Әуе қозғалысын басқару орталықтары – әрдайым жауынгерлік әзірлікте

Біз, рухы биік, енбегі ерен, бірлігі мығым Мәнгілік Ел болу үшін Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев белгілеген қазақстандық жолымызды бастадық. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырың нығайтқан тарихи уақытта қорғанысымызды берік ұстайтын жаңа қуатты да айбынды әскерімізді құруда өзіміздің алға қойған жоспарымызды іске асырудамыз.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына да 27 жыл толып қалыпты. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Егер де біз Әуе қозғалысын орталықтары туралы айтар болсақ, ол басқару органы – өз құзыреті шегінде және өзі үшін белгіленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысын басқаруды асыратын мемлекеттік авиацияның әуе қозғалысын басқару орталығы ретінде біраз жетістіктерге жетуде.

Әуе қозғалысын басқарудың мақсаты экипаждың өз уақытында ұшу тапсырмаларын орындауда және ұшулардың қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, жердегі және әуедегі ұшақтардың қозғалысын үздіксіз, сенімді және жедел реттеу болып табылады. Әуе қозғалысы басқаруының қауіпсіздігі – ұшулардың жоспарлау және үйлестіру кезінде әуе кеңістігіндегі қауіпсіз орындалуға, тікелей әуе қозғалысын басқаруға (ұшуларды) бағытталған кешенді шаралармен қамтамасыз етіледі.

36739 әскери бөлімінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің әуе қозғалысын басқару бас орталығында және аймақтық, аудандық орталықтарында бүгінгі күнде моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастырып, әскери қызметтің беделін арттырып, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтып қызмет атқарып келудеміз.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 27 жылдығы және Жеңіс күні мерекесімен шын жүрекпен құттықтаймын. Аға ұрпақпен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Елеміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілеймін.

Полковник Амангелді ҒҰСМАНОВ

36739 әскери бөлімінің командирі

 


Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"