кадрларды даярлау

Өркениет дамуының қазіргі заманғы кезеңі жаһандық ақпараттық қоғам ретінде, яғни, тіпті кез келген қызмет ақпараттық қызмет пен технологияларды пайдалануға сүйенетін қоғам ретінде айқындалатыны туралы сөз баспасөзде жарияланды. Қандай да болмасын қызмет негізгіні орындау үшін өте қажет қосалқы (қамтамасыз ететін) қызмет түрлерін жүзеге асырмай мүмкін болмайды. Мұндай қызмет түрлерінің бірі ақпаратты қорғау болып табылады.

Анағұрлым өткір мәселелердің бірі ретінде, жалпы ақпараттық-коммуникациялық саладағы сияқты атап айтақанда, ақпарат қауіпсіздігі саласында да білікті кадрлардың жетіспеуі. Бұл ретте, нақты мысалмен келтірілді, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығындағы көшбастаушы аналитикалық компаниялардың бірі IDC команиясының деректеріне сәйкес 2016 жылы ИТ-мамандардың Қазақстандағы саны 100 мың тұрғынға шаққанда 776  адамды құрады.

Бұл ретте, террорлық іс-қимылды жүзеге асырудың әдісі ретінде мемлекеттің ақпараттық жүйесіне компьютерлік шабуылдарды пайдалану қаупі артуда.

Бүгінгі күннің болмысына сүйене отырып, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы оқыту процестері мен тәсілдерді жетілдіру, мемлекеттік органдар мен ұйымдар мамандарының біліктілігін арттыру қажет.

Осы саладағы іс-шараларды іске асыру және оларды жүргізу сапасы мемлекеттік орган мен ұйымның бейіндік мамандарының даярлығы деңгейіне тікелей байланысты екенін ескерсек, білікті мамандарды даярлау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау шеңберінде 2012 жылғы мамырда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында «Ақпаратты қорғау» кафедрасы құрылды. Осы жылы курсанттардың алғашқы қабылдауы жүзеге асырылды.

Осы мамандық бойынша оқитын курсанттар әртүрлі, соның ішінде әлеуетті ведомстволар деп аталатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын бөлімшелеріндегі бастапқы лауазымдарды жасақтауға арналған.

Кафедрада мамандықты меңгеруге қажетті пәндер оқытылады: криптология  негіздері; ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік негіздері; деректер базасы; бағдарламаландыру технологиясы. Оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге офицерлер құрамының «лейтенант» алғашқы атағы берілетіндігі көзделген. 

Осындай оқу бөлімшесін құрудың негізі мақсаты – мемлекеттік органдарда ақпаратты қорғау жүйесін жасаудағы әдісті жүйелендіріп, бірыңғайлау, ақпараттың таралуына қарсы ұйымдастырушылық-техникалық әдістердің ең озық әлемдік тәжірибелерін пайдалану.

Ақпараттық ортада деректерді қорғау туралы білімді жіті меңгерудің мәселесі әлдеқашан пайда болған. Жауынгерлердің шешім қабылдау процестерін атоматтандыру құралдарымен жасақталу дәрежесінің артуы мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бөлімшелерінің мамандары меңгеруі қажет білім мен құзыреттің жаңа қырларын айғақтайды. 

Мамандарды даярлауда курсанттар негізгі және бейінді пәндерді оқу процесі кезінде Қарулы Күштерде ғана емес, сонымен қатар, өзге да қызмет саласында пайдаланылатын өзекті технологияларды оқиды. Осы жұмыс шеңберінде «D-Link» компаниясы өкілдері мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты арасында 3 жылға Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұдан әрі Қазақстан Республикасында ұсынылған ақпаратты қорғауды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының озық өндірушілерімен ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда. IT-технологиялар саласындағы кафедраны бітірушілердің білімі деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс негізгісі болып табылмайтыны атап өту қажет. Кафедра бітірушілері тең дәрежеде ақпаратты қорғау саласының өзге де бағыттарының білімі мен дағдыларын жетік меңгерген болады.

Полковник  А.Мещанов,

ҚР ҚК Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат

қауіпсіздігі бас басқармасы бастығының орынбасары


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи