Әскери қызметшілер арасында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу жолдары

Қазақстан Республикасында 2016 жылдың сегіз айына ЖРВИ-мен – 510 573 адам және тұмаумен 1507 адам ауырған,  өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЖРВИ-мен 481 151 ауыру жағдайы, тұмаудың 1090 жағдайы тіркелген.

2016-2017 жылдың эпидемиялық маусымында А және В тұмау вирусының айналымы болжануда. Соңғы 20 жыл ішінде ЖРВИ мен тұмаудың көтерілуі қаңтар, ақпан айларына келеді.

Жедел респираторлы вирустық инфекция (ЖРВИ) - ең кең тараған барлық жұқпалы аурулардың 90% құрайтын ауру. Тұмау және респираторлы вирусты инфекциялар мемлекет экономикасына және тұрғындар денсаулығына үлкен әсер ететін басты мәселелердің бірі болып отыр. ЖРВИның таралуы қыста жиірек бұл кезде вирустар белсендірек болады, ал жаз мезгілінде - сирегірек. Бұл аурумен адамдардың бәрі ауырады, тек біреулер жиі, біреулер сирек ауырады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жылына милиардқа жуық адам тұмаумен ауырып, оның ішінде үш миллионға жуығы қайтыс болады екен.

ЖРВИ-ді қоздыратын вирустар тыныс жолдарының; мұрын және көмекей, жұтқыншақ және бронхтардың, тіпті өкпенің жасушаларын зақымдайды. Вирустардың көптеген түрлері бар, олардың ішінде барлығымызға белгілісі – тұмаудың вирусы, бұл вирустардың бірнеше түрі болады.

Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың вирусын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсеріне төзімсіз. Қоршаған ортада вирустар тез жойылады, бірақ адамнан адамға ауа- тамшылары арқылы жұғады.
ЖРВИ-ның міндетті түрде болатын белгісі - суық тию. Ол кезде адамның дене қызуы 38,5 С дейін көтерілуі мүмкін, әлсіздік пайда болады. Сонымен қатар, шырышты қабықтардың ісінуі байқалады - катаралды көрініс: мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, көздің шаншуы, жас ағу, жөтел, кейде ұстама тәрізді құрғақ жөтел, қақырық түсуі мүмкін. Айта кету керек, ЖРВИ-ның тұмаудан айырмашылығы, тұмау жедел басталады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғарғы тыныс жолдарының беткей жасушаларына еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті болмайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды. Тұмау өте жұқпалы ауру. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, жүйке жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады.

Тұмаудың және басқа ЖРВИ-ның алдын алу шаралары:
- өзін-өзі емдеумен айналыспау, ауру белгілері пайда болса, дереу дәрігерлермен кеңесу, бұл жағдайда басқа адамдармен байланыстан аулақ болу;
- науқас адаммен қатынаста болған жағдайда бет перде қолдану қажет;
- таза ауада жиі серуендеу, саябақтарда жүру, тыныс – алуды реттеп, өкпенің желдетілуін жоғарылатады, қан айналым жүйесін жақсартады;
- жеке бас гигиенасын сақтау, жиі қолды сабынмен және спирт негізіндегі заттармен жуу;
- жүйелі түрде үйді және жұмыс орнын желдетіп тұру керек;
- С дәрумені бар өнімдерді тамаққа қолдану (жидектер, таңқурай, бүлдірген, мүк жидегі) қажет.
- адамдар көп жүретін жерден қашық болу;
- дене шынықтырумен, ағзаны шынықтырумен айналысу қажет.
Осы шаралардан басқа адам организімін арнайы тұмау вирусынан қорғайтын дәрілік заттар мен вакциналар бар. Вакцина тұмау вирусына қарсы қысқа мерзімді иммунитет түзетін биологиялық препарат, тұмаудың алдын алудағы ең тиімді зат болып табылады. Осы уақытта жылына эпидемияның алдын алуға үш жүз миллион доза үш валентті вакцина шығарылады, мұндай вакцина тұмаудың басқа екі түріненде қорғайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұмау бойынша Ұлттық орталықтарының күшімен жыл сайын эпидемиялық маусымға вакцинациялауға вирустың үш түрі таңдалып алынады және вакцинаның құрамы түзетіліп отырады. Бұл орталықтар 1952 жылы құрылған, қазіргі таңда дүниежүзінің 90 елінде 120 ұлттық орталықтар жұмыс істейді. Тұмау вирусының түрлерінің өзгергіштігі өте жоғары болғандықтан, вакцина бір жыл көлемінде ғана тиімді әрекет етеді.

Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген вакциналар атауы: «Ваксигрип», «Флюарикс», «Гриппол», «Инфлювак».
2015-2016 жылғы эпидемиялық маусымда республика бойынша тұмауға қарсы 1 721 591 адам егілді, бұл халықтың 9,9 % құрайды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде алдын алу мақсатында былтыр эпидемия алды кезеңінде 10549 адам егілді бұл 14,6%, негізгі бөлігін мерзімдік қызмет әскери қызметкерлері, әскери-оқу мекемелерінің курсанттары құрады.
2016-2017 жылғы эпидемия алды кезеңіндеде (қазан, қараша айлары) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жеке құрамына тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізіледі.

Өзіңізді және жанұяңызды тұмаудан және оның асқынуларынан қорғағыңыз келсе, барлық алдын алу шараларын қолданыңыз.
Есіңізде болсын ! Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіз.

А.Т. Айдабай, ҚР ҚК  Санитарлық – эпидемиологиялық орталығының аға дәрігер маманы, медицина қызметінің аға лейтенанты 



Көшірмеге қайта келу
Тақырып бойынша материалдар:

8 Марта

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"