Әскери тәрбие саласының тұңғыш маманы

Әскери тәрбие саласының тұңғыш маманы

Батырдың шекпенінің астынан шығып, төл армиямыздың темірдей тәртібіне жауап беруді мойнына алған тұңғыш тәрбие саласының бастығы запастағы полковник Мэлс Жұманұлы Шәмпиев мырза болатын.

Бүгінде жетпісті алқымдаған Мэлс Жұманұлы Ақтөбе облысының Ленин ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін тамамдаған соң так взводының командирі лауазымынан бастап барлық командалық лауазымдарды атқарып, Қарулы күштердің саяси мәселелеріне араласып қана қоймай, саяси партия ұйымдарына да жетекшілік етті.

Қазақстан Республикасы егемендігін алып, төл Қарулы Күштеріміз құрылған соң Қорғаныс министрлігінің тәрбие департаментіне басшылық жасады. Қазіргі жаңа, қуатты армиямыздың тәрбие саласының офицерлері Мэлс Жұманұлын өздерінің ұстазы, әскери тәрбие саласының тұңғыш маманы деп біледі.

Өз өмірін әскерден бөлек елестете алмайтын Мэлс ағамыз қызметтен алыстамай, Қарулы Күштердің ардагерлер одағына жетекшілік жасап келеді. Ардақты ерлер ардагерлерді ардақтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өздерінің басты парызы деп білетін, Қарулы Күштердің ардагерлер ұйымымен тығыз қарым-қатынас орнатқан айбынды десантшылар жуырда 70 жасқа толған Мэлс Жұманұлы Шәмпиев мырзаны торқалы мерейтойымен құттықтайды.

Жайма шуақ көктеммен ере келген,

Әз Наурыз берекесін бере келген

Жетпістің арғымағын тізгіндеген,

Құттықтаймыз Мэлс аға, мерекеңмен!

Лейтенант

Ербол Игісінов


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Условия конкурсов "АрМИ-2017", которые пройдут на территории Казахстана

Условия конкурсов "АрМИ-2017", которые пройдут на территории Казахстана